Ізгілік бесігін тербеткен аяулы жан! ?айырымдылы? концерті



Бекітемін:
Директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары: Б.Баяхметова
Күні: 10.02.2017 ж Сағат 16.00
Тақырыбы:«Ізілік бесігін тербеткен аяулы жан!» қайырымдылық концерті
Мақсаты: Оқушыларды жақсылық жасауға тәрбиелей отырып «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсінік беріп, жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу; жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту; жақсылық жасауға тәрбиелеу. 

Ерсін:
Бақытты жансың тіршілік еткен кезінде.
Ермесең егер құл болып сиқыр сезімге.
Біреудің бақыт көретін екі көзінде,
Біреудің бақыт сұлулығының өзіңде.
Балжан:
Бақытты жансың сөнбесе күнің көгінде.
Бақытты жансың күркіреп өтсе өмірде.
Осыған ғана сенуің керек,
Алайда ойлау да керек бақытты жандар жөнінде.
Ерсін: Бірі шығыста,
бірі батыста,
бірі ойда,
бірі қырда ғұмыр кешіп жатса да,
бірі көлдей толқып,
бірі желдей есіп
Балжан: Енді бірі өзен болып ақса да,
Ерсін: Бірі таң болып атса да, бірі күн боп батса да
Балжан: Қарсы алатын күліп ойнап әр күнді
Ерсін, Балжан: АДАМДАРДЫҢ БӘРІ БІРДЕЙ БАҚЫТТЫ!!!
Ерсін: Армысыздар ардақты ағайын!
Балжан: Қайырлы күн қадірменді өнер сүйер қауым!
Ерсін: Бүгінгі таң ерекше атқандай, себебі айналамыз сұлулыққа, әсемдікке толды.
Балжан: Бүгін сүйіспеншілікке толы шуақты әндермен, әуен сазы санаңызға сіңіп қалған қуатты әндер шырқалып, терең мағыналы қойылымдардың кеші. Олай болса, «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясының аясында ұйымдастырылып отырған «Ізгілік бесігін тербеткен аяулы жан!» атты мерекелік концертіне қош келдіңіздер.
Ерсін: Бүгін ұлы жүректің жан әлемін толқытқан, жігеріңді қайрайтын рухты әндер, өнерлер орындалатын күн.
Балжан: Бүгін қазынадай бұрын соңды шырқалмаған асыл әндер орындалатын күн.
Ерсін: Шыдамдыны мына өмір ұнатады, Бірде қуантып, бірде жылатады, Сүріндіріп кейде сені құлатады. Жылатып тұрып жұбатады. Дұшпандарға кейде сені сынатады, Қатал тағдыр бірақ та шыдатады, Мына өмір бірақ та қымбат әлі.

Балжан: Мерекелік концертімізді ашу үшін сөз мектеп басшысы Мейрамбек Дөненбекұлына беріледі.
Балжан: Ерсін Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді?
Ерсін: Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері.
Балжан: Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына. 
Ерсін: Енді ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін.
Балжан: Ерсін сіз білесің бе? Аналар үшін баласы үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, ескерту алса, анасының жүрегі жараланады, ашуға салынады, айтқан адамға өмір бойы ренжіп, ашуланатындар бар.
Ерсін: Балжан адам сенің ашуыңа тиді, ренжітті, аяғында ұрсып тындыңдар. Сен не істейсің?

