Сауат ашу


Сабақтың тақырыбы: «Һ»дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларғаҺ таңбасын таныстырып, Һ дыбысы мен әрпі туралы білім беру, сөз ішінен һ әрпін табу, олардың тілдік, сөздік қорларына мән беру мәнін ажырата білу;
Дамытушылық: баланың тілін бейнелі тілмен дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілетін, қиялын дамыту;
Тәрбиелік: ойындарды пайдаланып оқушыларды еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,
Көрнекілігі: сюжетті суреттер, сызбалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Балалар, бізге бүгін Қожанасыр аталарымыз қонаққа келді. Оның сіздерге арнап әкелген «Сыр сандығы» бар екен. Сол сандықты ашу үшін мына екі тапсырманы орындасақ сандықтың сыры ашылады. Ендеше, тапсырманы орындайық.
Балалар, біз өткен сабақта қай әріппен танысып едік?
«Сыр сандықтың» бірінші тапсырмасы: алдарыңа үлестіріліп берілген суреттерге мұқият қарап, атауында һ дыбысы бар бар суреттерді белгілеу керек.

«Сыр сандықтың» екінші тапсырмасы: берілген суреттерді атап, атауында «п» мен «б» дыбыстары бар суреттерді тиісті әріптер тұсына жинау керек.




Жарайсыңдар, балалар. «Сыр сандықтың» сыры ашылды. Сандықта бүгінгі біз танысатын жаңа дыбыс, жаңа әріп бар екен. Олай болса тақтаға көңіл аударайық.
Жаңа сабақ.
Қазақтың көне жерінде,
Айдаһар өмір сүріпті.
Патша боп көп жыл тұрыпты,
Күшсізді талай жалмапты,
Тіссізді талай қандапты...
Өлең не жайында?
Өлең айдаһар жайында.
Осы өлеңдегі сөздің ішіндегі бізге таныс емес дыбысты табайық.
6356355499735




Ол «һ» дыбысы. Бірге айтайық.
Һ – Һ – Һ
Һ дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстар қай үйде тұрады?
Дұрыс. Әрине, дауыссыз дыбыстар көк үйде тұрады.
Тақтамен жұмыс.
Кәне, балалар, тақтаға қарайық.
Талдан иген ағаш ап,
-Жүйрік болсын балам,-деп
«һ»-ға ұқсаған көмекші – ат,
Жасап берді Адамбек.
Орындыққа қарайық,
Ұқсайды екен қай әріп?
Ізетті қыз Гүлімжан:
-Отырған,-деп нұсқайды.
Орындығы ұсынған,
«һ» әрпіне ұқсайды.
Сөздік жұмысы.
Ендеше, «Һ» дыбысы бар сөздерді мұқият тыңдап, есімізге сақтайық.
Айдаһармен алысқан
Талай-талай қаһарман.
Жеңіспенен табысқан,
Шыққан осы шаһардан.
Баһадүр, қаһарман, шаһар, гауһар, айдаһар, жиһаз, жиһан.
Мына сөздерге алдымыздағы текшелер арқылы дыбыстық талдау жасайық.
Дәптермен жұмыс.
Қазақ тілінде «һ» дыбысынан басталатын сөз болмағандықтан, «һ» әрпінің бас әрпі жоқ.
Ендеше «һ» дыбысының таңбасымен танысамыз.
Үлкен жолдың ортасынан қаламымызды қойып, астыңғы сызыққа дейін түзу түсіріп, сол сызықты бастыра қайта жоғары көтереміз де, оңға қарай бұра үстіңгі сызыққа тигізе доға сызамыз да төмен түсіреміз.
Алдымен ауада жазып көрелік.
Енді, дәптерімізді ашып «һ» әрпін жазайық.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу.
Сергіту сәті. «Буын жоғалттым» ойны.
Алдымыздағы тапсырма бойынша жоғалтқан бундарды тауып, алдыңғы буынды толықтырып жазайық.

Шығармашылық жұмыс.
Алдарыңызға берілген гауһар тасты құрастырып, желіммен жапсырмалаймыз.

Сабақты қорытындылау.
Алдымыздағы мына суретке мұқият қарап, атауында «һ» дыбысы бар сөздерді белгілейміз.
Кітап, жиһаз, айдаһар, гаухар.

Бағалау, мадақтау.
Балалар, бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, бәріңде жарайсыңдар.
Мұғалімнің айтқанын,
Мықтап миға тоқимыз.
Бар ынтамен тыңдасақ,
Кілең «5»-ке оқимыз.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!