550 лет Казахского ханство


КМҚК «ЖІТІҚАРА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
КГКП «ЖИТИКАРИНСКИЙ ПОЛИТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»
Жалпыбілімдік пәндердің циклдық комиссиясы
Цикловая комиссия общеобразовательных дисциплин
циклдық комиссиясында БЕКІТЕМІН БЕКІТЕМІН
ҚАРАЛДЫдиректордың оқу директордың оқу іс жөніндегі
______________________әдістемелік іс жөніндегі орынбасары ______________
Хаттама № _________________________ «___» _______________ 20 _ ж."____"___________20 _ж.

Дөңгелек үстел - Круглый стол
«Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл»
Өткізу күні /Дата проведения__11.03.2015_
Преподаватель Уразгельдин. Т.М.
2014-2015 оқу жылы
Жітіқара қаласы
Дөңгелек үстелТақырыбы: Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жылСабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін мекендеген ру - тайпалардың қоғамдық - саяси, экономикалық, мәдени байланыстары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген арман - тілектерінің арқасында құрылған Қазақ хандығы туралы түсінік беру.Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын арқылы тарихи танымын дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа. туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру сәті:Оқытушы: Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатынын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеді. Бұл – қалың қазақты бір жасатып тастады.Армысыздар бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған оқытушылар, студенттер. Бүгінгі тақырып - Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Осы ерекше датаның бүгінде мәні мен маңызы қандай? Дүбірлі той өз деңгейінде аталып өтуі үшін біз қандай үлес қоса аламыз? Міне осы сауалдар төңірегінде бүгін қызу талқылаулар болмақ.
Видео көрсетілім (қазақ хандығы)1456 - шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян.«Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз пен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет болса керек ті.
Ал енді баяндамаларды тыңдайық.
Баяндама тақырыптары:1. Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек хандар.Сандуғаш МД-142. Образование казахской народности (Темирлан МД-14)3. Демографическое ситуация Казахстана со времен становление Казахского ханства. (Бахыт МД-14 )4. Қазақ хандығы Тәуке хан кезеңінде. «Жеті Жарғы» заңдары. (Акбота нПО-13)5. Абылай хан - көреген саясаткер және дипломат. Видео Баяндаманың тақырыбы: _________________________Берілетін уақыт 5 - 7 минут.Оқытушы: Баяндамаңызға көп рахмет. Тыңдаушылар тарапынан қойылатын сұрақтар бар ма? (ортаға тасталар сұрақтар) Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алды ма? Хандықтың құрылуының бүгінде маңызы қандай?: Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Әрине, ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым - қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн.Келесі кезекте осы тақырып төңірегінде мына бір шағын бейнежазбаны тамашаласақ. Бейнебаянды тамашалай отырып өз ойларыңызды да қорыта отырыңыздар. (№ 1бейнебаян көрсетіледі.)Оқытушы: Бейнебаянды тамашаладық. Барлығының айтып жатқаны мерекені тойлау қажет. Бірақ қалай?• Бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналған осы хандығымыздың 550 жылдығын сіздердің ойларыңызша қалай атап өткен жөн?• Бұл айрықша датаға біз қандай үлесімізді қоса аламыз?• Қандай шаралар атқарылғаны жөн?Қорытынды. Құрметті ұстаздар қауымы және білім алушылар бүгінгі іс шараға қатысқандарыңызға үлкен рахмет. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны.Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп сабағымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет.