Мектеп жасына дейінгі балалар?а экалогиялы? т?рбие беру


«Мектепке жастағы дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру»
Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Оған “Еліміздің білім беру жүйесінің Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі міндеттеріне - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауы” негіз болады. Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді. Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.
Стандарт талаптарының бірі – балалармен табиғатты зерттеу мүмкіндігін қарастыру, қарапайым эксперименттік іс-әрекетті ұйымдастыру. Белгілі филосов Д.Кішібаев: «Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында тіршілік еткен. Оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді және қазақ халқының мінез – құлқы оны қоршаған ортаға, оның шаруашылығына байланысты қалыптасты» дейді.
Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екені мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.
Табиғат – қызықты да тамаша әлем ....
Ол баланы көптеген дыбыстарымен, алуан-түрлі хош иістерімен, жүздеген сыры мен жұмбақтарымен қарсы алып, қоршаған ортасына зейінмен қаратады, тыңдатады және ойландырады.
Адам табиғаттың бір бөлігі, онымен өзара әрекеттесуінсіз адамның өмірі құнды болуы мүмкін емес.
Табиғаттың арқасында дамып, өсіп келе жатқан жас ағза ақырындап күш пен денсаулықты жинақтайды. Табиғат әлемі мен қозғалыс әлемі бірлесе келе, психологиялық жайлылық күйінде баланың жан-жақты дамуының үлкен құралына айналады.
Белгілі педагог Ян Амос Каменский былай жазды: "Адамды оқытқанда, мүмкіндігінше білімді кітаптардан емес, аспан және жерден, емен ағашы және ғәріптерден, яғни басқа біреудің бақыламалары мен түсініктерін оқып қана қоймай, өздерінің көріп-ұстаған заттарын зертей отырып оқып, үйрену қажет».
Барлық адамзаттың дүниетанымын қалыптастыру, экологиялық сауаттылығын және мәдениетін көтергенде ғана, адамдардың қоршаған ортамен, табиғатпен қарым-қатынасының қазіргі мәселелерінің шешімі табылуы шарт. Біздің денсаулығымыздың жақсы болуы аумақтағы, мемлекеттегі, тіпті үйдегі экологиялық ахуалға байланысты және кіріптар екенін ұмытпауымыз керек. Ол біздің рухани құндылығымыз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесі маңызды да қызықты және де көкейкесті сұрақ болып тұр.
Мен балаға ерте жастан табиғатты сүю – ол жақсылық жасау деген сөз екенін, біздің ортақ Үйіміздің бұрынғысынан да әдемі және бай болуына біздер не істеу қерек екені туралы ойландырып, сезім туғызу қажет деп кәміл сенемін.
Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мынандай мақсат тұрады: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту, өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу. Осы айтылғандарға сүйене отырып мен өз алдыма мынадай мақсат қойдым.
Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбие берудін мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық мәдениетін тәрбиелеу, табиғи құбылыстар мен объектілерге саналы-дұрыс беталысты көзқарасты қалыптастыру. Балаларды зерттеушілік әрекетке дайындау, іздемпаздық дағдыларына үйрету; дара заңдылық пен құбылыстардың себебін, қоршаған ортадағы таным іс-әрекетне қызығушылықтарын қалыптастыру.
Осы мақсатымды мынадай міндеттермен іске асырылады:
Білімділік:
Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер, қарапайым зерттеу әрекеті туралы түсініктерін кеңейту.
Қоршаған ортадағы заттардың қандай материалдардан жасалғанын анықтап атауға, олардың сапасы мен қасиеттерін сипаттауға үйрету.
Заттарды қолданылуы бойынша топтастыра білуге үйрету.
Әр-түрлі іс-әрекеттердің ішіндегі танымдық міндетін белгілеу ептілігінің, құбылыстарды дұрыс ғылыми позицияларынан түсіне білу қаблеттерін қалыптастыру.
Зерттеу құбылыстарымен танысу процесінің және ол туралы толық ақпаратты алу балалардың табиғи білім құмарлығын арттыру.
Балалардың дербес іс-әрекеттерін ізденіс іс-әрекеттеріне өзгерту,мөз тәжірибесі бойынша білім алу жұмыстарына баланың белсенді қатысу.
Дамытушылық:
Шығармашылық және дербес ойлаудың элементтерін, қоршаған орта мен табиғатқа деген қызығушылықтарын дамыту.
