Доклад на тему: 550 летия Казахского ханство


«Қазақ мемлекетінің негізінің қалануы»
Идрисова С.Ә.
«Ай-Нұр» жекеше лингвистикалық гимназиясы
Алматы қ., Өтеген батыр кенті
Santa.idrisova@mail.ru ХХ ғасырдың 30- жылдары С.Асфендияров қазақ халқының шығу тегі, рулық құрамы туралы мәселе қойды. Осыдан кейін қазақ халқының қалыптасуы мен оның мемлекеттігінің құрылуы туралы мәселе ұлтшылдыққа қарсы қуғын-сүргін науқаны кезінде мүлдем ұмытыла бастады.
Қазақ этнонегізі мен Қазақ хандығы тарихын таптық көзқарас тұрғысынан зерттеуге ұмтылушылық қазақ қоғамындағы қатынастар сипаты мәселесіне әкеп тіреп, мұның өзі көптеген жылдарға ұласқан ғылыми айтыстар, жорамалдарға жол ашты.
М.Қ.Қозыбаев Қазақ хандығы тарихнамасында әлі де болса ақтаңдақ проблемалар баршылығына назар аударып,бұл мемлекеттің құрылуының шешуші алғы шарттары ретінде мына факторларды ескеруді ұсынды:
1) Қазақстан жеріндегі түркі тілді тайпалардың саяси және ішкі әлеуметтік-экономикалық дамуы;
2) Қазақ хандығының құрылуының Евразия Сахарасында дәл осындай орталықтандырылған мемлекеттік құрылымдардың пайда болған кезіне сәйкес келуі;[1.19б]
3) XIV-XV ғасырлардың аралығында қыпшақ этносының бөлшектенуі, одан бірнеше халықтардың бөлініп шығып,өздерінің ұлттық мемлекеттерінің іргетасын қалады.
Қоғам дамуына көзқарастардың түбірлі өзгерістерге ұшырауы,таптық принциптерге иек артқан методологиядан жаңа танымдық теорияларға ауысу барсында Қазақ мемлекеттілігі жөнінде тарихнамада қайшылықты пікірлердің де болуы өтпелі кезеңдегі «сана дағдарыстың» көрінісі деп білеміз.Оған кейбір авторлардың әлі де болса аталмыш проблеманы «көшпелімемлекеттілік» теориялары тұрғысынан түсіндіруге тырысушылығы, Қазақстан аумағындағы этногенетикалық процестер мен мемлекеттік дәстүрдің тарихи сабақтастық сипатын жоққа шығаруға әрекеттенуі, Қазақ халқының түркілік болмысын, дүниежүзілік болмысын, дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін бұрмалап көрсетуге бейімділік танытуы дәләл бола алады.
С.Ж. Асфендияровтың пікірінше, қазақ халқының процесінің заңдылықтары мен ерекшеліктері мынандай ретте орын алған. Ең алдымен, көшпелі түрік-моңғол халықтары Түркістанның шаруашылығы, тұрмыс –салты және тілдері жат отырықшы халықтары- тәжіктер мен арабтардан бөлектенген. Кейін көшпелілердің бір бөлігі отырықшылықта көшіп, тәжіктермен сіңісе бастағанда, олар өздерін «сарттар» (саудагерлер) атанған отырықшы туыстарына қарсы қойды. Ол кезде көшпелілер мен «Сарттар» арасындағы айырмашылықтар тілінде емес, кәсібінде болды. Автордың пікірінше, Орталық Азия аумағында түрлі этникалық топтардың қалыптасуы үш кезеңді бастан кешірген.
Бірінші кезең. Азияның далалық өңірінің халықтары, оның ішінде қазіргі кездегі Қазақстан аумағында да өмір сүрген халықтар қоғамдық дамудың төменгі сатысындағы құрылымдарға бірікті. Бұл кезеңге ұлттық шекаралардың тұрақсыздығы тән.
Екінші кезең. Шығыс және батыс далалық мекендер тұрғындарының арасы ажырайды. Бұл жағдай шаруашылық пен тілдегі айырмашылықтарға, осыдан келіп, халықтардың жаңа топтарының батыста – татарлар, қазақ-ноғай - өзбек одағы, сарттар одағы, тәжіктердің, шығыста- моңғолдар, буряттардың және ойраттардың қалыптасуына алып келеді.
Үшінші кезең. Халықтардың жаңадан топтасуы жаңадан орын алады: Солтүстік Кавказға қоныс аударған ноғайлар, Түркістанға көшкен өзбектер, далалық өңірде қалып қойған қазақтар көзге түседі. Сөйтіп белгілі бір территорияда оқшауланып қалған халықтардың шаруашылығында, тілі мен тұрмыс –салтындағы айырмашылықтардың күшейе түсуіне байланысты олар да өздеріне тән тұрақты ұлттық нышандар да жетіле түсті. [2,112б ] Х.М.Әділгереев қазақ халқының құрылымын алғышарттары ретінде қазақ жүздерінің X ғасырда пайда болғандығын растайтын деректерді алға тартады. Олардың ішінде Х ғасыр авторы Әль-Масудидің «Алтын көгалдар» кітабындағы: «бір бөлігі көшпенділер, бір бөлігі қала тұрғындары және олар ғұз тайпалары үш ордаға: үлкен, кіші және орта ордаларға бөлінеді» деген мәліметін келтіреді.
Ал, Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы Жәнібек пен Керейдің Шу мен Қозыбасыға қоныс аудару кезінде емес, кейінірек орын алды деп есептейді. Бұрын бір одақта ұзақ уақыт бірге болмаған, бір-біріне бағынбаған үщ мемлекеттің құрамында жүрген тілі бірдей, тұрмыс –салты бірге, шаруашылық үрдісі бірдей көшпелі тайпалардың жаңа саяси одаққа бірігуі атақты Ақназар ханның тұсында тиянақталды дейді. Бұл пікіріді М.Қозыбаев 1993 жылы айтқан еді.
INCLUDEPICTURE "http://uri.demidov.mobi/blog/wp-content/uploads/2012/03/84794223_3649429_7b168321d763a80b8264dd8b6593082a.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://uri.demidov.mobi/blog/wp-content/uploads/2012/03/84794223_3649429_7b168321d763a80b8264dd8b6593082a.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://uri.demidov.mobi/blog/wp-content/uploads/2012/03/84794223_3649429_7b168321d763a80b8264dd8b6593082a.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://uri.demidov.mobi/blog/wp-content/uploads/2012/03/84794223_3649429_7b168321d763a80b8264dd8b6593082a.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://uri.demidov.mobi/blog/wp-content/uploads/2012/03/84794223_3649429_7b168321d763a80b8264dd8b6593082a.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://uri.demidov.mobi/blog/wp-content/uploads/2012/03/84794223_3649429_7b168321d763a80b8264dd8b6593082a.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://uri.demidov.mobi/blog/wp-content/uploads/2012/03/84794223_3649429_7b168321d763a80b8264dd8b6593082a.jpg" \* MERGEFORMATINET Л.Гумелев қазақ пен өзбек хандықтарын құрушылар Тоқтамыс ханның қол астында жаугершілікпен өмір сүрегендер десе, тарақты Ақселеу осы күнгі ғылым тілінде көшпелі өзбектер деп жүргендердің бәрі көшпелі қазақтар болатын деп , тарихи фактілерге жеңістік бермейді. Тоқтамыс ханның Әмір Темірден жеңіліп жұртымен қоштасардағы:
Байтағымның ішінде ,
Он сан елім ноғайлым,
Сені тағы алдырттым.
Он сан ноғай ішінде,
Үш жүз алпыс отау қазағым,
Сені тағы алдырттым,
Аман бол менен соң ! - деген сөздеріне қарағанда, қазақтар XIV ғасырдың өзінде жеке халық ретінде өмір сүрген деген уәж айтылады.[2, 112б] Қазақтардың халық болып қалыптасуына , әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. Бірі – Қарахан мемлекеті болса, екіншісі – Қыпшақ хандығы. Қазақ сөзінің шығу тегінің өзі қыпшақтар мекен еткен аймақтарда да пайда болған. Сонымен қатар, “Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) кездеседі.
Ендігі сөз, көшпелі қоғамда мемлекеттік проблема болған ба? - деген сұрақ туындайды.
Қазақ мемлекеттілік дәстүрінің сабақтастығын қамтамасыз етуде түрік тайпаларының өздерінің этномәдени бірлігін сақтап қалуы маңызды фактор болды. Олар наймандар, керейттер, маңғыттар және тағы басқалар да өз іштеріне сіңіріп әкетіп, Қытайдан қыпшақ супер этносын құрады. Түрік тайпалары Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттерінің құрылуында да шешуші рөл атқарды.
ХVIII-XIX ғасырдардағы орыс авторларының еңбектерінде (А.И.Левшин, А.Майер,т.б.) бір орталыққа бағынған мемлекет болған жоқ, үш жүзге бөлінген тайпалар бірлестігі ғана өмір сүрді деген пікір үстем болды. INCLUDEPICTURE "http://kctp.ucoz.kz/_ph/14/913072452.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kctp.ucoz.kz/_ph/14/913072452.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kctp.ucoz.kz/_ph/14/913072452.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kctp.ucoz.kz/_ph/14/913072452.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kctp.ucoz.kz/_ph/14/913072452.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kctp.ucoz.kz/_ph/14/913072452.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kctp.ucoz.kz/_ph/14/913072452.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kctp.ucoz.kz/_ph/14/913072452.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kctp.ucoz.kz/_ph/14/913072452.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kctp.ucoz.kz/_ph/14/913072452.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kctp.ucoz.kz/_ph/14/913072452.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kctp.ucoz.kz/_ph/14/913072452.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kctp.ucoz.kz/_ph/14/913072452.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kctp.ucoz.kz/_ph/14/913072452.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://kaz.gazeta.kz/preview/image28728.jpg" \* MERGEFORMATINET Көшпелілер қоғамындағы мемлекеттілік мәселесін осы қоғамдық қатынастардың даму дәрежесіне сәйкес зерттеу әдісі әсіресе, 50-60 жылдары кең таралды.
Методологиялық тұрғыдан Қазақ хандығының пайда болуы мен құрылуының тарихи қажеттілігін қоғамның таптарға бөлінуі мен тап күресінің шиеленісуіне апарып тіреу, бұл институтты бір таптың екінші тапты бағыныштылыққа ұстап тұру құралы ретінде санау кеңес дәуіріндегі барлық зерттеулерге тән болды. С.Е. Толыбеков қазақ хандығы мемлекеттілік дамудың алғашқы сатысы, оған «әскери демократияның барлық белгілері тән» деп есептеді және «Қазақ хандықтарында тұрақсыз мемлекеттік бірлестіктер болды» деген пікірі де бар. Ал, М.К. Әбусейітов мемлекеттілік көшпелілердің отырықшы қоғаммен өзара қатынас орнатуға мәжбүр болған жерлердің барлығында да пайда болды деп есептейді. Бірақ әңгіме мемлекеттілікті олардың отырықшы көршілерінен «көшіріп» алғандығы емес, көшпелілер өздеріне ғана тән бірегей саяси жүйе құра білді деп ескертеді. Ж.О.Артықбаевтың пікірінше,тарихи қазақтанудың шектеулігі қоғам мен мемлекет тарихы проблемаларын біржақты материалистік тұрғыдан зерделеуден өнімнің алынуы, осы негізде таптардың пайда болуы, таптық күрестің өршуі деп есептелінеді. Егер таратып айтатын болсақ, үстем рулық жүйе, сословиелік құрылым, тәуелділіктегі қалалық және егіншілікті өңірлер негізгі субстар ретінде әрекет жасайды. Олардың бір саяси организмде щоғырлануы нәтижесінде мемлекет құрылады, ал мемлекет субстраттардың бірыңғай жүйе ретінде қызмет жасауын қамтамасыз етеді, әсіресе, этногенез процесінің бір арнада дамуына қолайлы жағдай тудырады. Дегенмен «мемлекет» ұғымы жөнінде де пікірталастардың әлі бір арнаға түсе қоймағанын айта кету керек. Хоккайдо университетінің (Жапония) доценті Уяма Томохико: «Ең алдымен, саясаттанушылар арасында «мемлекет» дегеніміздің не екендігі туралы бірыңғай пікір жоқ, «мемлекет» ұғымының жүзден астам анықтамасы бар.[4,304б] Егер біздер отырықшы халықтар мемлекетінің сипаттамаларына негізделген тар шеңберлі анықтаманы қабылдасақ, онда Қазақ хандығы мемлекет болып есептелмейді. Ал, егер «мемлекет» ұғымын кең көлемде түсінсек, онда бұл хандық мемлекет қатарына жатады. Ж.О.Артықбаевтың көзқарастарында ғана сонылық байқалады. Оның пікірінше, мемлекет дегеніміз, біріншіден – қоғамды ұйымдастырушы, реттеуші жүйе, екіншіден-қоғамның ресми билік органдарының және атрибуттарының тұтас жиынтығы.
Қазақ мемлекеттігінің тарихнамасы қазақ халқының этногенезі жөніндегі автохтондық және миграциялық концепциялар ықпалымен қалыптасқан. Қазақ хандығының құрылуын Жәнібек пен Керейдің Шу бойына қоныс аударуымен түсіндірсе, алғашқы көзқарастағы тарихшылар бұл құрылымның бастауын ерте заманнан іздестіреді, былай айтқанда, Қазақ хандығының дүниеге келуін ахуалдық оқиға ретінде қарастырады да, оны қандай да болмасын заңдылықтар немесе тарихи алғышарттардың қорытындысы деп есептемейді. Қазақ хандығының құрылуының қайнар көзі көне заманнан - ғұндар, үйсіндер, қаңлылардың мемлекеттік бірлестіктерінен, түркі тілдес тайпалардың ішкі қоғамдық-эканомикалық дамуы нәтижесінде емес, «кездейсоқ оқиғалар» жиынтығы нәтижесінде мемлекеттік құрылымға бірікті деген тәріздес пікірді нақтылы тарихи материалдарды теріске шығарып отыр. Ал, енді археология ғылымын жетістіктері мен тарихшылардың соңғы ізденістері Қазақстанның көне тұрғындарының (үйсіндер, қаңлылар) өзінде мемлекеттілік болғандығын көрсетті. Осыған байланысты Қазақ хандығының құрылуының әлеуметтік-экономиялық және саяси алғышарттарына назар аударыла бастады. Бірақ XIV-XVғасырларда құралған этносаяси бірлестіктердің дамуына ішкі процестерге негізделген заңдылықтардан гөрі, жаулаушылық, қоныс аударушылық сияқты сыртқы факторларға басым мән беріп келе жатқан авторлардың да барлығын жоққа шығаруға болмайды. Алайда, қазақ мемлекеттігінің дамуы жолындағы маңызды саты - Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай ордасы, Сібір хандығы мемлекеттерінің құрылуы болып табылады. XIV-XV ғасырларда Шығыс Дешті- Қыпшақ пен Жетісудағы жергілікті халық мемлекеттігінің дамуы Қазақстанның оңтүстігінде шаруашылықтың , қалалар мен егіншіліктің бірте-бірте қалпына келтіруі негізінде , қоғамдық қатынастарының біршама өрістеуі жағдайында орын алғандығы жөнінде көрсетіледі.[4,304б]
XV ғасырдың ортасында Тоғылық-Темірдің кезінде Жетісу (Моғолстан) Мауреннахрдан саяси тұрғыдан жеке бөлініп шықты. Бұл оқиға Орта Азияның этникалық тарихына да әсер етіп, өзбек және қырғыз халықтарының болашақта жекеленуіне әкелді. Бөлшектену, жіктелу процесі Орта Азия мен Қазақстан аумағында толассыз жүріп жатты. XIІІ – XV ғасырларда көшпелі түріктер өз бектерінің басшылығымен «ұлыстар», «елдерді» құрды. Солардың бірі Әмір Темір 1376 жылы талқандаған Қашқариядағы Жалайырлар ұлысы болды. XV ғасырда Жетісуда қаңлы тайпасының бір тобы өз жетекшісі Бекшіктің есімімен «Бекшік ұлысы» деп аталды. Еуразия кеңістігіндегі ыдырау-бірігу процестері сан алуан ұлыстар мен елдердің пайда болуы тарихи оқиғаларға белгілі бір дәрежеде әсер еткен болар.
