Сценарий на тему Талапты?а шектеу жо?


Тақырыбы: Талаптыға шектеу жоқ... .
Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі жандардың туа бітті өнерлерін көрсете отырып, олардың өмірге деген құлшыныстарын арттыру, кедергісіз кеңістікте өмір сүріп жатқандарын ұғындыру, жандарына демеу болып қуаныш сыйлау және басқа оқушыларды осы арқылы еңбекқорлық пен қанағатшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: «Айтуға оңай...» бағдарламасы.
Көрнекілігі: Мүмкіндігі шектеулі жандардың фотосуреттері, өнер туындылары, жеткен жетістіктері, слайд, гүл, шар.
Барысы:
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті көрермендер. Сіздермен бүгін «Айтуға оңай...» ток шоуы және мен жүргізуші Егінбай Данагүл.
Бүгінгі біздің тақырыпқа арқау болатын жағдай мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы орны.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға кіріктіру мәселелеріне зор көңіл бөлу қажет екені көрсетілген.«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз».
Қоғамда демократизация және жаһандану үрдістері әрбір  адам үшін білім алу, олардың  жеке қабілеттерін дамыту, тұлғаны әлеуметтік интеграциялау мүмкіндігі мен тең құқықтың құрылуы қажет екені қарастырып отыр.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.Баланың дамуы бұзылған кезде оның қоғамда әлеуметтену процесі және  әрі қарай бейімделуі қиындайды.Қамқорлаумен қатар емдеу туралы ол қоршаған ортада «Өз орнын  таба ала ма, қанағаттанып толықтай өмір сүре ала ма?» деген сұрақ туады.Ол үшін не істеу қажет? Бұл үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды  әлеуметтік оңалту және  бәрінен бұрын  оларды белсенді әрекет пен қоршаған ортаны тану үшін мүмкіндік беретін шынайы әрекеттерге тарту қажет.
Міне осы айтылғандар турасында ой қозғау үшін экрандағы видеоға назар аударайық ( Бағдарламамыздың алғашқы қонағы Асан Шынардың үй-ішімен түсірілген видеосы көрсетіледі).
Жүргізуші:
Олай болса алғашқы қонағымыз Асан Шынарды анасы Жанат апамен қарсы алайық.
-Қош келдіңіздер!
-Алғашқы сұрақты Шынардың анасына қойсам деп отырмын. Жалпы Шынар туралы айтып өтсеңіз?
-Шынар, бос уақытыңда немен айналысасың? Өзіңнің сүйіп айналысатын ісің бар ма? сол туралы айтып өтсен?
-Қазақта «Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды,-деп жатады. Өзіңе жақын, болып кеткен жан достарың туралы айтып өтсең? Олардың есімдерін, қаншалықты бірге уақыт өткізесіңдер?
- Шынар, сенің өнерден құр алақан емес екеніңді білеміз? Жаныңа жақын өнер түрін айтсаң?
-Сан қырлы өнердің ішінен би билегенді ұнатады екенсің? Қанша жастан бастап би деген қызығушылығың арта түсті.
Бүгін үстіңдегі әдемі қазақ көйлегін жайдан-жай киіп келген жоқсың. Ортаға шығып көрермендерге өзіңнің биіңді ұсынсаң. Қол соғып қошеметтейміз. Ортада Асан Шынарды қазақ биімен қарсы алайық.
Асан Шынардың орындауында «Қазақ биі»
Жүргізуші:
Әңгімемізді одан әрі жалғасақ. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамға бейімдеу, мүгедектіктің басталу қатерінің алдын алу кең ауқымдағы шараларды қамтитыны ақиқат. Дегенмен, солардың басым бөлігін еңсеру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы заң жобасын әзірлеп, оны ағымдағы жылдың соңына дейін Парламентке ұсынуды жоспарлапты. «Жалпы, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік кіріктірудің маңызды шарты кәсіптік оңалту болып табылады - бұл еңбек табысы көздерінің бірі ретінде жалпы және кәсіптік білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету, нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары. Мүгедектердің басым бөлігі еңбек етуге қабілетті жаста екенін ескеретін болсақ, бұл аса маңызды мәселе», - дейді. Тоқтала кететін жайт, 2015 жылдан бастап Қазақстанда шамамен мектептердің 20 %-ында «кедергісіз» мектеп ортасын қалыптастыру қолға алынды.
