Урок по Сауат ашу ж?не жазу на тему Гг дыбысы мен ?рпі.( 3 группа)


4268470-26797000-685800-342900
00
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
С.Мұқанов атындағы орта мектебі
Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Гг дыбысы мен әрпі
Тәрбиеші: Г.Ельжанова
-76073022161500
43434005651500
2014 – 2015 оқу жылы
Сауат ашу және жазу
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Гг дыбысы мен әрпі.
Мақсаттары:
Білімділігі: Оқушыларға Гг дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішінде Гг
дыбысының ерекшелігін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау
жасату арқылы Гг дыбысының дауыссыз екенін байқату.
Г әрпінің баспа түрін жазуды үйрету.
Дамытушылығы: Байланыстырып сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу
дағдыларын, сөздік қорларын, өз беттерінше жұмыс жасау
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Ұқыптылыққа, сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, ойын.
Көрнекілігі: Суреттер, Г әрпінің баспа, жазба түріндегі жазылу үлгісі,
текшелер, сөзжұмбақ, ребус, мультимедия.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
ІІ. Ойын «Гүл құрастыру».
Сұрақ – жауап арқылы өткен сабақтарды еске түсіріп гүл
құрастырылады.

- Балалар біз нені құрастырып шығардық?
- Гүл құрастырдық.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Енді мына бір өлеңге құлақ түріңдерші.
«Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер көк гүлдер» деген өлең жолдарында не туралы айтылған?
Гүлдер.
Гүл сөзінің басында қандай дыбыс естіп отырмыз?
Г дыбысы.
Олай болса бүгін Гг дыбысы және әрпімен танысамыз.
Суреттер арқылы түсіндіру. Гитара, егін, кереге сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы г дыбысының орнын ажыратқызу.Г әрпінің баспа, жазба түріндегі жазылу үлгісі таныстырылады.

Г дыбысын дыбыстап айтып көрейік. Г қандай дыбыс?
- Дауыссыз.
- Дұрыс. Г дыбысы дауыссыз дыбыс. Сондықтан көк текшемен белгіленеді.
ІҮ. Қызығушылықты ояту.
Жұмбақтар шешу.
Жұпар иісі еседі, Өшірді сүртті
Жайнап бақта өседі. Өзгені құртты
Қай әріптен басталған, Өзін де құртты.
Аты не кім шешеді?

Ү. Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі буындарды, сөздерді, сөйлемдерді оқыту.
Тәрбиешінің оқуы.
Хормен оқыту.
Жеке оқыту.

Г г әрпін ауада, тақтаға жазып көрсету.

Дәптерге үлгі бойынша г дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

ҮІ. Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
ҮІІ. Ребус шешу.

ҮІІІ. Ойын «Адасқан әріптер».


л ү г к ө р г е ш і н е г е ш
ІХ. Сергіту сәті.
Паравоз.
Гу-гу, гу-гу гуілде,
Қалып қойма бірің де.
«Пыш-пыш, пыш-пыш»
Біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Х. Сөзжұмбақ шешу.
Суретке қарап Г әрпінің орнын белгілейміз.





ХІ. Қорытындылау.
3086100162560сім
00сім
Ойын «Буыннан сөз құра».

3086100638810жан00жан3200400122555ден00ден2628900463550002628900463550002628900635000


Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Г дыбысы қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгіледік?
ХІІ. Мадақтау.