Презентация по литературе Иса Байза?ов ?амар с?лу


Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Қожамбердиева Гуляим
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Қазақ әдебиеті Сынып: 7 «б,в» Мерзімі:
Тақырыбы: Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы
Мақсаты: Білімділік: Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтарын кеңейтіп «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясын ашу, кейіпкерлер бейнесін талдау.Дамытушылық: Өз пікірін қорғай білуге, ойын еркін әрі әдеби жеткізуге баулу, шығармашылық ізденістерін дамытуТәрбиелік: Өз елін, жерін сүйетін адал да жанашыр адам болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысады.
Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсінеді.
Кезең Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе бөлім 2 минут Ынтымақтастық атмосферасын топқа бөлу арқылы қалыпастырамын. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер білдіру арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. 2 минут
5 минут Топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау. 6 оқушыдан 4 топқа Адамның жақсы қасиеттері арқылы топқа бөлінеді. (сабырлы, мейірімді, қайырымды, адал)
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы ізденіп, оқып келу тапсырылды.
1. Ақынның өмірбаяны.
2. Шығармашылығы туралы.
/оқушылар дайындап келген жұмыстарын баяндайды/.
Топтық бағалау.
Смайликтермен формативті бағалау.
Таратпа қағаздар
Бағалау парақшасы, смайликтер
Жаңа сабақ
таныстырылымы 5 минут
10 минут Білу. Түрткі сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.1. Тақырып дегеніміз не?- Шығарма белгілі бір тақырыпты қозғайды, белгілі бір өмір шындығын өзіне арқау етеді. Тақырыпсыз шығарма болмайды.2. Иса Байзақов поэманың тақырыбын неліктен «Құралай сұлу» деп атаған?3. Егер жазушы болып осы поэманы жазсаңдар өздерің қалай атар едіңдер?4. Идея дегеніміз не?- Жазушы тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат - мүддесін, арманын білдіреді.5. «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясы неде?6. Сюжет дегеніміз не?- Көркем шығарманың сюжеті оқиғалар жүйесінен құрылады. Оқиғалар бір - бірімен байланысып, желісі үзілмей, үнемі өрбіп отырады.7. Композиция дегеніміз не?- Шығармадағы оқиғалардың байланысуы.
Венн диаграммасын жасату. Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Топтық бағалау
Смайликтермен формативті бағалау
Топтық бағалау
Смайликтермен формативті бағалау
Оқулық, интербелсенді тақта, бағалау парақшасы, смайликтер
Плакат, маркер, смайликтер, бағалау парақшасы.
Жаңа сабақ 5 минут
5 минут Қолдану
Композициялық жоспар- Ендеше сабағымызды «Құралай сұлу» поэмасына композициялық жоспар құрумен жалғастырайық.(Оқулықта поэма берілмегендіктен көшірмелері алдарына таратылады)
Оқиғаның басталуы: Елге сыйлы Ойбас Қыпшақ Монтай би.Оқиғаның дамуы: Монтайдың Келден баймен кездесуі.Оқиғаның шиеленісуі: Келден байдың жан баласына ашпаған сырын ашуы.Оқиғаның шарықтау шегі: Қалмақтың Сейқын ханының қызы Құралаймен кездесуіОқиғаның шешімі: Келден батырдың Құралайдан айрылуы. Топтық бағалау
Смайликтермен формативті бағалау.
Топтық бағалау
Смайликтермен формативті бағалау.
Интербелсенді тақта, оқулық, бағалау парақшасы, плакат, маркер, смайликтер
Смайликтер
Талдау.
- Біз алдыңғы сабақта Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесін өткенбіз, осы екі шығарманы салыстырып ұқсастық пен айырмашылықтарына талдау жасайық
І топ орындайдыҒ. Мүсірепов «Ананың анасы»КейіпкерлеріАна15 жасында күңдікке сатылған ана. Әке - шешесінен айрылған қайратты, сөзге шешен, ақылды. Өзінің ақылымен, өжеттілігімен қырық батырға төтеп беріп, қызын аман алып қалған.БатырЖалпақ батырБатыр, ер жүрек, ақылды, мейрімді, қара күш иесі, тәуелді. Ананың айтқан сөзін тыңдап ақылмен шеше білген.Жанр түрі: ӘңгімеӘйтілес қарттың ескі күндердің әңгімесін шертіп, аңызға айналған адамдардың басынан өткен оқиғаны әңгімелеуі.ИдеясыЖеке тұлғаның бас бостандығы толық қорғалмаған. Халықты байлар басқарған, шешімді билер беріп сөзге тоқтам салған. Және ананың балаға деген махаббат айқын көрініс тапқан.ІІ топ орындайдыИ. Байзақов «Құралай сұлу»КейіпкерлеріАнаҚұралайдың анасы 15 жасында Қалмақ ханы Сейқынға әйел болған. Қалмақтар қазақ еліне шабуыл жасап сұлу әрі көрікті қазақ қызын алып қашып, хандарына тарту еткен.БатырКелден батырБатыр, ақылды, қара күш иесі, қайсар, өжет, айтқанынан қайтпайды. Артынан қуып келген жүз шақты қалмаққа бір өзі тойтарыс берген.Жанр түрі: ПоэмаҚазақ пен қалмақ елі арасындағы тартысты күндерді Келден батыр еске алып өзін тұтқындықтан босатып аман алып қалған ғашығы Құралай сұлу туралы жырлайды.Идеясы«Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттелген, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтерілген. Ананың балаға деген махаббаты және екі жас арасындағы сүйіспеншілік сезім жырланады. Қорытынды
5 минут Жинақтау.

