О?ыту мен о?уда ?згеріс енгізгенін ж?не ол бас?арыл?анын растайтын тізбектелген саба?тар топтамасы ?ткізілгені туралы рефлексивтік есеп. (С есебі)


Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп.
«Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп,
соларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады.
Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай,
табанда өзі қажет әдісті тауып, пайдалана білу керек».
А.Байтұрсынов
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп білім беру жүйесін ерекше көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда қоғам өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақ бұрынғыдан да бетер ауырлай түсті.. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына деген үлкен жауапкершілікпен сынды талап етеді. Қазақстанымыздың болашағы бігінгі ұрпақ тәрбиесінде қызмет ететін ұстаздарымыздың ықпалында. Бүгінгі күні қандай шәкірт дайындасақ болашақта еліміздің іргесін қалайтын құрылысшыны жасап шығарғанымыз. Ал енді сол құрылысшыны дайындауда іргетасын дұрыс қалауға аямай тер төгіп мына біздер ұстаздар қауымы ат салысу керек. Ол үшін бігінгі таңнын қарыштап дамыған көшінен орын алып ілгері жылжып отыруымыз керек. Осы көштің ішінде біз меңгеріп жатқан бағдарлама курсы ойып тұрып орын алып тұр.
Бүгінгі күні Қазақстандық мектептер өзгерістер алдында тұр. Шет елдік «Кембридж» және Назарбаев зияткерлік мектептерінің бірігіп жасаған әдістерімен қоса он екі жылдық білім алу реформасы тағы бар. Жалпы білім жүйесі үнемі өзгеріс пен дамумен толықтыруды қажет ететін үдеріс. Осы өзгерістердің барылығы қажеттіліктерден туындар отыр. Осының артында мұғалімнің кәсіби шеберлігі жатыр. Бағдарламаның негізінде жеті модулді тиімділігін асыра пайдаланып құрылған сабақтар өз ұтымдылығымен тәжірибеде көрінуде. Нәтижеге бағытталған сабақта оқушыға мұғалім бағыт - бағдар беруші, жөн сілтеуші болады. Бұл сабақты жоспарлағанда оқушының өз бетімен білім алуға жетелеу көзделеді. Білім алу барысында оқушы қалай оқу керектігін үйреніп, білімді меңгеруде оқушының ізденіс, талдау, жинақтау қабілеттерінің артуын бақылау, оқушының өзін көрсете білуіне ықпал жасау дағдылары қалыптасады. Тәжірибенің нәтижелі болуына білімді меңгертуде қолданыс тапқан әдіс - тәсілдер, стратегиялардың қолданылу орайының тиімділігі маңызды.
Баланы тәрбиелеу үшін алдымен мұғалімдер өздерінің кәсібі мен шеберлігін шыңдаудан бастау керек. Мен бағдарламаның оқыту стилі жөнінде ең алғаш рет бұрын мектебімізде оқып тәжірибеге келген ұстаздардың сабақтарына қатыса жүріп қызығушылығым пайда болды. Көп ұзамай мектеп басшылығынан осы бағдарламаны меңгергім келетінін айтып сұраныс тастаған болатынмын. Міне, енді «Бірінші бетпе-бет» кезеңін аяқтап тәжірибеге аяқ басып тізбектелген сабақтар топтамасын өткіздім. «Бірінші бетпе-бет» кезеңде «Мұғалімге арналған нұсқаулық», мұғалімге арналған таратпа материалдарының көмегіне сүйене отырып және бізге бекітілген екі тренердің мол тәжірибесінің арқасында жаңаша оқыту тәсілінің түрлі қырларын теориялық тұрғыда және өзін-өзі реттей отырып меңгердік. Бетпе-бет кезеңнің соңғы аптасында оқу үдерісі қалай жүру керектігі, сапалы оқыту, сыныптағы жұмыс тәсілдерін модельдеу арқылы белсенді оқуға қатысу, бағдарламаның жеті модулі арасында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді зерделеу, сынып тәжірибесіне енгізілетін бағдарламаның идеяларын пайдалана отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау тапсырмаларын орындадым. Осы кезеңде алған әсерім мектептегі тәжірибе кезінде көп белестерге апарар жол болды. Өзімдегі өзгерістерді мектебімде мұғалімдермен және сынып оқушыларымен бөлістім.
Мектепке тәжірибеге барған күннен бастап мектеп мұғалімдері мен оқушылар міндетті түрде қандай да бір өзгерсіті күтеді. Өйткені қай кезде де іс-тәжірибе кезінде көптеген өзгерістер орын алады. Мектепке барған алғашқы күнімнен бастап зерттеу жұмыстарымды жоспар бойынша мектеп әкімшілігі, ата-аналар, оқушылар және әріптестермен кездесуден бастадым. Ата-аналармен кездесіп бірнеше психологиялық сауалнамалар алып, зерттеу жұмысына келісім алудан бастадым. Мектеп әкімшілігімен кездесу барысында мектептегі таңдап алынған сынып, және зерттеу жұмыстарының жай – күйін талқыладық. Әріптестермен кеңесуді «Lesson study» әдісіне семинар өткіздім. Шалғай ауыл мұғалімі үшін бұның өзі өзгеріс әкелді. Таңдап алынған сынып оқушыларымен өткізілетін сабақтар топтамасының әдіс – тәсілдерін талқылап, оқушылардың ойларын біліп психологпен бірлесе отырып психологиялық зерттеулер жүргізілді.
Зерттеу барысында сынып оқушыларымен және ата-аналармен мектеп психологымен бірлесе отырып кездесу өткізіп А және Б, С оқушыларды анықтадым. А оқушым сабақты өте жақсы оқитын сыныптағы дарынды оқушылардың бірі. Б оқушым да жақсы оқитын бірақ А оқушымен үнемі келісе бермейтін оқушы. Үнемі бір сұраққа екуінде екі жауап болады. Бір бірімен үнемі келісе алмайтын оқушыларды бір топта жұп болып жұмыс жасауға жұмылдырдым. А және Б оқушыларым рөлге бөлу арқылы оқыту барысында өз тапсырмаларын өте жақсы орындап, табысты жұмыс жасай алды. Бұдан әрі де топта жұмыс жасау барысында бұл оқушылар өздерінің пікірталастарында рөлдерге бөлу арқылы бір-бірімен ыңғайласқан жұмыс жасап отырды.
Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі (Hoyle, 1974). Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын, кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет (Bolam, 2005). Бұл тәсілдің аясында көшбасшы - мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып, мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады (Frost, 2011).
Өз тәжірибеме бағдарламаның мазмұнын енгізу барысында білім беру турасындағы көптеген көзқарастарым, Пажарестің оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой – тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді:оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс – әрекеттеріне әсер ететін өзгерістерді байқадым. Бұрынғы өткізген бір сарынды дәстүрлі сабақтарымда сабақтың 80% -ын өзім түсіндіріп, сұрақтардың көп бөлігін өзім дайындап, қосымша материалдарды өзім ғана ізденіп, сыныпта оқушыларды бір орында қозғалмай отыруы талап етілсе және оқушыларды бағалауда тек қана өзім шешсем тәжірибеде өткізген сабақтарым мүлдем басқаша өтті. Осы өзгерістер арқасында тәжірибемде және оқушы бойында көптеген әсерлі сезімдердің өткенін байқадым. Енді осы өзгерістеріммен сіздермен бөліссем деймін.
Ең алғашқы өзгеріс сабақтағы оқушының орнымен қозғалысы болды. Оқушыларға сыныпта сабақ үстінде еркін қозғалуға толық мүмкіндік бердім. Бұл тұста баланың толыққанды дамуы үшін толыққанды еркіндік беру керек түінігін ұстандым. Оқушылар сабақта қозғалыс еркіндігімен қатар ойлауға, ізденуге, сөйлеуге де еркіндік берілді. Барнстің сыныпта тіл қаншалқты қолданылса, оқушылардың қолданылуына соншалықты әсер ететінін ескердім.
