Ашы? сабы?. Сауат ашу. Та?ырыбы: С с дыбысы мен ?рпі.


С дыбысы мен әрпі
Пәні: Сауат ашуСабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі.Сабақтың мақсаты:Білімділігі: «С» дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру. Сөздерді буынға бөлгізу. Балалардың тілін дамыту. «С» әрпінің жазба түрімен таныстыру. Әдемі, таза жазуға баулу.Дамытушылығы: с дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, ойлау қабілетін, сөздік қорларын, сөйлеу тілін дамыту.Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұйымшылдылыққа, жинақылыққа, шапшаңдылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.Түрі: панорамалық сабақТипі: ойынКөрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, жұмбақ, суреттер, ребус, ойын, жаңылтпаш.Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, баяндауСабақтың барысы:І Ұйымдастыру бөлімі:Психологиялық дайындық.Қуан, шаттан алақай,Қуанатын күн бүгінҚайырлы түн, қайырлы күнКүліп шықты бүгін күн- Бүгінгі сабағымызда серуенге шығамыз. Серуенге шығу үшін бәріміз де мынандай белгі болу керек. Бұл не?- Сағат- Сағатты қалай пайдаланамыз?- Уақытты білу үшін, бізге сағат керек. Сондықтанда сағат бізге қажет. Сағатқа қарап отырып, серуенді уақытында аяқтауымыз керек. Жолға ұранмен аттанамыз.Ұран: Дәптерімізді ашайықСалақтықтан қашайықҚолға қалам алайықӘдемі етіп жазайық- Жақсы ұранымыз дайын болса, дәптерімізді ашып, күннің жадын жазып, көркем жазу жазамыз.Көркем жазу.Қатар – қатар көк терекКөкке бойлап өседіЖапырағы көкпеңбекСәнге бөлер көшеніСуреттер үлестіру:- Ұранымыз дайын, енді әрі қарай жолға аттанамыз. Жолда кедергілер өте көп болады.Сұрақтарға жақсы жауап беріп, тапсырманы дұрыс орындасақ, кедергілерден өтетін боламыз.1 - кедергіден өту үшін мен сіздерге жұмбақ жасырайын.1. Жаздай інге тығылып,Жатқан қызыл түлкініҚұйрығынан суырыпӘкелді әкем бір күні ( Сәбіз )2. Сәбіз сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар.- 5 әріп 5 дыбыс2 - кедергіден өту үшін жылдың төрт мезгілін айтайық- Күз, - Қыс, - Көктем, - Жаз.- Олай болса өтілген әріптерді есімізге түсірейік.- А, Т, П, Р, Л, Ғ, Н, И, О, Ш,- Өте жақсы3 – кедергіден өту үшін ребус шешуРебустың шешуі: 1. Айгүл, 2. Күш, 3. Үйрек.Жаңа сабақты меңгерту:« С» дыбысы мен әрпі- «С» дыбысы дауыссыз дыбыстар қатарына жатады. Себебі ол дауысты дыбыс сияқты еркін айтылмайды. Тіс пен тіл арқылы шығады. «С»дыбысы құлаққа қатаң естіледі.- Балалар суреттен не көріп тұрмыз?- Сағат- Сағат не үшін адамдарға қажет?- Уақытты білу үшін- Сағаттың тілін қалай жүретінін білеміз бе?- Білеміз- Сағатты танимыз ба?- Танимыз- Енді балалар бәріміз қосылып «С» дыбысын бірнеше рет қайталайық.- Балалар үстел үстінде не тұр?- Сағат- Қане тыңдайық, сағат қандай дыбыс беріп тұр?- Сырт – сырт- Қане бәріміз қосылып осы сөзді қайталап айтайық- «Сырт – сырт» сөзі сөздің басында «с»дыбысы кездесіп тұр.- Балалар, жаңбыр қайтіп жауады?- Жаңбыр «тырс – тырс»етіп жауады.- Біздің өтіп жатқан «С» дыбысы бар ма?- Бар.- Сөздің соңында «с»дыбысы кездесіп тұр.Сергіту сәтіАспаға қарап ай көрдікТөменге қарап жер көрдікОңға, солға бұрылыпЕгеменді ел көрдік4 - кедергіден өту үшін суретпен жұмыс- Балалар, суреттен не көріп тұрмыз?- Сиыр- Сиыр қандай жануар?- Үй жануары- Сиыр сөзінде «С әрпі бар ма?- Бар- Сиырдың адамдарға пайдасы бар ма?- Сиыр адамдарға пайдалы, сиырдан сүт, қаймақ, айран, май, құрт жасалады.5 - кедергіден өту үшін дәптермен жұмыс1. С с әрпін жазғызу2. Сөзді оқытқызу С - а, са, са - ла, сала3. Сағат, сырға, сәукеле, сандықОйын: «Сиқырлы сандық»Сандық ашылады. Ішінен сурет алып, буынға бөліп, сөйлем құрау. Мысалы: Сырға, сәукеле, сандық, сырмақ, сағат.Жұмбақ шешу:1. Дәмі де жоқ түсі жоқПайдаланбас кісі жоқ (Су )2. Сыртылдайды күніменСыртылдайды түніменБілгің келсе уақыттыКөрсетеді тілімен ( Сағат )Сабақты бекіту. Суретпен жұмыс. Суреттерге қарап сөйлем құрау.Қорытынды. Сөзжұмбақ шешуЖаңылтпаш жаттау.Алма, алма, бал алЖая алма жал алОйын: «Гүл теру»Мақтау, мадақтау.Сағат суретін сыйға беру.Үйге тапсырма беру: С әрпіне сөздер құрап келу.