Урок по математике на тему ?арама-?арсы сандар. Б?тін сандар. Рационал сандар


САБАҚ ЖОСПАРЫ
Күні: Пәні: Математика
Сыныбы: 6 «г»
Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар
Жалпы мақсаты 1.Қарама- қарсы, бүтін, рационал сандар мен таңбалар ережесін білу
2. Қарама- қарсы, бүтін, рационал сандардың ұқсастығы мен айырмашылығын түсіну.
3. Өзгенің пікірімен санасуды үйрену
Күтілетін нәтиже 1.Қарама- қарсы, бүтін, рационал сандар және таңбалар ережесі туралы білетін болады.
2. Қарама- қарсы, бүтін, рационал сандардың ұқсастығы мен айырмашылығын түсінеді
3. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді
Негізгі идеялар Оң санға қарама-қарсы сан теріс сан болады
Мысалы: а=15.7 болса, онда оған қарама-қарсы сан -а=-15.7
Таңбалар ережесі: +(+)=+; -(+)=-; +(-)=-; -(-)=+
Тапсырмалар Миға шабуыл «сұрақ-жауап»
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Жеке жұмыс «Адымда алға, қатардан қалма»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру (бір- бірімен дәптер алмастыру арқылы )
ІІ. Миға шабуыл:
Біз өткен сабақта қандай сандармен таныстық?
Өмірде қандай шамалар оң және теріс шамалармен сипатталады ?
Ол сандардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
Оқушыларды топқа бөлу: резеңке түстері арқылы
ІІІ.Блоб ағашы (оқушы сабақ басындағы көңіл-күйін, іс-әрекетін білдіреді)
ІҮ. Топтық жұмыс
І топ-қарама-қарсы сандардың координатада белгіленуі;
ІІ топ- қарама-қарсы сандардың қасиеттері
ІІІ топ- бүтін сандар мен рационал сандар жиыны
ІҮ топ -таңбалар ережесі
Топ бақылаушысы бағалау критерийлерін белгілейді және жұмыс барысында бағалап, түсіндірмесін жазады. (әр топқа 1 минуттан)
Бағалау парағы
Критерийлер
І ІІ ІІІ
Топтың ынтымақтастығы Тақырыптың ашылуы Тапсырманың орындалу ерекшеліктері Ү. Жұптық жұмыс
1) №329 есеп (кестені толтыру)
а 12 ̶ 318 - -3 3 -19-а 0,9 -4 0 6 2)№333 есеп (берілген сандардан натурал сандарды бір жолға, бүтін сандарды бір жолға теріп жазу)
-30; 5; -13 ; 9; -1; 13; -0,2; 0; 59-6,8; 0,5; 120; 0; 3/5; -1/9; 8,8; -4,7
а) оң сандарды; ә) теріс сандарды; б) оңға да теріске де жатпайтын сандарды теріп жазыңыз.
3)№334 есеп (таңбалар ережесін пайдаланып, өрнекті жақшасыз жазу):
–(-3) = ; 3) -(-518) = ; 5) –(-77) = ;–(+81) = ; 4) +(-512) = ; 6) -(+2,9) = .
Жұптар бірін-бірі бағалайды
ҮІ. Жеке жұмыс «Адымда алға, қатардан қалма» (деңгейлік тапсырмалар)
Оқулықпен жұмыс
1)№328 есеп. Берілген сандарға қарама-қарсы сандарды жазыңыз:
9; -7; 0; -3,8; 79; 10; 8,3; 18
2)№342 есеп. Таңбалар ережесін пайдаланып, жақшаны ашып жазыңыз:
х=+(-1,9) ; 3) х= +(+38 ) ; 5) х= –(+23) ;
х= –(+0,75) ; 4) х= -(-2) ; 6) х= +(-1)
.
№343есеп. Жұлдызшаның орнына теңдік тура болатындай таңбаны қойыңыз:
–(*5) =-5 ; 3) -(*58) = 58 ; 5) –(*0,3) = 0,3 ;
*(-3,9) =3,9 ; 4) *(+0,2) =-0,2 ; 6) *(-0,5) = -0,5 .
Өзін-өзі бағалау (қай деңгейді толық, дұрыс орындауына қарай смайликтер арқылы)
ҮІІ. Рефлексия. Блоб ағашындағы бейнелерді бояу арқылы қаншалықты меңгергенін білдіреді.
ҮІІ. Кейінгі тапсырма. №332, №347, «Рационал» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру
Өзіндік рефлексия: