Конспект мероприятия для класса предшкольной подготовки Ана-г?л,ана-жыр,ана-?мір шуа?ы


Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.Барысы:Кіріспе:
Мадина-
Аяулысың, ауылымның асылдары,
 Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
 Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
 Сендер үшін мереке шашулары,-
Райымбек-
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Би ғажабын қарайық
Би «Горошинки» - балалар тобы.
Жүргізуші:
-Кеш жарық, қымбатты аналар, ару-қыздарымыз! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Ерасыл-Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.Аналардан туған небір даналар.Ана деген тіршіліктің тірегі,Армысыздар,қасиетті аналар!
Мансұр-
Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Жәнібек-Сіздерден өскен балаларБатырлар мен даналар.Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар.
Асылжан-
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Балажан-
Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!
Ән: «Құттықтаймын мама»
«Испан» биі- орындайтын Согдиана
Ойын «Ананы дауысынан тану»
Қазір сендер көздеріңді жұмып отырыңдар. Ал бір баланың анасы оны «қошақаным» немесе «ботақаным» деп шақырады. Сендердің мақсаттарың ананың даусын тану.
Іздер- аналар балаларына ізді басқан сайын жылы сөз айту.
Гүлім-
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Согдиана-
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Аян-
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Арайлым-
Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз
(Сахнаға 2 бала шығады. Қолында кострюл және касығымен,үсті  ұн- ұн , басында повар шапкасын киіп)
Согдиана-
Торт пісіру-оңай ғой
Тек батыл болу керек
7 жұмыртқа,аз ғана ұн керек
3 ас қасық бұрыш
Жоқ әлде олай емес пе?
Олай емес қой....
Мен тіптен шатасып кеттім
 Мұнда бұрыш салмайды ғой!
3 сағат болды осылай жүргеніме
Крем жасадым,қолымның бәрін күйдірдім
Нәтижесінде-күйіп кеткен бәліш
Мүлдем тортқа ұқсамайды.
  (На сцене появляется 2 ребенок – мальчик в домашней одежде, весь обмотанный нитками, из кармана выглядывают ножницы. В руках у него – куча лоскутков.
Ерасыл-
 - Я для мамочки любимой
 Фартук сшить хотел красивый,
 Я для мамочки моей
 Платье раскроил скорей –
 Думал раз – и все готово!
 Что здесь сложного такого?
Мансұр-
 Не понятно, что случилось…
 Ничего не получилось!
 Нечем удивить мамулю –
 Это я ей подарю ли?
 Думал, будет рада мама,
 Ну а вышла куча хлама… (показывает изрезанный материал)
- Похоже, придется нам придумать другие подарки, ну ничего, не будем унывать! Ведь настоящие мужчины не пасуют перед трудностями! (уходят)
Флешмоб «Аналар мен ұлдары»
Шыңғыс-
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
 Ана табады, аялайды, бағады.
 Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
 Құрметтейік қасиетті ананы,-
Райымбек-
Менің әжем әдемі
Алақаны аялы.
Біз даладан келгенде
Күліп құшақ жаяды.
Ән «Ақ мамам»
с. Ә.Дүйсенбиев ә. Ә.Бейсеуов
1. Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман-сау жүр ақ мамам
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейірімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
2. Өзің маған мият-күн
Сен деп таңым жиі атты
Ақ маманың айқайы
Айналайын сияқты

3. Қуат беріп құшағың
Қанат бітіп ұшамын
Естіртемін алып кеп
Ел білмейтін құс әнін
4. Көрсетемін күллі елді
Жарық етем түндерді
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.Өзің мына сыйға берген өмірдеАқ сүтіңді ақтап өту-арманым.Барша ана,құтты болсын мерекеңізӘрқашанда ана сізбен берекеміз.Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.Сонда біз кісілікке теңесеміз.
-Құрметті қонақтар ,біздің «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.Сау-саламатта болыңыздар!