Келесі өзгерісім әр сабағымның басында қолданған сыныптағы ынтымақтастыру атмосферасы болатын. Бұл мақсаттағы психологиялық тренингтер оқушылармен жұмыстың тиімділігін арттыруда өзінің пайдасын тигізді. «Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінінмен және түсінетінімен байланысты» (МАН 1-тезис) екенін ескеретін болсақ, алдымен әр сабағымызды бастамас бұрын оқушының нені ойлап тұрғанын, және әр оқушының оқуға деген ынтасын білу маңызды. Әр сабағымызды бастамас бұрын бұрынғы қатып қалған қамытымызды шешіп, яғни дәстүрлі сабақтағы шектелген шеңберден шығып оқушыларымыздың сабаққа деген белсенділігін, өздеріне деген сенімдерін, өз пайымдауын жасауға қабілетін, сабаққа деген ынтасын арттыру және олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсіну мақсатында ынтымақтастыру тренингтерінің көмегімен сыныптағы бірлескен атмосфера құрып отыру маңызды және қажет. Тізбектелген әр сабақтарда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып біз мұғалімдер оқушынының біз білмейтін қырларын танып, бала бойындағы ерекше қасиеттерді тереңірек зерттеуге мүмкіндік аламыз. Ынтымақтастыру тренингі нәтижесінде сынып оқушылары түгел қатыса отырып сыныпта психологиялық жағынан жағымды ахуал қалыптастыра келе ынтымақтаса жұмыс жасауға ұмтылыс пайда болады. Мен өз сабақтарымда әр түрлі тренингтерді өткізе отырып оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып оқушыны терең зерттеуге болатынын түсіндім. Сыныптағы ынтымақтастыру атмосферасын орнату арқылы оқушыларды мазалап отырған кейбір келеңсіз жайларды санасынан арылта алдым.
Сыныптағы бірлескен жұмыста пәннің мазмұнын берумен шектеліп қана қоймай табысты оқу мен оқытуда төмендегі көрсеткіштердің сыныпқа сәйкес келетіндігін анықтадым.
Зейінділік пен байсалдылықта:
Біз не жасап жатқандығымыз туралы ойланамыз;
Біз өзімізге, басқаларға және әлемге зейінмен қараймыз;
Біздің өзімізге күш беретін білім алуымызға құқығымыз бар.
Табиғилық пен тәуелсіздікте:
Біз экспериментке дайынбыз;
Біз сұрақтарды еркін қоя аламыз және күмәндана аламыз;
Біздің ұғынуымыз біздің не білетінімізге байланысты;
Біздің тәжірие оқуды және түсінікті қалыптастырады;
Сабақтарымда оқумен оқытудың жаңа тәсілдері арқылы үй тапсырмасын сұрап, жаңа материалдардың таныстырылымында, жаңа материалды қолдануда және бағалаудың тиімді әдістерін қолданып сабақтарымның сапасын жақсарттым. «Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз» деп қазақтың баласына қалам ұстатқан ағарту ісінің педагогі Ы.Алтынсарин айтқандай, бірінші бетпе – бет кезеңінде бағдарламаны меңгеруде серік еткен нұсқаулықты басты назарға ала отырып модулдердің бір-бірімен үйлесімін қамтып өз сабақтарымның маңызын аштым.
Сабақтарымда жаңа материалды оқушылар мұғалімнің «көпіршелер» орнатуы арқылы өздері меңгерді. Сабақты меңгеруде оқушыларға барынша кең ізденіске мүмкіндік бердім. Оқушылар тіпті интернет ресурстарында тиімді пайдалана алды. Үй тапсырмасын және қосымша материалдарды меңгертуде, бейне жазбаларды талдауда әр оқушыға ұялы телефонның көмегін пайдаланып заманымыздың соңғы сыйын мақсатты қолдануға тырыстым.
Тізбектелген төрт сабақымның екі сабағында оқушылар сабақ тақырыбымен мақсатын өздері құрды. «Архимед күші» тақырыбындағы сабағымда оқушыларға топқа бөлу бөлімінде Архимед күшінің және Паскаль заңының формуласы арқылы топқа бөлдім. Оқушыларды екі түрлі формула бойынша топқа бөліп, осы формуланың қандай формула екенін сұрадым. Оқушылар Паскаль заңын білетінін және ол Паскаль заңы екенін айтты. Ал Архимед күшін кітаптан қарап отырып, тақырыпты анықтады және осы сабақты оқудағы мақсатымызды анықтайық дегенімде оқушылар:
-Архимед күшінің формуласын білу;
- қалай тұжырымдалатынын білу;
- қандай шамаларға тәуелді екенін;
- қалай қолдануды;
- күнделікті өмірде қолданылуын;
- формуланы пайдаланып есеп шығаруды білуіміз керек деген жауаптар алдым. Және екінші сабағымда да оқушылар өз беттерімен сабақ тақырыбын анықтап, ұтымды жауап ала алдым.