Талдау жасау, барлық білімін бақылау құбылыстары және процестерімен қатынастыру қаблетін дамыту.
Қоршаған ортаның құбылыстары мен заттарын басқа заттармен және құбылыстармен негізгі байланыс аспектісінде, олар: уақыт-кеңістік, себеп-салдарлық және функциялық байланыстар ретінде құбылыстарын зерттеу.
Дербес ойлау, қортынды жасау, өз білімін жаңа жағдайларда пайдалану, өз әрекеттерін бағалау, жіберілген қателерге талдау жасау қаблеттерінің өалыптастыру.
Тәрбиелеушілік:
Мәселелерді шешу жолындағы балалардың аса тиімді белсенділігін және дербестігін жетілдіру.
Қоршаған әлемді түсінуге, қабылдауға оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Табиғатқа қамқорлықпен қарау, байлығын бейберекет пайдалануға жол бермеуге тәрбиелеу.
Бақылау, эксперимент кезінде байқағыштыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында мектеп жасына дейінгі балаларда табиғатқа деген адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда мен балаға: табиғат пен адам бірі-бірімен үнемі байланысты, сондықтан табиғатты аялағанда сен, адамзатты және де оның болашағын аялайсың деп түсіндіруге тырысамын. Табиғатқа қастерлік, зияндылық жасағандар, адамға да зияндылық келтіреді.
Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп- өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызын біледі.
Бала табиғатты өзіне ғана арналған бір зат ретінде түсінеді, ол іскер, зертханашы: «мынаны былай істесем не болар екен?» деген сауал ойында әрдайым орын алып тұрады, сондықтан балалар жиі өздерінің іс-әрекетіне жауап бере алмайды. Бөбектер әсем көбелекті, көрікті гүлді көргенде шаттанып, және сол мезетте ешқандай ойсыз жерде өрмелеп бара жатқан жәндікті аяғымен таптап тастауы, ағаш бұтағын сындыруы мүмкін.
Қоршаған ортамен танысу барысында бала улы өсімдкті жұлып алып, аузына салады, дәмін татады, қолына кез-келген жәндікті алып қысады, ал сол әрекеттері өзіне де жәндікке де зақым келтіруі әбден мүмкін. Сондықтан мен балаларға табиғат туралы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді танытуға, өзіміздің ортақ үйіміздегі кіші көршілерімізбен қауіп-қатерсіз өмір сүруді қамтамасыз етуге тырысамын.
Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақтарға жауаптар іздейді. Тәжірибені нұсқау бойынша орындауды меңгереді.
Сайф Сарай: - “Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа…” - деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсінеді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде, олар олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып, хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады.
Осы мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық бақылаулар мен эксперименттер жайлы білім беру міндеттерінің табысты жүзеге асуы үшін мен мынадай жұмыс жүйесіне сүйенеміз:
педагогикалық   мамандардың экологиялық бақылаулар мен эксперименттер жайлы тәрбие  беру  жөнінде білім деңгейін көтеру;
балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын ата-аналар арасында насихаттау;
экологиялық бақылаулар мен эксперименттер жайлы дамытушылық орта құру.
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениет тәрбиесінің тиімді болу үшін, барлық жұмыс мына ұстанымдарды сақтау қажет деп ойлаймын:
1. Ғылыми.
Ғылыми ұстаным жағынан шамалағанда ол жас ерекшелігін ескере отырып, баланың көзқарасының негізін қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын дамыту және элементарлы экологиялық білімдерінің жиынтығымен таныстыстыру.
2. Қолжетімділік.
Қолжетімділік ғылыми ұстанымымен тығыз байланысты және белгілі жастағы балаларға аса маңызды. Экологиялық мәдениет тәрбиесінен ғылыми терминдерді алып тастау қажет, бірақ кейбірінің мән-мағынасын балаларға жас-шамаларын ескере отырып, түсіндіріп кету қажет.
3. Адамгершілік.
Айтылмыш ұстаным экологиялық мәдениет ұғымымен тоқулы. Тәрбие беру тұрғысынан бұл ұстанымды қолдану: өз денсаулығына қамқор болатын және салауатты өмір салтын сақтайтын адамдағы жаңа құндылықтарын қалыптастыру деген сөз.0p Экологиялық білім беру мазмұны адам табиғаттың бір бөлігі екені және табиғаттың құндылығы туралы, планетамыздағы барлық тіршілік етушілерге құрметпен қарауды, бағалауды балада қалыптастыруға мүмкіндік беруі қажет.
