?аза?стан к?рмесі– 2017 EXPO


Тақырыбы: " Қазақстан көрмесі– 2017 EXPO" Мақсаты: Білімділік: ЭКСПО Халықаралық көрмелерінің тарихы туралы деректермен таныстыру.Көрмелердегіжаңалықтар және ғылым мен техникадағы, мәдениет пен өнердегі нәтижелер мен жетістіктерін көрсету және ақпараттандыру.1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихымен таныстыра отырып, 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесінің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білім қалыптастыру. Дамытушылық: Отанымызда ЭКСПО - 2017 көрмесін өткізу үшін жүргізіліп жатқан шараларға өз ой – пікірін білдіру қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту. Сабақтың түрі: топтық жұмыс Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және сайыс бөлімдерінің тапсырмалары туралы слайдтар. Сабақтың эпиграфы: «Бұл Қазақстан үшін үлкен құрмет және қуанышты оқиға. Астанада «ЭКСПО - 2017» көрмесін тұрғызамыз, өз экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз. Бұл әдемі нысан жаңа Елордамыздың ең үздік бренді болады» Н. Ә. Назарбаев.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Дүниежүзілік көрме тарихы
3. EXPO өткен қалалар
4. Шығырмашылық жұмыс
5. Сұхбаттасу сәті
6. ҚорытындылауСабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және ұстаздар! Бүгін өткізгелі отырған «Экспо 2017 – Қазақстанның болашағы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Экспо-2017 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекте аяқталады. Астанадағы көрме «Болашақтың энергиясы» деген атпен өтеді.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді:
1 - топ: «Жел энергетикасы»2 - топ:«Күн энергетикасы»
3-топ: «Болашақ энергиясы»
Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды.
2. Дүниежүзілік көрме тарихы
Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты. Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді. Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі. Мысалы, соңғы Сарагосадағы өткен EXPO-2008 көрмесінің тақырыбы: «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс. Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болады. Алғашқы бүкіләлемдік көрме 1851 жылы Лодонда өтті.Бұл үшін Хрусталь сарайы салынды. Бүкіләлемдік көрмесін бі ғимаратта өткізу идеясын байқап көрді, онда барлық экспонаттар орналастырылды.
1928 жылы Парижде Халықаралық көрме бюросы құрылды. Бүгінде
оның құрамында 168 ел кіреді.
Бүкіләлемдік көрмелерде ел назарына ұсынылған
ең танымал жаңалықтар.
1.Филадельфияда АҚШ. 1976 ж
Александр Беллдің телефон аппараты
2. Париж ,Франция, 1878 ж
Фонограф – Томас Эдисонның дыбысты жазуға және жаңғыртуға арналан құрылғысы.
3. Чикаго , АҚШ, 1893 ж
Инженер Джордж Ферис жобалаған алғашқы аттракцион биіктігі 80 м асты, ал оның салмағы 2мың тоннаға дейін жетті.
Аяқ киімге арналған алғашқы сыдырма ілгек
4. Буффало. АҚШ. 1901 ж
Жұршылыққа рентген сәулелелері таныстырылды.
5. Сент-Луис .АҚШ. 1904ж
Алғашы юалмұздаққа арналған, жеуге болатын станкан.
6. Нью-Йорк, АҚШ, 1939 ж
Тікеей эфирде алғашқы хабар тарату
Кез-келген матаны берік әрі созылғыш ететін жаңа синтетикалықматериал- нейлон таныстырылды.
7. Осако,Жапоная, 1970 ж
Тұңғыш ұялы телефонның алғашқы нұсқасы және ұфлы байланыс технологиясы
8. Чикаго .АҚШ. 1982ж
Саусақтарын басқанын сезетін алғашқы сенсорлық экран
Астанадағы EXPO -2017 Қазақстанның негізгі жобаларының бірі.
2012 ж 26 қарашада Мемлекет басшысы
«EXPO – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмені дайындаумен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 жарлығына қол қойды.
Алда өтетін «Астана EXPO – 2017» халықаралық мамандандырылған көрме нысандарын салуға бүгінде 101 қазақстан кәсіпорын тартылды.
Астанада – 65 компания
Қарағанды обылысы – 12 компания
Солтүстік Қазақстан обылысы – 1 компания
Павлодар обылысы – 2 компания
Шығыс Қазақстан обылысы – 1 компания
Оңтүстік Қазақстан обылысы – 2 компания
Ақмола обылысы – 13 компания
Алматыда – 5 компания
Жобаның түпкі ойы
«Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы – тұрақты қуат көздерін
басқаруды қамтамасыз ететін шешімдермен әдістерге қоғамдастық назарын аударуды қамтиды
3. EXPO өткен қалалар
Соңғы 7 жылда «EXPO» көрмелері мына қалаларда: 2005 жылы - Нагояда (Жапония), 2008 жылы - Сарагосада (Испания), 2010 жылы - Шанхайда (Қытай), 2012 жылы Есуде (Корея) өткізілді.
