?аза? тілінен ашы? саба? Саулы?-байлы? негізі


Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Бұланды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сагиндикова Қамар Қайратқызы
7 «Б» сынып
Саулық-байлық негізі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Табиғат пен адамның тығыз байланыстылығын үйрету. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
Дамытушылық: Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік: Денсаулықты күтуге, бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: алған білімдерін қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жеке жұмыс түрлері, сұрақ жауап әдісі, ойландыру
Технологиясы: сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс: салауаттану, әдебиет
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, суреттер, аудиожазба, үлестірме қағаздар
Эпиграф: Байлық - байлық емес,
Бар байлығым-денсаулық
Бар өмірім – денсаулық!
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болмақ, себебі, сабаққа қонақтар қатысқалы отыр. Сабақта еш қысылмай, өздеріңді еркін сезініп, білгендеріңді ортаға салуға дайын болады деп ойлаймын. Сабағымыз басталмас бұрын, ортаға шығып, бір – бірімізге жылы сөздер айтып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырайық. (Оқушылар кезекпен көршісінің өзіне ұнайтын қасиеттерімен бөліседі)
Біріншіден, сыныбымыз екі топқа бөліну қажет. Ол үшін бізге төмендегі сиқырлы сөздер көмектеседі. Қағаздың екінші бетіндегі сөздерді құрағанда төмендегідей мақал құрастырылады.
Дені саудың-жаны сау.
Жарлының байлығы-денінің саулығы.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Дәрумендер түрлері қандай? Олардың адам денсаулығына пайдасы қандай?
(оқушылар үйде оқып келген мәліметтерін ортаға салады)
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Мақал мәтелдердің мағынасын түсіндіру.
Тазалық саулық негізі,
Саулық байлық негізі. Чистота основа здоровья, здоровье основа богатства.
Емнің алды еңбек. Труд первое лекарство от всех болезней.
Көңіл жақсы болғаны, өмір жақсы болғаны. Настроение хорошее и жизнь хороша.
2. Мәтін бойынша аудиожазбаны оқушыларға тыңдатып, түсінгендерін сұраймын.
...Баланың қарапайым тілегін орындау қаншалықты қиын дейсің. Шешесі екеуі лезде қала сыртына шығады. Жазық даланы, тау-төбені, тоғайды аралап көреді, жалаң аяқ өзенді кешіп өтеді.
-Алақай!- дейді Данияр айқайлап,- Табиат деген қандай тамаша! Айнала қандай кең!... Мұндай таза ауаны өмірі жұтып көрген емеспін. Шөбі жұмсақ, суы мөлдір екен. Ана, бұрын, неғып, табиғатты менен жасырып жүргенсіңдер.
-Балам-ау, ылғи ауруханада жүрдің емес пе?...
Сонымен Данияр табиғат дүниесін, яғни өзен су, тау шөпті жан тәнімен жақсы көріп қалады... Сол жерде жеміс жидек теріп жеп, өзен суына түседі...
Сұлулыққа ынтығып, таза ауаға құмартып жүрген баланың денсаулығы бірте бірте түзеле бастады....
3. Сөздердің арасынан тіркесті сөздерді бір бағанға, қос сөздерді бір бағанға бөліп жазып, олардан сөйлемдер құрастыру.
Төбе-төбе, жазық дала, жалаң аяқ, өзен-су, жеміс-жидек, бірте-бірте, табиғат дүниесі, түзеле бастады.
ІV. Сергіту сәті. Қаражорға биі
V. Жағдаяаттарды талдау:
А) Омар жазылмас дертке шалдыққан. Оның үлкен зәулім үйі, жеке көлігі, ақшасы және әлемдегі ең қымбат деген ұялы телефоны бар. Омарды бай деп айта аламыз ба?
Ә) Жантастың зәулім үйі, жеке көлігі, көп ақша түгілі онда ұялы телефон мүлде жоқ, бірақ ол спорт, дене шынықтыру үйірмелерінен қалмайды. Жантасты бай деп айта аламыз ба?
VІ. Екі топқа екі түрлі тапсырма беремін. Біріншісі: денсаулықтың достары және денсаулықтың дұшпандары. Осы тапсырма бойынша екі топ жұмыс жасайды. Бір топтың кемшілігін, екінші топ толықтырады.
VІІ. Кері байланыс
Оқушыларға алдын ала денсаулық ағашы таратылады. Егер сабақ оқушыларға ұнап, көңілдерінен шықса, денсаулық ағашына денсаулыққа жақсы әсер ететін факторлардың суретін жапсырады, егер сабақ ұнамаса, керісінше денсаулық ағашына денсаулыққа зиян әрекет ететін факторлардың суретін жапсырады.
VІІІ. Бағалау. Оқушылар бір-біріне бағалау парақшалары табыс етіледі. Бағалау парағы арқылы бір бірін бағалап, тоқталып өтеді. Мұғалім балалардың сабақ барысында қалай жұмыс жасағандарын және өздерінің бағалауларын ескере отырып, қорытынды баға қояды.
ХІХ. Үйге тапсырма.
196 бет, мақалдарды жаттау.