4. Болжамдаушылық.
Болжамдаушылық ұстаным – ол әдетті және қоршаған ортаға деген қарым-қатынасқа күнделікті іс-әрекеттеріне баға беруді, табиғатқа зиян келтіру ниетін тоқтата білу қасиеттерін қалыптастыру.
5. Қызметтілік.
Қызметтілік ұстаным –бұл мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениет тәрбиесінің негізі. Қоршаған ортаны аялай отырып қорғауға арналған әр-түрлі игі іс-әрекеттерге қатысу барысында баланың оқыту барысында алған экологиялық білімінің мінезінде қалыптасуына себеп болады. Қызметтілік ұстанымы түрлі экологиялық жобаның негізінде жатады.
6. Интеграция.
Интеграция қағидатының астарында баланың әртүрлі іс-әрекеттерін экологияландыру.
7. Жүйелілік
Жүйелілік ұстанымы бұл баланың алған білімінің бірізділікпен меңгерту: Кейінгі алынып-қалыптастырылған мағлұматтар алдыңғыдан туындау, ал барлық жүйе орталық өзегі сияқты бастапқы деректерге сүйенеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениет тәрбиесінің бір маңызды шарты ол дамытушы- заттық ортаны дұрыс ұйымдастыру және экологияландыру болып табылады.
Ондай ортаны құрудың негізгі мақсатының мынадай шарттары бар:
- балада экологиялық мәдениеттің қалыптасуына жағдай жасау;
- табиғат аясында экологиялық дұрыс тәртіп орнату, өзіне және қоршаған ортаға қауіпсіз жағдай орнату;
- баланың табиғатпен жанасуына және қарым-қатынасына жағдай туғызу.
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық заттық - дамытушы ортаның беретін мүмкіндіктері:
баланың танымдық дамуына;
эколого-эстетикалық дамуға;
денсаулығын нығайтуға;
адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына;
эколого- сауатты тәртіп қалыптастыру
әр-түрлі әрекеттерді экологияландыру.
Педагогикалық процесте мен дәстүрлі әдістермен қатар инновациялық әдістерді де қолдануға болады:
Дәстүрлі әдістер уақыт сынынан өткен және кеңінен қолдануда, олар: көрнекі-иллюстрациялы, әңгімелесу, тусіндіру және т.б.
Эмпатия әдісінде балалар табиғатты көріп және сезінуге үйренеді. Бала бір заттың немесе аңның роліне кіргеннен кейін, сол объектіге көзқарасы өзгеріп, оған құрметпен қарайды. Ең маңыздысы рольге кіру барысында жүргізілетін әңгіме тек қана жақсылық, жылы сезім, қайырымдылық, өзара көмек, қамқорлық туралы болуы шарт.
      Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
А.С.Макаренконың «Балаларды тәрбиелеу–біздің өміріміздегі ең жауапты сала.  Дұрыс тәрбиелеу–бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу–бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы, бүкіл ел алдындағы айыбымыз» – деген пікірінің мағынасын түсінуі тиіс.
Сонымен қатар ата-аналармен бірігіп саябақтарға, әр түрлі мезгілде мақсатты серуендер мен саяхаттар өз өлкеміздің табиғатын балаларға таныстыруға бағытталу қажет. Табиғатта қызықты ойындар ойналып, бақылаулар жүргізіліп, таза ауаның жанға берер рахатын бірлесе түсіндіру, экологиялық тиым сөздермен таныстыруға болады.
Ойымды қорытындылай келе:
Балалардың дамуында экологиялық тәрбиенің маңызы зор. Балалардың экологиялық тәрбиесі балабақшамен шектелмейді, мектепте осы білімдерін оданәрі өрбітіп, байытады.
Балалар алған білімдерін іс жүзінде тәжірибе, басқа оқу іс-әрекеттерде көрсете біледі.
Серуен, экскурсия кезінде балалар құстар мен жәндіктер өміріне қызығушылықпен, белсендірек көңіл бөле бастады. Оларға қамқорлық танытты. Адам табиғатпен тығыз байланыста екенін түсінді. Және де адам қоршаған ортасын қалай сүйіп, қамқорлық танытып, аяласа, алдағы жер бетіндегі болашақ өмірі де сол игі іс-әрекеттеріне тәуелді екенін түсінеді.