1-оқушы  Дүниежүзілік EXPO – 2005 көрмесі Жапон қаласы Нагояда өтті.
Нагоя - үкіметтің жарлығымен ерекше әкімшілік-құқықтық мәртебеге ие болған, халық саны бойынша Жапонияның төртінші қаласы. Жапонияның ірі порттарының бірі және Айти префектрасының әкімшілік орталығы. Токай экономикалық ауданының орталығы. 2005 жылы Нагоя Дүниежүзілік Экспо көрмесін қабылдады.
Нагоя — халық саны бойынша Жапонияның Токио, Йокогама және Осакадан кейінгі 4-ші қаласы. Батыстағы ежелгі жапон астанасы Киото мен шығыстағы қазіргі астана Токионың арасында орналасқандықтан оны кейде Тюкё ("аралық астана") деп те атайды.
Нагоя елдің және Батыс Жапония мен Шығыс Жапонияның басты көлік жолдары қиылысатын Тюбу өңірінің маңызды сауда-өндірістік орталығы болып табылады.
XVII ғасырдан бастап қала Овари тарихи провинциясының орталығы рөлін атқарды және жапондық сёгундардың туысы Токугава самурайлар әулетінің жанама тармағының басты резиденциясы болған.
Нагояның эмблемасы — шеңбердің ішіндегі 八 («сегіз») иероглифі. Бұл ортағасырлық қала билеушілері Овари провинциясынан шыққан Токугава әулетінің жанама тармағының ежелгі таңбасы. Жапондық аңыздарда сегіз саны шексіздікті білдіреді, сондықтан эмблема Нагояның шексіз дамуы мен өркендеуін сипаттайды. Эмблема 1907 жылдың қазанында бекітілген болатын.
1871 жылы Мэйдзи жаңа үкіметін әкімшілік реформалаудың нәтижесінде Нагоя префектурасы құрылған. Ол 6 ауданға бөлінді, олардың алғашқысы Нагоя және Ацута уездерінің ауданы болды. Бес жыл өткеннен кейін Нагоя префектурасы Айти префектурасы болып өзгертілді, тағы екі жылдан кейін Нагоя қалашығы дербес әкімшілік ауданға айналды.
1889 жылдың 1 қазанында Нагоя уезі қала мәртебесіне ие болды. Бұл кезде ол 3,34 ш.м. ауданды алып жатты, халқының саны шамамен 150700 тұрғынды құрады.
2-оқушы 
2008 жылғы ЕХРО көрмесі испандық Сарагос қаласында өтті.
EXPO-2008 — 2008 жылдың 14 маусымынан 14 қыркүйегіне дейінгі аралықта Сарагос қаласында өткен дүниежүзілік көрме.
2004 жылдың 16 желтоқсанында Сарагоса, басқа кандидаттар - Салоники мен Триестті басып озып 2008 жылғы халықаралық көрмені өткзу орны болып таңдалды. Аталмыш көрме Сарагоса қорғанысының екі жүз жылдық мерейтойына (1808 жыл) және 1908 жылғы испан-француз көрмесінің жүз жылдық меретойына тұспа-тұс келді.
Испандық өтінімнің анағұрлым күшті аргументі көрменің негізгі тұжырымдамасы "Су және тұрақты даму" ұраны болып табылды. бұл көрменің өткізілу үлгісі әмбебап ЕХРО көрмелерінен шараның қатаң тақырыптық бағытымен ерешеленді.
Танымал дизайнерлер мен суретшілердің қатысуымен конкурстарда жеңіп шыққан логотип пен бойтұмар Дүниежүзілік ЕХРО-2008 арнайы көрмесінің нышандары болып табылады.
Екі элемент те болашақ ұрпақтар үшін жаңа шешімдерді ұсыну мақсатында туындаған ЕХРО идеясын жеткізу үшін жасалған. Бұл идеяның негізінде өмірдің пайда болуының негізгі элементтерінің бірі жатыр. Су мен қала бір бірімен өте үйлесімді. Су түрінде жасалған үлкен Z әрпі ЕХРО сөзін, көрмені ұйымдастырушы қаланың аты мен оның өткзілу жылын бүркеп алған. Көк және "мөлдір" (судың түсі) түс қызылмен және сарымен үйлесім тапқан. Бұл көрменің үш әкімшілік-ұйымдастырушыларының түсі.