Бұл сабағымның тақырыбын осы тарау бойынша қандай заңды біз дұрыстығын тексеріп, тәжірибе жүзінде көруіміз керек деген сұрақ тастаған болатынмын. Сол кезде оқушылар бірнеше жауап берді. Бірақ жауаптарының мағынасы Архимед заңы мен денелердің жүзу шарттары төңірегінде болды. Әрі қарай сұрақтар туындата отырып, денелердің жүзу шарттары да Архимед заңына негізделгенін түсінді.
Мен мектептегі тәжірибе кезіндегі тізбектелген сабақтарымда оқушылардың жұп болып жұмыс жасау барысында айтылған сұрақтарымен жауаптарын бақылай отырып төмендегідей жайларды байқадым:
Мұғаліммен диалогқа түскеннен гөрі оқушылар бірімен-бірі сұрақтар қою арқылы әңгімелесетін болса өздерін еркін ұстап ойларын толық жеткізе алады.
Бір-бірінің қатесін кей оқушылар мен былай түсіндім сен солай деп ойлайсынба деген сөздерді пайдаланып екі оқушыда бірігіп кітаптан қарап отырып дұрыс жауапты бірігіп тауып отырды.
Сыныпта бір-бірімен үнемі келіспейтін екі оқушым қатар жұп болған кезде бір мағынада айтылған әңгімені өздерінің сөздерімен дәлелдеп әлек болған жағдайларда болды. Сол сәтте мұғалім тарапынан екеуіңде дұрыс пікір айтып отырсыңдар деген сөз оларды бітімгерлікке алып келіп отырды. Ал егер соңын күтетін болсақ бұрынғы сабақтарымда бір оқушы сол сабақ аяғына дейін қатыспай реніш білдіріп отырып жүрді. Мен бұл екі оқушым жұп болған жағдайда рөлге бөліп (жақтаушы-даттаушы) немесе өз тұжырымдарына енді мысал арқылы түсіндіріңдер деп қосыла кетіп дауды болдырмауға тырысып отырамын.
Жұп болып жұмыс жасату барысында бұрын соңды көп байқала қоймайтын орташа деңгейдегі оқушым төмен деңгейдегі оқушымен жұп болып жұмыс жасау барысында екеуіде асықпай көп уақыт дайындалғанымен соңында шығып, басқа оқушылар айтпаған, ойларды айтып, толық және басқа оқушылар ұмытып кеткен мәселелерді толықтырып, өз ойларын ұтымды жеткізіп, өздерін басқа қырынан көрсете білді.
Жұптасып жұмыс жасау оқушылардың біз білмейтін қырларын ашуда көп көмегін тигізері топтық жұмыстан гөрі маңыздырақ екенін білдім және дарындылықтың қырларын анықтауға көмегін тигізетінін анықтадым. Мысалы жоғарыда айтып кеткен төмен деңгейдегі оқушым «Ауада ұшу» тақырыбы бойынша оқушылардың аттарын атап тұрып нені айтқанда нені ұмытып кеткеніне дейін жете тоқталып айтып кетті. Бұл оқушы оз ойын сауатсыз жазғанымен ерекше зейінің бар екенін осы жұптық жұмыста байқатты. Бұдан былай ол оқушының осы ерекшелігін ескере отырып тапсырмаларды ауызша беруге ықпал жасап отырдым. Кейін есеп шығару барсында да байқағаным есептің формуласынан белгісізді табу жолында бөлінгішті табудың анықтамасын математикадан біледі бірақ есепті шығаруда айтып тұрғанын іске асыра алмағанына көз жеткіздім. Физикалық диктант жазуда да айтып тұрғанын дәптерге толық түсіре алмайды. Есте сақтау қабілеті мықты дамығаны сонша көргенін, оқығанын лезде қабылдап алады. Ал А деген оқушым бәрін біліп тұрып жеткізуде қысылып көбіне қыстырма сөздерді қолдана отырып жеткізеді.
Архимед күші тақырыбында «Жигсо» әдісі бойынша оқушыларды екі топта сонан кейін кіші топ болып екі адамнан жұп болып жұмыс жасады. Бұл тапсырмада жұптар әр түрлі болды бір жұпта екі төмен деңгейде болды деңгейлері әр түрлі оқушыларда болды. Жұптық жұмыс барысында деңгейлеп, жас ерекшеліктерінде ескере отырып тапсырма беру тиімді екені білдім. Дағдысы жоғары оқушымен дағды төмен оқушы жұптасатын болса дағдысы төмен оқушы өз белсенділігін көрсете алмайтыны, өз ойын айтуға тартынатынын, ал егер екі оқушы деңгейі бірдей немесе шамалас болса онда оқушы тартынбай өз ойын еркін жеткізетініне көзім жетті. Б оқушым осы топпен жұмыстан кейінгі жұптық жұмыста өзінен деңгейі төмен оқушымен жұптасып жалығу пайда болды. Топта өзінің деңгейлес оқушыларымен белсенді жұмыс жасаса, ал жұптық жұмыста жалығу пайда болып, белсенділік бәсеңсіп қалғанын көрдім.
Оқушылардың сыни ойлауын дамытуда көзбен көретін айғақтар арқылы эксперименттік тапсырманы орындауда оқушылар эксперименттің дайын сұлбасын көре отырып, сабақпен қатысы туралы өз ойларын жазды. Бұрын – соңды эксперминетті тек қана өздері жасап соның қалай жасалғанын ғана қорытындылайтын және есептеулер жүргізсе, енді оқушылар сол жасалып қойылған эксперимент нәтижесін талдаумен айналысты.
Оқушы тарапынан енгізілген өзгерістер:
Оқушылар ынтымақтаса отырып топпен, жұппен, жеке жұмыстарды диалогқа түсе отырып жүзеге асруды меңгерді;
Ақпараттық – коммуникациялық технологияны тиімді, мақсатты пайдалана білуді;
Үнемі ізденіс үстінде бола отырып оқыту мен оқуды өздігінен меңгеру дағдыларын қалыптастырды;
Өздерін, жолдастарын бағалауды, пікір – тілек айтуды, сабақтың әрі қарай дамыуына кері байланыс орнатуды;
Сыныпта өздерін еркін ұстап, топтың өздері құрған ережесіне бағына білуді;
Бір – бірін тыңдауда әркімнің пікірі құнды екенін ескере отырып ортақ шешім шығаруды;
Бірін – бірін оқытуды меңгерді.
Мұғалім өзгерісі:
Сабаққа әрдайым түрлі тәсілдерді қолдану;
Дәстүрлі бағалаудың орнына формативті және жиынтық бағалауды қолдану;
Сыныптағы ахуалды ықпалдастыра отырып сабақ жүргізу;
Оқушылардан кері байланыс алу арқылы ықпал ету;
Сабақты жоспарлауда әріптестерімен кеңесе отырып жоспарлау;
Тізбектелген сабақтарыма тәуелсіз зерттеушілер шақыру;
Жеті модуль негізінде сабақ жоспарлау және оны жүзеге асыруды үйрендім.
Енгізілген өзгерістер нәтижесінде болашақта мынадай нәрселерді дамытамын:
Оқушының білім алу мен білім беру туралы пікірін ескеру;
Оқушыларға кеңес беру әдіс-тәсілдерін қарастыру;
Оқушының оқуға қатысты жағымды көз-қарасын туындату;
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқу, білімімді жетілдіру;
Мұғалімдік тәжірибемді ақпараттық ресурстармен толықтыру;
Психологиялық тренинг жаттығулар қорын толықтыру;
Әріптестермен іс-тәжірибе бөлісу.
Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз (бесінші тезис);
Мұғалім көшбасшылығын дамыту жөніндегі жұмыстарды;
Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беремін (төртінші тезис).
Оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс үдерісі барынша күрделі және әр түрлі болуын қадағалай отырып, оқушыларда Чиексентмихаи «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттерінің болуына жағдай жасауға тырысумен қатар, Мерсер көрсеткен құрдастар тобындағы өзара қарым – қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын қолдана отырып, мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы «симметриялы» өзара қатынастардағы іс – қимылдарға тарта отырып мүмкіндіктерін дамытамын. Оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беруде, оқушының тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзіреттілікке жеткізуді мақсат етуде, көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзіреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудары отырып, Выготскийдің жақын арада даму аймағы бойынша өз бетінше анықталатын болжамды даму деңгейіне өтуіне көмектесемін.