Балжан: Мен біріншіден ойланып ақиқатқа, яғни шыңдыққа көз жеткізіп аламын. Содан кейін мәселе өзі ақ шешіледі деп ойлаймын. Адамды кешіруде жеңіл болады. Мен өз өмірімде ешкімге ренжімеймін.
Ерсін: Ешкімге? Ешкімге?
Балжан : Иә,ешкімге
Ерсін: «Өзіңді тану-өмірді тану» мақсаты пәннің осындай
Ұстазы оның жүрегі кең, мейірімі шексіз,
Болу керек сенің адал досындай.
Ережесі сабақтың аталады «5Т» деп,
Айтып берейін, сұрасаңыз білгің кеп:
Тәртіп, Талап, Тыныштық, Тазалық пен Татулық.
Бес құндылық көрінеді әр сабақта әрқалай,
Өмірге ешкім келмейді гой, екінші рет қайталай.
Бұл - Ақиқат!
Балжан : Олай болса алдарыңызда 5-6-сынып оқушыларының «Алтын жүректі-Анамыз» тақырыбындағы әдеби сазды монтажын тамашалаңыздар!!!
(Манапова Толқын «Қос бәйтерегім!»)
Ерсін: Балжан! Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынға алдыңыз. Ол азар да безер болып, сізге ренжіді. Сіз не істейсіз сонда?
Балжан Енді біріншіден ол маған тіптен құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам кешіргісі келсе, ол сол құндылығына тағы бір назар аударып, оны жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек. Бұл өмірде болатын т.б. реніштер мен ашуларға да байланысты.
Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды гой?
Ерсін: Әрине дұрыс айтасын.
Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен, Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен. Мейірімділікті сіңірген адам бойына, Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен.
Балжан: Мейірімділік - ғажайып өмір есігі, Мейіріммен тербетілер бесігің. Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің, Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім. Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған, Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»,
Абай айтты риясыз шын көңілмен.
Міне, нағыз Сүйіспеншілік!!!
Ендеше, алдарыңызда Серікбекова Жанарды « Жан ана» әнімен қарсы алайық!!!
Балжан: Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса Жақсылық тілейді» дегендей бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған әр адамға алғысымыз шексіз.
Ойын дұрыс, сөзің дұрыс, ісің дұрыс болса егер,
Айналаңа күн нұрындай шуақ шашып жүрерсің.
Өмірдегі Дұрыс әрекет осы ғой!!!
Қазір сіздердің алдарыңызда іс-әрекеттерімен үлгі өнеге болып жүрген «Жүректеріңіз мейірімге толы » көрінісін қарсы алайық!!! Ду қол шапалақтарыңыз қайда?!
Ерсін: Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал танымайтын адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу –ол жомарттық.
Балжан: Өмір дәмі, екі дәм: Ащы – Тәтті, Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ – Қатты. Жолында жолығатын екі тағдыр, Күтеді Адам үшін сын сағатты. Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан. Өмір деген тұрады: Ақ – Қарадан, Ақ – Қара, екі арасын ашып өтіп, Арымен өз бақытын тапқан Адам!
Ерсін: Көк әлемнен жақсылықты жүрегіңмен сезесің,
Уайымсыз-ақ ізгілікті қайырымды іспен бересің.
Жүрегіңде Тыныштығын орнаса!
Келесі алдарыңызда өз өнерлерін көрсететін мектебіміздің биші қыздарын шақырамыз!!! Шапалақты аямаймыз ағайын!!!
Балжан: Өмір деген тәтті екен әрқашан да, Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да. Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен, Күресуге үйренем шаршасам да. Бала жүрек риза жаратқанға, Жарқыраймын әр күні таң атқанда.
Қиындыққа мойымай қарсы тұрып, Мен өмірді сүйемін әрқашан да.
Ерсін: Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән
құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созған адамдарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық!
Ата-баба салтымен қадам бастық өмірге,
Ала жібін аттамай, ырым жасап көңілге.
Қиянат жасамау – адал іс!!!
Ерсін: Дастанова Фаризаның орындауында «Аяулы ана» әнін қарсы алыңыздар!!!
Балжан: Алтын жүректі, батыл жүректі, ер жүректі ағаларымыз бен апайларымызды ортаға шақырғымыз келеді.
Музыка ойнайды
Ерсін: Бейбітшілік өмір сіздердей адамдардың арқасында сақталып тұр деп айтсақ артық болмас.
Балжан: Сіздердің үлкен жүректеріңіз үлкен сүйіспеншілікке алып келді.
Кәсіпкерлер сөз сөйлейді.
Мектептің әлеуметтік педагогы Есенгелді Өкенұлына сөз кезегін береміз.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасры Бақытгүл Назарбекқызына сөз кезегін ұсынамыз.
Балжан: Бүгінгі біздің ұйымдастырып отырған қайырымдылық акциясына белсене қатысып, қол ұшын беріп көмектепсіп жатқандарыңызға сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі күннің естелігі ретінде сіздердің құрметтеріңізге Тоқтауова Айназдың орындауында «Ана» әнін тарту етеміз.
Ерсін: «Бала-біздің болашағымыз, олай болса болашағымыз жарқын, егемен елдің ертеңгі жас ұрпақтың тәрбиелі, оқу білімімен өлшенеді»
Балжан: Алар асуымыз, шығар шыңымыз көп болсын!
Ерсін: Дастанова Фариза мен Серікбекова Жанардың орындауында «Бәріміз бір үйдің баласындай» әнін қарсы алыңыздар.
Балжан: Шыр етіп Сен, мынау асыл дүниеге келгенде,
Бес құндылық –«Бақыт құсы», жүрегіңе енгенде,
Үркітіп алма! Нағыз Адам болу үшін жалғанда! -деп өз кешімізді аяқтаймыз.
Сау саламатта болыңыздар!!!

«Көктүбек орта мекетбі» КММ
«Ізгілік бесігін тербеткен аяулы жан!»
(«Қайырымдылық» акциясына байланысты мерекелік концерт)
Ұйымдастырушылар: Г.Нугыманова
А.Тәкібаева
2016 – 2017 оқу жылы