. Бес жолды өлең әдісіІ топ: АнаІІ топ: Батыр
І топ: Иса Байзақовты біз кім деп танимыз?

ІІ топ: Қандай эпикалық шығармаларын білеміз?

ҚорытындылауИса Байзақов поэма жанрын дамытуға зор үлес қосқан. Оның дәлелі жаңа өздерің атап өткен эпикалық шығармалары. Көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. «Құралай сұлу», «Алтай аясында» поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысын шынайы суреттеп, ел бірлігі, патриотизм идеясын көтерген. І топ: Ана1. Зат есім Ана2. Сын есім Мейрімді, қамқор3. Етістік Мәпелейді, тәрбиелейді, аялайды4. Сөйлем Ана өміріме сән берген.5. Синоним Ана – шешеІІ топ: Батыр1. Батыр2. Ержүрек, батыл3. Қорғайды, күзетеді, шабуылдайды4. Батыр ел үшін туады5. Батыр – қаһарман• Ақын• Жазушы• Актер• Әнші, жыршы• 40 - тан астам әнге сөз жазған• Суырып салма ақындығымен
«Құралай сұлу» 1925ж«Қойшының ертегісі» 1926ж«Алтай аясында» 1939ж«Ұлы құрылыс» 1933ж«Қырмызы Жанай» 1940ж аяқталмаған ерекшеленді«Кавказ» 1941ж«Ақбөпе» 1945ж.
Топтық бағалау
Смайликтермен формативті бағалау.
Интербелсенді тақта, смайликтер
3 минут Бағалау. Топтық бағалау.
Смайликтермен формативті бағалау.
Топ басшылары топ мүшелерін бағалау критерийлеріне сүйене отырып бағалайды. Топтық бағалау
Смайликтермен формативті бағалау.
Бағалау парақшасы, смайликтер
3 минут «Не білдім?, Не білгім келеді? Не білемін?» кері байланыс стикерін тарату.
Үйге тапсырма беру.
«Қасиет дарыған, құт мекен – қазақ жері» тақырыбында эссе жазу.
Тақырыпты қалай түсінгенін стикерге жазып, тақтаға жапсырады.
Күнделікке жазып алады. Рефлексия плакаты, Стикер
Күнделік
Тексерілді:-----------------------------------