Иса Байза?ов «Алтай аясында» ?дебиеттік о?у 3 сынып


Пәні әдебиеттік оқу
Сыныбы 3"Ә"
Күні 15.03.16ж.Сабақтың тақырыбы: Иса Байзақов «Алтай аясында»Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Алтай жерінің сұлу табиғатын оқушыларға ақын өлеңі арқылы таныту.Дамытушылық -табиғатты қызықтап, оны қорғауға әрі әдемілікті, әсемдікті сезіне білуге үйрете отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.Тәрбиелік - өлеңдегі қиын сөздер, сөз тіркестері мен көркем сөздердің мағынасын меңгерте отырып, балалардың тілдік қорын дамыту, оқу техникасын жетілдіру.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, тірек сөз тіркестері, шығармашылық жұмыс,өз бетімен жұмыс.Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан табиғатының сұлу көрінісін бейнелейтін суреттер, топтық жұмыстарға парақшалар, қиын сөздер жазылған парақша, оқушылардың рефераттары.Пәнаралық байланыс: дүниетану.Сабақтың барысыI.Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту.
ІІ.а)Үй тапсырмасын тексеру.
"Бүркіт"әңгімесін мазмұндау.ә)Өткен сабақты тірек сөз тіркестері арқылы бекіту.
С. Сейфуллин «Ақсақ киік».
а) Киіктің сұлулығы.ә) Оқ тиген киік.б) Киік атқан адамға көзқарасың.ІII.Жаңа сабақты түсіндіру.а) Автормен танысу.
Иса Байзақов(1900 - 1946 жылдар) Павлодар болысы, Ертіс ауданы, «Үлгілі» колхозында дүниеге келді. Ол – ақын, әнші, композитор. Әкесі Байзақ, шешесі Ғазиза сауықшыл, өнерпаз адамдар болған. Иса тоғыз жасқа келгенде шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Жастайынан суырып салма ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен көзге түсті. Оның «Қойшының ертегісі», «Кавказ», «Ақбөпе» т. б. шығармалары бар.(Оқушылар дайындаған рефераттары бойынша қысқаша әңгімелейді).ә) Топтық жұмыс.
Дүниетану сабағынан таулар жөнінде не білеміз, соны қағаз бетіне түсірейік.
ТауларI топ - бұлақ ағады - биік және аласа - өте әдемі II топ - пайдалы қазбалар көп - суы салқын - Алатау, Алтай III топ- түрлі аңдар мекендейді- тау жыныстары көп- түрлері көпб) Сөздік жұмысы.Аясында – құшағындаӨршіл – биікке құмарКүйік – мұң, қайғыСайын – кең,жазық.в) Өлеңді мұғалімнің оқуы.г) Сұрақ - жауап әдісімен өлеңнің мазмұнын ашу.д) Оқушылардың іштей және кезек - кезек дауыстап оқуы.е) Сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды орындау.ж) Дәптермен жұмыс.Өлеңнің ұнаған шумағын көшіріп жазу.ІҮ."Ой толғау"әдісі арқылы жаңа сабақты бекіту.
Топтық жұмыс.I топ:
а) Алтай көрінісінің әсері: көңілге күй оралады, аясына алады, сұлудай торғын киген бұлт.ә) Қосымша кендері: қорғасын, титан, магний.II топ:
а) Алтай тауының әсемдігі: жібектей бұлт жете алмаған, бұлттан өзге қона алмаған.ә) Кен байлығы: күміс, алтын, мырыш.III топ:
а) Алтайдың ұшар басы: ақша қары ақ күмістей, айға шағылып.ә) Аңдары: құлан, бұғы, марал, киік, қабылан, аю, киік, елік, ешкі.Табиғатты қорғау: оны аялау, өсімдіктерді кесіп - сындырмау, көк шөпті орынсыз таптамау, құстардың, аңдардың, өсіп - өнуіне қиянат жасамау, ұя жасап қамқор болу т. б.V. Үйге тапсырма беру.
а)Өлеңнің мазмұнын қара сөзбен әңгімелеп беру.
ә)Тақырыпқа сай суретсалу.VІ. Оқушыларды бағалау.