Презентация на тему Затты? ты?ызды?ы 7- сынып


Сабақ жоспары
7-сынып 26– сабақ Күні___________
Сабақ тақырыбы: Заттың тығыздығы
Сабақ мақсаты: Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең болатын физикалық шама заттың тығыздығы ұғымын қалыптастыру. Масса мен көлемге тәуелді формуласын, өлшем бірлігін тағайындату. Дербес жұмыс жасауға, жұппен жұмыс жасауға және бірін-бірі бағалауға үйрету. Масса мен көлем берілгендегі заттың тығыздығын, тығыздық пен көлем берілгендегі заттың массасын, заттың массасы мен заттың тығыздығы берілгендегі көлемін анықтауға арналған формуланы есепте шығарта отырып, есептер шығаруға, эксперименттік есептер шығаруға пайдалана білуге үйрету.
Сабақ түрі: түсіндірмелі-практикалық.
Сабақ әдісі: дербес жұмыс (тест), жұптық жұмыс(эксперимент).
Сабақ көрнекілігі: Слайдтар, тест, карточкадағы есептер, бағалау парағы, таразы, гір тастар, әртүрлі қатты денелер: кір сабын, иіс сабын, ағаш, темір білеуше.
Сабақ барысы:
Уақыты Мұғалім әс-әрекеті Оқушылар іс-әркеті Көрнекі құралдар, ресурстар
І. Ұйымдастыру: амандасу, сабаққа қатынасын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы. (тест)
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
1кг мақта ауыр ма, темір ауыр ма? m1=m2, V1> V2
m1>m2, V1= V2
Олай болса масса мен көлемге байланысты анықталатын тағы бір шама қажет.
ІҮ. Мағынаны тану.
Ол шама заттың тығыздығы.
Көлем бірлігіндегі заттың тығыздығына тең физикалық шама заттың тығыздығы деп аталады.
114300132715 SKIPIF 1 < 0 - заттың тығыздығы (ρο)
m-заттың массасы
114300541655 V-заттың көлемі
1м3 көлемдегі массасы 1кг болатын заттың тығыздығы.
Егер заттың тығыздығы мен көлемі белгілі болса, онад заттың массасын қалай анықтауға болады?
2400300112395
Егер заттың тығыздығы мен массасы белгілі болса, ол кезде заттың көлемін қалай анықтауға болады?
24003000 SKIPIF 1 < 0
Белгілі бір массасы мен көлемі бар заттың тығыздықтарын есептеулер арқылы есептеп алынған мәндері бар. Біз заттың үш күйі болатынын білеміз. Олар : қатты, сұйық және газ. Осы заттың үш күйіне тән тығыздықтың мәндері сіздердің кітаптарыңыздың 218 бетінде 6,7,8 кестелерінде берілген.
Біз қазір күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген заттырдың тығыздығын анықтай қояйық. Ол үшін бізге не қажет: Сызғыш, таразы, кір сабын, иіс сабын, ағаш және темір білеуше, бор, сүт.
Сонымен біз күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген тұрмыстық заттардың тығыздығын анықтап білдік.
Енді жалпы табиғатта кездесетін қатты, сұйық және газ түріндегі заттардың тығыздығын, көлемін, массасын анықтап көрелік. Ол үшін мына карточкадағы есептерді көршілеріңізбен алмастыра отырып шығарасыздар.
Ү. Толғаныс.
Заттың тығыздығы дегеніміз не?
Заттың тығыздығын қалай анықтаймыз?
Заттың тығыздығының өлшем бірлігі қандай?
Тығыздығы мен көлемі белгілі болса, заттың масасын қалай анықтауға болады?
Тығыздығы мен массасы белгілі болса, заттың көлемін қалай анықтауға болады?
ҮІ. Қорытындылау. Есептер шығару. 9 жаттығу. №1,2,3,4,5
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма. 9-жаттығу. Сыныпта шығармаған есептерді шығару.
№3 зертханалық жұмысты оқып келу.