Баяндама Та?ырыбы: Ата-ананы? мектептегі алатын орны


уЖетекші орта білім беру мектебі
Ата-ананың мектептегі алатын орны.
Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі Орынгазиева Г.О.
2016 – 2017 жж.
Ата-ананың мектептегі алатын орны
Мен Жетекші мектебінің 2 сынып мұғалімімін. Менің сыныбымда 13 бала бар. Менің бүгінгі баяндамамның тақырыбы: «Ата-ананың мектептегі алатын орны» деп аталады.
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.
Мен баяндамамның алғы сөзін
* Елбасымыздың сөзінен бастағым келеді :«Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, барша елдің, халықтың міндеті» делінген. *Ата-ана мен мұғалім арасындағы ортақ мәселе – ол бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы, туған ұясы, өз үйіндегі ата-ана тәрбиесі, өнегесі.
*Балаға қолдау көрсету керек: мектеп, отбасы, достары.
Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.
Сынып жетекшілерінің  ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады.
Ата-анамен жүргізілетін жұмыс түрлері: Ата-аналар комитеті, ата-аналар жиналысы, ата-анамен телефон арқылы сөйлесу,
Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез - келген жұмыстарға мектепішілік іс - шараларға, сынып жетекшілерін ең бірінші қолдап, демеу көрсететін - сынып оқушыларының ата - аналары.
Осыған байланысты сынып жетекшісі ең бірінші сынып ата - аналар басшысымен және сынып ата - аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата - аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымызда жеңілдіктер байқалар еді.
Осыған орай айта кеткім келеді, біздің мектебімізде бастауыш сыныптарда ата-аналардың қатысуымен көптеген іс-шаралар өткізілді. Мысалы 8 наурызда «Анамнан үйренерім көп» атты ана мен қыздар арасында сайыс өткізілді, Наурыз мерекесінде ата-аналар белсене қатысып балаларға қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды (наурыз көже, бауырсақ т.б), Әкелермен «Әке алтын діңгек» атты кеш өткізілді.
Осы іс шаралардың арқасында сыныбымызда ата-анамен байланыс оң нәтижесін көрсетті.
Бала тәрбиесі бүгінгі таңда барша ата-аналар мен мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Қорыта келе, ата-ана мен мектептің бірлескен ортақ мақсаты-жас ұрпақтың бойында адамгершіліктің алау сезімін маздатып, жан-жақты дамыған, мейірбан, қамқор, белсенді, ата даңқын жалғайтын, қыран құстай самғайтын рухы асқақ азамат тәрбиелеу.
Қазіргі таңда оқыту мен тәрбие жүйелерінде жаңаша бетбұрыс, әдіс-тәсілдер жинақтала бастады. Себебі ХХІ ғасыр білімді, тәрбиелі халықтың ғасыры болады дей келе, ата-ана-бала- мұғалім арасындағы қарым-қатынасты зерттеу барысында төмендегі ұсыныстарды ұсынамын:
сынып жиналысын сайыс, тренинг, пікір талас ретінде жоспарлап өткізу;
ата-аналарға арналған ашық есік күнін ұйымдастыру
ата-аналарды мектепшілік іс-шараларға балалармен бірге қатыстыру
Осы баяндаманы аяқтай отыра, Ғабиден Мұстафин «Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды, ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат" делінген. Менің ойымша, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана, елдің болашағы зор болмақ. Ата-аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса ғана жемісті болады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік. Бала, ата – ана және мектеп осы үш бірлік бірлесе жұмыс атқарғанда ғана табысты нәтежеге қол жеткізе аламыз.