Флюви — бұл ЕХРО-2008 көрмесінің ресми бойтұмарын білдіретін ақкөңіл, сүйкімді, айқын және әсерлі бейненің есімі. Флюви — символикалық су тамшысы, оның оң құрамдас бөлігі. Бойтұмардың міндеті - бүкіл әлемге ЕХРО бейнесін таныстыру.
25 гектар алаңды алып жатқан көрме кешені қалалық Су саябағының құрамына кірді. Кешен қала орталығынан жиырма минуттық және автобус стансасы мен вокзалдан 700 метр жерде орналасқан. Ол қаланың негізгі көлік желілерімен байланысқан.
«EXPO-2008» Саргоса қаласының ішінде, ең суы мол испандық өзен - Эброның жағасында болды. "Су мұнарасы", "Павильон-көпір", "Өзен аквариумы" құрылыстары - бұл Саргосадағы көрме кешенінің кейбір компоненттері ғана.
Көрме аумағы сегіз бөлікке бөлінді, олардың әрқайсысы әр түрлі климаттық ахуалды сипаттады: "Қар мен мұз", "Шөл, оазис және жазық дала", "Саванна мен шалғындар", "Ормандар", "Тропикалық сельва", "Таулар мен төбелер", "Өзендер мен жазықтар", «Аралдар мен жағалаулар». Бұнымен қоса, әрбір мемлекеттің павильонында оның ұлттық тағамдары ұсынылып, елге тән өнімдер сатылымға қойылды.
Көрме кешені көрмеге қатысушы елдердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың талаптарына жауап беретін заманауи технологиялармен жабдықталды. Кешен маңында Конгрестер Сарайы, бірнеше қонақүй, жылы кешен және спорттық құрылыстар (тасқын суға ұқсайтын су арнасы, хауыздар мен өзен жағажайлары) орналасты.
14 қыркүйекте Дүниежүзілік арнайы көрме өз жұмысын аяқтаған соң "Ехро-2008" павильондары жалпы ауданы 160 000 шаршы метр болатын Іскерлік Саябағы болып өзгертілді.
Аталмыш жобаның мақсаты көрме аяқталған соң ғимараттың жаңа инфрақұрылымы құрылысының шығындарын азайту болып табылды. Павильондарды өзгертудің басты міндеті бар архитектуралық шешімдерден максималды пайда табу және ғимараттарды әрі қарай қолдануға мүмкіндік беретін әмбебаптығына қол жеткізу болды.
3-оқушы 
EXPO-2010 Шанхай қаласында (ҚХР) өтті.
EXPO-2010 — 2010 жылдың 1 мамыры мен 31 қазаны аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өткен дүниежүзілік көрме. 2010-жылғы көрме тақырыбы: "Жақсы қала - жақсы өмір".
ЕХРО-2010 көрмесі болашақтың қалаларын модельдеу арқылы ресурстардың азаюына, қылмыс деңгейінің төмендеуіне, қоршаған ортаның ластануына қатысты мәселелерді тұжырымдамалық шешуді ұсынды.
Көрменің жалпы ауданы - 5,28 шаршы шақырым. Көрмеге 190-нан астам ел және шамамен 73 млн. адам қатысты. Ұйымдастырушыларға шара 12 млрд. доллар пайда әкелді. Орта бизнес табысы, кем дегенде 20 пайызға артты.
Бұл тарихтағы алғашқы Қытай территориясындағы дүниежүзілік әмбебап көрме (1999 жылы Куньминде Дүниежүзілік өсімдіктану көрмесі өткен).
EXPO-2010 эмблемасы қол жалғасқан үш адамды бейнелейді, бұл жер шарының барлық халқын білдіреді. "Әлем" сөзінің қытайлық иероглифі мен 2010 санының үйлесімі дүниежүзілік көрме тұжырымдамасы - қарым-қатынас, әріптестік қуанышы, сондай-ақ адамзаттың өзін-өзі дамытуға ұмтылысын білдіреді.
EXPO-2010 бойтұмары — "адам" сөзін білдіретін қытай иероглифі түріндегі бейне - "Хайбао" (Hai Bao) деп аталады. эмблема сияқты бойтұмар да Қытай мәдениетінің ерекшеліктерінен көрініс береді.
ЕХРО-2010 көрмесін өткізу аумағы Хуанпу өзені арқылы Нанпу және Лупу көпірлерінің арасында, қос жағалаудағы 5,28 ш.ш. ауданда орналасты. Осы оқиға үшін арнайы Шанхай метрополитенінің бірнеше тармақтары салынды. Бұнымен қоса, Шанхай-Ханжоу маглевінің жаңа тармағын салу жоспарланған болатын, алайда жоба белгісіз мерзімге уақытша тоқтатылды.
4-оқушы 
ЕХРО-2012 көрмесі Кореяда Ёсу қаласында өткізілді.
