Саулы?-байлы? негізі. Тіркесті с?здер.


Токымтаева Ақбота Ғалымқызы
ШҚО, Семей қаласы №10 ЖОББМ КММ
Сыныбы: 7
Пәні: қазақ тілі
Оқулық авторы: Т. Артыкова, Г. Ермекбаева
Баспа: Алматы, «Атамұра»-2012
Сабақтың тақырыбы: Саулық-байлық негізі. Тіркесті сөздер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға тіркесті сөздердің жасалу жолын түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, пайымдау
қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа оқу материалдарын оқып-үйрену сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кестелер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
Сабаққа дайындықтарың қалай?
Бүгін кім кезеші?
Бүгін нешесі?
Аптаның қай күні?
Сыныпта кім жоқ?
(Сабаққа психологиялық дайындық).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге ереже, жаңа сөздерді жаттау. 4-тапсырма 193 бет. Сөйлемдерді керекті демеулік шылаулармен толықтырыңдар. Қажетті ақпараттарды есте сақтаңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ: Саулық- байлық негізі.
Екі не одан да көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер тіркесті сөздер деп аталады. Бұлар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымның атауы болып келеді, бірақ бір-бірінен бөлек жазылады.
Мысалы: қара торы, ала жаздай, сөз таптары, т.б.
- Оқушылар, бүгін біз сендермен денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстану туралы өтеміз .
Ой қозғау
- Денсаулық дегеніміз не?
- Салауатты өмір салтын ұстану дегенді қалай түсінесіңдер?
1-тапсырма. Мақал –мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер. Жаттап алыңдар.196 бет.
Тазалық саулық негізі,
Саулық- байлық негізі.-
Чистота – основа здоровья, здоровье – основа богатства.
Емнің алды – еңбек. –
Труд – первое лекарство от всех болезней.
Көңіл жақсы болғаны –
Өмір жақсы болғаны. –
Настроение хорошее – и жизнь хороша.
2-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.
Сөздік
қарапайым-простая
тілек-просьба
жалаң аяқ-босиком
жұту-здесь:вдыхать
жасыру- скрывать
Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындату.
ІІІ деңгей ІІ деңгей І деңгей
Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар және сұрақтар құраңдар.
Мәтіннен қос сөздерді теріп жазыңдар. Баланың денсаулығына табиғаттың әсері қандай болғаны туралы әңгімелеңдер.
Мәтіндегі қос сөздердің жасалу жолдарын түсіндіріңдер. Мәтіннен демеулік шылауы бар сөйлемді табыңдар. Сұрақ бойынша өз пікірлеріңді ортаға салыңдар. Дүниедегі ең таза нәрсе табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?
3-тапсырма. Сөздердің арасынан тіркесті сөздерді табыңдар. Сол сөздерден сөйлемдер құраңдар. 197 бет.
Төбе-төбе, жазық дала, жалаң аяқ, өзен-су, жеміс-жидек, бірте-бірте, табиғат дүниесі, түзеле бастады.
ІV. Бекіту: Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға үлестірме карталар үлестіру, тапсырмалар арқылы сабақты меңгергенін анықтау.
Тапсырма: Күрделі сөздерді топтастыр.
Біріккен сөздер
Қос сөздер Қысқарған сөздер Тіркескен сөздер
Ата-ана, қыпша белді, тасбақа, Астана қаласы, БҰҰ, Жезқазған, көрші-қолаң, қарым-қатынас, күнбағыс, екі жүз мың, АлМУ, қара торы, келін-кепшік, білезік, мал шаруашылығы, драма театры, бүгін, келе жатыр, апар, ойнап отыр, түйеқұс, АҚШ, қап-қара, әрең-әрең, ақ жүзді.
Қорытынды: Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою.
- Оқушылар, сонымен бүгін не үйрендік, не білдік?
- Тіркесті сөздердің емлесі туралы не білдіңдер?
- Денсаулық тақырыбына мақал-мәтелдерді мысалға келтіріңдер?
- Табиғаттың адамға қандай әсері бар?
- Бүгінгі тақырып арқылы не түйдіңдер?
VІ. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқаны, берген жауаптары бойынша бағалау.
VІІ. Үиге тапсырма беру:
Ереже, жаңа сөздерді, мақал-мәтелдерді жаттау. 4-тапсырма 197бет.