Разработка урока по биологии на тему Саба? — ?ркенні? негізгі б?лігі (6 класс)


«Тексерілді»
________________
Күні: _______________
Сыныбы: 6
Тақырыбы: §18 Сабақ - өркеннің негізгі бөлігі
Сабақтың мақсаты: Бүршіктің түрлері және сабақтың түрлеріне тән белгілерін, жайлы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – сабақтың түрлеріне тән белгілрін сипаттау бойынша білім беру.
Тәрбиелілігі – Оқушыларды биология сабағына қызықтырып, табиғаттағы өсімдіктерді сүюге, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Дамытушылығы –оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, слайдтар.
Сабақтың типі: аралас
Cабақтың көрнекілігі: АКТ, слайд, таратпа материалдар, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау. Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Кестені толтыру.
Тікен Қабыршақ Мұртша Шырынды Аулағыш құрал
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Сабақ – өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек. Қызметі: 1) сабаққа – бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді; 2) қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады; 3) органикалық заттар қорға жиналады; 4) көбеюге қатысады.Өсімдік сабақтары шөптекті, ағаштекті немесе сүректі болып бөлінеді. 
Кактус тікенектері   Сарыағаш (бөріқарақат) тікенектері   Асбұршақ мұртшалары
Сабақтың түрлері өсу бағытына байланысты тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған сабақ деп бөлінеді (1-сурет).
                                              
Тік сабақ                           Шырмалғыш сабақ        Өрмелегіш сабақ          Қысқарған сабақ
 
                           
Жатаған (желі) сабақтар                            Жатаған (мұртша) сабақтар
1-сурет. Сабақтың түрлері.
Тік сабақты өсімдіктерге жүгері, бидай, терек, емен, қайың және т.б. жатады.
Жатаған сабақтар (желі сабақ) өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып өседі. Мұртша да желі сабақ тобына жатады. Мұртшаның желі сабаққа қарағанда буынаралықтары ұзын және топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамыр шығады (құлпынай). Желі сабақтың буынаралықтары қысқа. Топыраққа жанасқан жерінен тамыр шықпайды (асқабақ, қияр, қауын, қарбыз).
Шырмалғыш сабақтар нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі (шырмауық, құлмақ), мұртшалары болмайды.
Өрмелегіш және жабысқақ сабақтар. Өрмелегіш сабақтар – мұртшасы арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім және т. б.). Бұлардың сабақтары сүйенетін өсімдікке тығыз жанаспайды. Жабысқақ сабақты өсімдіктер ілмешегі, емізікше өсінділері, жабысқақ түктері арқылы сүйенетін өсімдігіне тығыз жанасады. Сүйенетін өсімдіктен ажырату қиын. Мысалы, плющ, жабысқақ қызылбояу (подмаренник цепкий) және т.б. жатады. Сабақтары жеңіл әрі жіңішке, ұзын болғандықтан шырмалғыш, өрмелегіш сабақты, өсімдіктерді лианалар дейді.
Қысқарған сабақты өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Мысалы, (бақбақ, жолжелкен, пияз, ақ қауданды қырыққабат және т. б.).
Сабақтың ішкі құрылысы

2-сурет. Сабақтың ішкі құрылысы.
ІV. Бекіту:
Берілген өсімдік тізімдерін кестеге орналастыру тапсырмасы беріледі.
Қияр, жабайы бұршақ, құлмақ, пияз, қайың, бақбақ, үрмебұршақ, күріш, шырмауық, асқабақ
Тік Жатаған Өрмелегіш Шырмалғыш Қысқарған
Өзін-өзі бағалау
Бағалау.Топтардағы оқушылар өзара бірін –бірі бағалайды. Өз ұсыныстарын білдіреді.
Үй тапсырмасы: §18 тақырыпты оқып, сабақтың ішкі құрылысының суретін дәптрлеріне салады.