EXPO-2012 2012 жылдың 12 мамырынан 12 тамызына дейін Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласында өткен, Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) мойындаған халықаралық көрме болып табылады. ЭКСПО-ның тақырыбы: "Жанды мұхит және жағажай" және шағын тақырыптары: "Мұхит мен жағажайды сақтау және тұрақты дамуы", "Жаңа ресурстық технологиялар" және "Шығармашылық теңіз қызметі". EXPO-2012 100-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдарды, және 8 млн. көрерменді қабылдады.
Корей павильоны Экспо-2012 тақырыбын жолдау үшін жобаланды және Кореяның көзқарасы мен рөлін бейнеледі. Көрме залы дәстүрлі корей конструкцияларымен және гүлдермен безендірілді, және қабылдаушы ел ретінде аталмыш халықаралық шараға арнайы әзірленген ресми шаралар мен оқиғалық бұрыштардың әр алуан түрлерін ұсынды. Корей теңіздерінің ерекшеліктері мен кеме жасау, теңіз көлігі, теңіз өнімдері, теңіз технологиялары және теңіз қауіпсіздігі саласындағы анағұрлым елеулі жетістіктер көрменің негізін құрады.
EXPO-2012 Халықаралық павильондарыКөрменің барлық нысандарының көп бөлігін алған халықаралық павильондар мүше-мемлекеттердің өз көрмелерін жоспарлауына және өткізуіне бөлінген территориялар болып табылды. Онда төрт тақырыптық блок болды, олардың ішінде: өмір теңізі, теңіз алмасуы, әлем теңізі және құрлық теңізі.
EXPO-2012 Тақырыптық павильондарыЖанды мұхит пен жағажайдың негізгі тұжырымдамасы "өмір" болып табылды. Өмір кеңістік, уақыт, мәдениет, ғылым, технологиялар, батыс және шығыс идеяларын ғана емес, сонымен қатар экожүйелер мен адамзатты да қамтиды. Алдыңғы көрмелерге (Сарагостағы "Су" тақырыбындағы Экспо, Лиссабондағы "Теңіз" және "Болашақ мұра" тақырыбындағы Экспо) көз сала отырып, ЕХРО-2012 өткен тұжырымдамалардың шегінен шығып, алға ұзап кетуге ұмтылды.
4. Шығырмашылық жұмыс
«Мәңгілік ел» тақырыбында сурет салу.
5. Сұхбаттасу сәті
      ЭКСПО - ның пайдасы қандай?
Баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зеттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін маңызды.Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл- ойдың қуаты мен әлеуетін паш ететін болады.Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу,қоғамдық көлік, коммунальдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді.Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орындары.Екіншіден, Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек.Үшіншіден,елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі.Көрмеге үш айда 100 елден 5 млн. адам (күн сайын 50 мыңдай) келеді деп күтілуде.Төртіншіден,ЭКСПО болашақта Қазақстанды ірі несиелер құюға болатынхалықаралық ақпараттық- экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді.
EXPO-2017 өткізу астанамыздың да, тұтас республикамыздың да экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына қосымша ынталандырушы күш болмақ. Дамуға деген жаңа, әрі айтарлықтай екпінге астана мен шектес аумақтардың шағын және орта бизнестері де ие болады, әсіресе ең алдымен – халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі мен ішкі туризм салалары. Бұл шара көрме нысандарының құрылысы мен астананың инфрақұрылымына жеке инвестициялардың көлемді бөліктерін тартуға мүмкіндік береді.
Көрме әлемді көп ұлтты мәдениетпен, ежелгі тарихпен, өнермен, дәстүрмен және қазақстандықтардық қонақжайлылығымен таныстыратын болады, ал бұл өз кезегінде Қазақстанның туристтік тартымдылығының танымалдығын арттырады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 15 қаңтарындағы №11 Қаулысына сай «Астана ЕКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы құрылған. «Астана ЕКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары:
- Астана қаласында мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуді дайындау және өткізу;
- мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталғаннан кейін ЭКСПО-2017 нысандарын пайдалану және қолдану болып табылады.
Ұлттық компанияның басты міндеті тіркелетін құжаттамалардың мазмұндық бөліктерін дайындау, ЭКСПО-2017 территориясында инфрақұрылымдар мен нысандарды жобалау және олардың құрылысын жүзеге асыру.
Ұлттық компанияның басты міндеті тіркелетін құжаттамалардың мазмұндық бөліктерін дайындау, ЭКСПО-2017 территориясында инфрақұрылымдар мен нысандарды жобалау және олардың құрылысын жүзеге асыру. 2013 жылдың шілде айында Астана қаласында Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің жаңа белгісіне ұлттық онлайн дауыс берудің қорытындысы жасалды.
6. Қорытындылау
Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.