?аза? тілі Зат есіміні? септелуі 4сынып


4 сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: Тура және жанама түрде есептерді салыстыру 19 бет

Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларға разрядтар және кластар туралы тақырыппен таныстыру
және меңгерту. . Тура және жанама тұжырымдалған есептер туралы білімдерін пысықтау
Дамытушылық: Оқушының есептеу дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар арқылы логикасын, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік:
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.
ІҮ. Қорытындылау, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру: 7-9 есепті орындалу жолдарын сұрау.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Жанама тұжырымдалған есептер:
1. Есептің шартын, сұрағын, шешуін салыстыр:
Кіші жәшік − 7 кг І жәшік − 7 кг, бұл ІІ жәшіктен 3 есе кем
Үлкен жәшік − ? кг, одан 3 есе артық ІІ жәшік − ? кг
7×3=21 (кг) − үлкен жәшік 7×3=21 (кг) − ІІ жәшік
Ж: үлкен жәшіктегі алманың массасы Ж:ІІ жәшіктегі алманың массасы 21 килограмм21 килограмм3. Разрядтар және кластар
1 ондықта неше бірлік бар?
1 жүздікте неше ондық бар?
1 мыңда неше жүздік, неше ондық, неше бірлік бар?
1 ондық мыңда неше бірлік мыңдар, неше жүздік, неше ондық, неше бірлік бар?
1 жүздік мыңда неше ондық мың, неше бірлік мың, неше жүздік, неше ондық, неше бірлік бар?
4. 10×10=100 10×100=1000 10×1000=10000
100×10=100 100×100=1000 100×1000=100000
1000×10=100 1000×100=1000 1000×1000=1000000
Әр мысалдағы көбейтіндінің мәнін бірінші көбейткішпен салыстыр. Санды 10−ға, 100−ге, 1000−ға көбейткенде не байқадың?
Қорытынды жаса.
5.
100:10=10 1000:100=10 10000:1000=10
1000:10=100 10000:100=100 100000:1000=100
10000:10=1000 100000:100=1000 1000000:1000=1000
Әр мысалдағы бөліндінің мәнін бөлінгішпен салыстыр. Санды 10−ға, 100−ге, 1000−ға бөлгенде не байқадың? Қорытынды жаса.
6. Сандарды оқы
8 29 70 564 500 560 504
8000 29000 70000 564000 500000 560000 504000
Әр бағандағы сандарды салыстыр.
Әр санда неше кластың бірлігі бар?
Санда әр кластың неше бірлігі бар?
Сандардың жазылуындағы бірдей цифрлар нені білдіреді?
7,8,9(1) тапсырмаларды орындау.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: 2, 9 (2,3)