М?дени ?сімдіктер – адам ?ажетін ?тейтін ба?алы да?ылдар. 7 класс


Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктер – адам қажетін өтейтін бағалы дақылдар.
Сабақтың мақсаты: Мәдени өсімдіктер туралы жалпы мағлұмат беру.
Мәдени өсімдіктерді жабайы өсімдіктердің түрлерінен ажырата білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Мәдени өсімдіктердің түрлерімен танысу
Мәдени және жабайы өсімдіктердің маңызы,пайдасы туралы түсіндіру
Өсімдіктерді аялауға,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушы
Адам қажетін өтейтін бағалы дақылдардың түрлерімен танысады;
Мәдени және жабайы өсімдіктердің маңызын,түрлерін адамға тигізер пайдасын ажырата алады;
Топты салыстыру,зерттеу,ізденіс жұмыстарын жүргізе алады.
Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», «INSERT», «Ұқсастық пен даралық», «Ішіне – сыртына».
Сабаққа қажетті материалдар: мәдени,жабайы өсімдіктердің суреттері,маркерлер,түрлі түсті қағаздар т.б.
Бағалау: «ой қозғау», «INSERT», «ұқсастық пен даралық», «Ішіне – сыртына»

I «Қызығушылықты ояту» сатысы
«Ой қозғау»
Топ. Бидай
Жүзге ұқсас сабағы
Дәні – халық тағамы
(Бидай)
Бидай туралы не білесіңдер?
II. Топ. Күріш
Табаны суды сүйеді,
Қабағы күнге күйеді.
(Күріш)
Күріш туралы не білесіңдер?
Топ Жүгері
Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс
(Жүгері)
Жүгері туралы не білесіңдер
Топ Картоп
Түбі толған құмалақ
(Картоп)
Картоп туралы не білесіңдер?
II. «Мағынаны ажырату» сатысы
Мәтін таратылады
INSERT (Мәтінді белгі соға отырып оқу)
Білемін
v Білмейтін немесе
Күмәндімін
- Мен үшін
жаңалық
+ Ізденемін,
сұрақ туды
?
Мұғалім оқушылардың ойларын толықтырып,қызықты мәліметтерді беремін
«Гүл неге ренжиді?»
III. «Ой толғаныс» сатысы
«Ұқсастық пен даралық»
Мәдени өсімдіктер Айырмашылығы Жабайы өсімдіктер
Бір жылдық шөптесін,ағаш текті өсімдіктер. Тағамдық,дәрілік,талшықты,эфир май алынатын түрлері де бар.Көкеністік дақылдар құрамында витаминдер,минералды тұздар,қант т.б. болады.М.ө. азық – түлік,малазықтық, техникалық дақылдар түріне өсіріледі. -ж.ө. өздігінен өсіп өнеді;
-м.ө. қолма қол өсіріледі;
-ж.ө. жер талғамайды
-м.ө. тамаққа пайдаланамыз
-ж.ө.улы болып келеді
-м.ө. түсі ашық,хош иісті
-ж.ө. сүйкімсіз,солғын түсті
-ж.ө. көпшілігі улы болып келеді
-ж.ө. ыстыққа,суыққа да төзімді Барлық ө. Жасушалардан тұрады. Дәрі – дәрмек алынады.Өсімдік көп және бір жылдық. Сабағы, жапырағы, аталығы, аналығы болады
Мәтіннің ішінен тақырыпқа қатысты сөздерді (мәдени, жабайы өсімдіктерді) теріп жазады.
Ішіне (Мәдени өсімдіктер) Сыртына (Жабайы өсімдіктер)
Басты пияз Жұмыр бозтүк
Шырғанақ Линчевский кемпіршөбі
Таңқурай Сары лапыз
Түркістан гүлкекіресі
Линчевски кемпіршөбі сирек кездесебі. Бірегей аласа бұта, сұр жасыл жалпақ түзеді. Жұмыр бозтүк – Қазақстанда сирек кездесетін түр. Көптеген күрделі себет гүл шоғыры сабағының ұшына қалқан болып жиналған. Сары лапыз – далалы және шалғынды беткейлерде, аршалыморман арасындағы алаңқайларда, ортаңғы және жоғарғы тау белдеулеріндегі еріп жатқан мұз маңынада өседі. Өте ерте гүлдеуімен ерекшеленеді. Ақсу – Жабағылы қорығында қорғалады. Түркістан гүлкекіресі – Талас. Угам жоталарында кездеселі. Жиі көп сабақты «бұта» түзеді, 40-қа дейін жынысты жетілген өркендері болады.
Үйге тапсырма:
Мәдени өсімдіктер туралы қосымша ақпараттар жинап келу.
Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Мәдени өсімдіктер –
адам қажетін өтейтін
бағалы дақылдар
Сыныбы: 7ә
Мұғалімі: Қарабекова И.С.