XIII ғасырдың басында енді дамып келе жатқанда моңғол шапқыншылығы басталды, сөйтіп халық болып қалыптасу процесі тоқталды. Халық болып қалыптасу процесі XV ғасырға дейін, немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдеді. Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғынымен халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын моңғол – шапқыншылығының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп XIV ғ. толық түркіленіп кетеді.
[3,3-9бб]
Қазақ хандығының құрылуы жөнінде әр түрлі пікірлер айтылып келгенін бәріміз де білеміз. Кейбір зерттеушілер қазақ халқының құрамына енген жеке тайпалардың мемлекеттік бірлестіктерін негізге алып, қазақ мемлекетінің бастауын сол кезеңдермен байланыстырады. Енді бір авторлар Шыңғыс хан мемлекетіндегі халықтың басым көпшілігін, кейіннен қазақ халқының құрамына енген тайпалар құрғандықтан Қазақ хандығы тарихын сол уақыттан бастауды жөн санайды. Қазіргі кездің өзінде де Қазақ хандығының құрылуы жөнінде басқа да көзқарастар бар екендігін айтуға болады. Әсіресе, ауыз әдебиеті мәліметтеріне сүйенген авторлар, Ақ Орда мемлекетін Қазақ хандығы қазіргі Қазақстан аумағының батыс өңірінде құрылғандығы жөнінде өз болжамдарын ұсынады. Дегенмен, тарихшы –ғалымдардың басым көпшілігі қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасқан кезеңіндегі мемлекетін – Қазақ хандығын меже ретінде ұстанады.
Әбілқайыр мемлекеті, Керей мен Жәнібектің Моғолстанға қоныс аударуы сияқты оқиғалар жататындығын көпшілік тарихшылар мойындайды, бірақ Қазақ хандығының іргетасы осы кезде қаланды ма деген мәселе төңірегінде әр қилы пікірлер айтылады. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы оқиғалар – Алтын Орданың ыдырауы, Жошы ұрпақтарының арасындағы тақ үшін тартыс , Әбілқайыр мемлекетінің тарихы отандық және шетелдік тарихнамада біршама зерттелген. Қазақ хандығының құрылуы, қазіргі кездегі тарихшылардың зерттеу қорытындылары бойынша , өзінен бұрынғы Ақ Орда және Моғолстан секілді мемлекеттердің дамуының заңды жалғасы ретінде қарастырылады. XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері белең алды.
[4, 304б] Қазақстанның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды.Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында тұратын Орта жүздің қазақтары қоныс аударды. Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуымен қатар жүрді. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалы өңірлерді өзінің экономикалык және әскери базасы деп таныды.
«Болашақ – қашан да жұмбақ». Ол кезде шындығында да олар қашқындар болды. Ол уақытта Керей мен Жәнібек көршілері – моғолдардың басшылармен қатынастары қалай өрбитінін де, жат жердегі өмірлерінің қиындықтарын да, енді он жылдан кейін Өзбек ұлысына қайта оралып, Шығыс Дешті-Қыпшақта жаңа мемлекеттің –Қазақ хандығының негізін қалайтындығын да білген жоқ» - деп жазады.
Сөзімді қорытындылай келе, сан ғасырлар бойы отарлық езгіде болып келген қазақ елінің егемендікке қол жеткізуі өзінің өткен тарихын объективтік шындық тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік туғызды. Әсіресе, Қазақ хандығының құрылу тарихын жүйелі түрде зерттеп, Еуразия кеңістігіндегі көшпелілердің ежелден келе жатқан бай мемлекеттілік дәстүрі болғандығын, сол негізде олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан өзіндік үлесін анықтау тарих ғылымының өзекті мәселелерінің біріне айналды.
Қазақ хандығының құрылуын Жәнібек пен Керейдің Шу бойына қоныс аудару кезеңінен бастаса, алғашқы көзқарастағы авторлар бұл құрылымның алғы шарттарын ерте заманнан іздестірді. Басқаша айтқанда, бірі Қазақ хандығының дүниеге келуін ахуалды оқиға ретінде қарастырады да, оны қандай да болмасын заңдылықтар немесе тарихи факторлар әрекетінің нәтижесі деп есептемейді. Екіншілері, Қазақ хандығының құрылуының қайнар көзі көне дәуірден – ғұндар, үйсіндер, қаңлылардың мемлекеттік бірлестіктерінен, Түрік қағандығынан басталатындығы туралы пікірді қолдайды. Олар Қазақтан аумағында түркі тілдес тайпалардың ішкі қоғамдық-экономикалық дамуы нәтижесінде емес, «кездейсоқ оқиғалар» жиынтығының ықпалымен мемлекеттілік құрылымға бірікті деген пікірді нақытылы тарихи материалдарды жүйелі түрде зерттеу арқылы теріске шығарды.
Тарихшылар Қазақ хандығының іргетасының қалануын Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібектің XV ғасырдың орта кезінде көршілес Моғолстан жеріне көшіп кетуімен байланыстырады. Бұл туралы аталмыш екі тарихнамалық ағым, осы оқиғаны тарихи маңызын түрліше бағалаудан да туындап отыр. Бірінші ағым өкілдері Керей мен Жәнібектің Шу мен Қозыбасы өңіріне келіп, бөлек өмір сүруін Қазақ хандығының құрылуына шешуші ықпал жасаған оқиға ретінде қабылдаса, екінші топтағы авторлар оны «стратегиялық шегініс» ретінде қарасытарды да, хандықтың құрылуын Керей мен Жәнібектің XV ғасырдың 60-70 жылдарына бұрынғы Әбілқайыр хандығының аумағында өз билігін жүргізе бастау кезеңіне ығыстырады.
Биыл 2015 жылы «Қазақ хандығына -550 жыл». Атаулы тарихи оқиға қазақ елі үшін үлкен мәртебе болса, бір шетінен, бұл оқиға – сонау ата-бабаларымыздың маңдай терімен құрған мемлекеттілігі еді. Өткен тарихымыз – бұл келешек үшін үлкен баспалдақ . Қазақ елінің келешегі жарқын, мемлекеттілігі берік болсын!

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жолдасбайұлы С. «Қазақ қалай халық болды?» Алматы, Атамұра, 1995 ж., 19-21бб [1]
Тарақты Ақселеу «Көшпелілер тарихы» Алматы, Атамұра-Қазақстан,1995ж.,112б [2]
3.Қозыбаев М. «Жалаңтөс бахадүр – Тұран өркениетінің ұлы перзенті» Алтын Орда, 2001ж.,15 маусым, 4-9бб [3]
4. Асфендияров С. «История Казахстана» (с древнейших времен) , Алматы, 1993г.,304б [4]
Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті
«Ай-Нұр» жекеше лингвистикалық гимназиясы
Баяндама тақырыбы:
«Қазақ мемлекетінің негізінің қалануы»
(Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады)
Тарих пәні мұғалімі: Идрисова Санта Әнетқызы
Алматы қаласы, 2015