Мектепішілік Алтын к?з мерекелік іс-шарасына сценарий «Арайлы алтын к?з»


Қарлығаш негізгі орта мектебі
«Арайлы алтын күз»
Көкебаев А.Е.
«Арайлы алтын күз»
1-жүргізуші: Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас, Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас. Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық Тамаша көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер! 2-жүргізуші:
Бейне нұрлы көкте күн,
Білсең өмір – күздігін.
Айқара ашар есігін,
мерекелі алтын күз!
1-жүргізуші: Күн қарына алады,
Күз дің соңғы айы бұл.
Қар да жауып қалады,
Алдамаса пайымым.
2-жүргізуші: Екінші айы бұл күз дің,
Доп қуып, футбол ойнаймыз.
«Күзгі балын» мектептің
Қазан айында тойлаймыз!-деп ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгінгі «Күзгі бал» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! (шапалақтайды)
1-жүргізуші: Қыры толы егіске,
Бағы толы жеміске.
Елді сыйға кенелтті
Берекелі алтын күз –дей келе құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры: Гүлжанар Құмарғалиқызына береміз
2-жүргізуші:
– Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?
Қайда кеткен жақұт гүлдер таң далаға шашылған?
Қайда кеткен, қалай өткен, кімге барып бас ұрған- Ендеше, келесі кезекті 5-сынып оқушыларының өлең жолдарын қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
– Қалай біздер қапелімде аңғара алмай қалғанбыз?!
Әттеген-ай, неткен аңқау, неткен аңқау жандармыз,
Келіп қапты-ау сағыныштан сап-сары ала арман-күз, – дегендей күздің ерекше атаулы мерекесі бұл – Күзгі бал. Күзгі бал – ол достар мерекесі, ал достар бір-біріне қуаныш сыйлауға тырысады емес пе? –
----Ендеше, 6-сынып орындауында Жеміс жеп қайтайық өлеңін қарсы алайық
2-жүргізуші: Ия, өте дұрыс. Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сулулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Сол өлеңдердің көбін біз мектепте оқып, жаттап жүрміз ғой. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген құрметімізді көрсетпекшіміз. Құрметті қауым!
1-жүргізуші:
-Мысалы, сыйлық сыйлау немесе жай ғана назар аудару. Суретшілер – өз суретін, композиторлар – әндерін, ақындар – өлеңдерін, табиғат – сұлулығын, біздің оқушылар болса өздерінің билерін сыйламақшы
2-жүргізуші:
– Ортада 8-сынып оқушысы Рахым Раушанның орындауында өзбек биін. Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:Біздерде ойын сауық басталады,Тамаша күй тартылып ән салады.Қошеметтеп қол соғып отыралық,Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды! 5-сынып оқушыларының көрінісін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:
– Күздің екі түрі бар. Біреуі – қуанышты, себебі, күзде егін көп болып, жеміс-жидектер пісіп, молшылық болады.
Олай болса 6-сынып оқушыларының орындауында көңілді қызыл өрік әнін қабыл алыңыздар, (жаңа нұсқада)
2-жүргізуші:
– Екінші күз мұңды күз, себебі, сарғайған жапырағынан айырылған, қурап біткен ағаштар мен өсімдіктер күзде солады. Аспан сұр болып суық күндер басталады. Күн де қысқарып, түн ұзарады.
Олай болса жылы жаққа ұшқан құстарды еске ала отырып «Құстар қайтып барады» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
– Әр күзді әркім әрқалай сүйеді. Біреу Алтын күз дейді. Оны сарғайған сары ала, жапырақтары үшін сүйеді. Күз – сұлу қыз.
2-жүргізуші:
Шынымен де күзді ару, қыз кейіпінде елестетіп көрейікші- онда ортаға мектебіміздің сәнқой қыздарын шақырайық.
1-жүргізуші:
– Береке де осында,
Мереке де осында,
Салсын әрбір ханзада,
Өнерін кеп ортаға – дей келе би ханзадасы «Даулетті» қазіргі заман биімен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Күз кетті деп мұңайма
Әзіл, қалжың ұнай ма?
Көргің келсе ЖАЙДАРМАН
8-дің ұлдары ортада. (КВН) 6-сынып. Тарих сабағындағы жағдай
1-жүргізуші: «Жайдарманды бірге тамашалайық»
2 -жүргізуші:Шалқып, тасып әніміз,Жадырасын жанымыз.Бүгінгі күз кешіндеБи билейік бәріміз, - деп келесі кезекті 7- сынып оқушыларының флеш-моб биін қабыл алыңыздар
1-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй – дей келе «До Ре Ми» әнімен Ерсаин Қасымды ортаға шақырайық.
2-жүргізуші:Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,Ұстазым менің, достарым меніңБәрің де аман болыңдар!Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!