Осы турасында аңгімемізді одан әрі жалғау үшін келесі кейіпкеріміз туралы видеоға назар аударайық ( Екінші қонағымыз Қаматов Асланбек туралы түсірілген видео көрсетіледі)
Жүргізуші:
Олай болса, ортамызға келесі кейіпкеріміз Қаматов Асланбекті өзінің тәрбиешісі Нұргүл апаймен шақырсақ.
Алдымен сұрақты Нұргүл апайға қойсам деп отырмын.
-Нұргүл апай, Асланбек туралы жалпы пікіріңізбен бөліссеңіз?
-Келесі сұрағымды Асланбектің өзіне қойсам деп отырмын. Қазақта: жүз сомың болғанша, жүз досың болсын,-дейдіго. Жаңа видеода достарыңмен таныстырып өттің? Басқа тағы достарың көп па?
-Нұргүл апай, сіз Асланбектің тәрбиешісі ретінде сабақ үлгерімін қаншалықты қадағалап отырасыз? Сабақ үлгерімі турлы айтып өтсеңіз? Жатақханада сабаққа дайындалуы, ынтасы туралы айтып өтсеңіз.
-Асланбек, сабақтан тыс уақытыңда немен айналысасың? Сүйікті істерің туралы айтып өтсең?
-Шахматты өте жақсы ойнайды екенсін. Суретті де қиялмен салатыныңды көрдік. Осының бәрін кімнен үйрендің?
-Мектепте қандай пәндер, қандай мұғалімдер ұнайды?
-Стендыдағы дипломдарың мен мақтау қағаздарыңды көріп отырмыз. Қандай жарыстарға бардың? Алған жүлделі орындарың туралы айтып өтсең.
Асланбек, ендеше өзіңнің өнеріңмен бөліссең. Қаматов Асланбектің орындауында «Егемен Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Ендеше бүгінгі тақырыпты аша түсу ішін ортамызға келесі қонағымызды шақырсақ. Ауылымыздың әлеуметтік қызметкері Шиланбайқызы Гүлжамал апаны шақырамыз.
-Гүлжамал апа,қош келдіңіз!
-Сізге қояр сұрағым алғашқы сұрағым. Ауылымыз бойынша неше мүмкіндігі шектеулі жан бар?
-Ол жандарға қаншалықты көмек көрсетіліп жатыр?
-Ауылымыз бойынша мекемелер, жеке кәсіпкерлер тарапынан қаншалықты көмек бар?
-Осы мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы орны яғни түрлі шараларға қатысуы?
-Көрінген жетістіктері, алған жүлделерімен бөліссеңіз?
Осы тұрғыда мектебіміздің әлеуметтік педагогы Аманбайқызы Айгерім апайды ортаға шақырсақ.
Қош келдіңіз!
-Мүмкіндігі шектеулі жандармен қаншалықты жұмыс жүреді?
-Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көмектер туралы айтып өтсеңіз? Жауабыңызға рахмет. Кешімізді одан әрі бимен жалғастырсақ.
8 «ә»сынып қыз оқушыларын тамаша бимен қарсы алайық.
Ортамызға мектебіздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қонысқызы Шынар апай келіп отыр. Шынар апайды сөзге тартсақ.
-Мектебізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап тәрбиелік шаралар ұйымдастырыла ма?
-Мүмкіндігі шектеулі жандардың мектептегі тәрбиелік шараларға атсалысуы қаншалықты?
Мектебіміздің Психологы Қуанқызы Гүлжамал апайдың пікірін тыңдасақ.
-Мүмкіндігі шектеулі жандармен қаншалықты байланыс орнатасыз?
-Оларға түрлі тренингтар ұйымдастырыла ма? Жауаптарыңызға рахмет. Енді сіздергі жалпы сұрақ қойсам.
-Осы жандардың өмірге деген қызығушылықтарын ояту үшін не істеуге болады?
Құрметті қонақтар. Бүгінгі кешіміз туралы тоқсан ауыз тобықтай түйіндеріңізді айтсаңыздар.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрып жатыр, бұл жалпы халық санының 3,5 пайызын құрайды. Солардың 69 мыңы балалар екен. Әлбетте олардың тағдыры әртүрлі, біреулері туа бітті кемтар атанса, енді біреулері тағдырдың тәлкегін бастан кешіріп отыр. Дегенмен, осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету - қоғамның зор парызы.
Әлбетте, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Ең бастысы - Елбасы ағымдағы жылғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтып, барша кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесуге шақырған еді. «Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады», - деген Н. Назарбаев мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы көлемін 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттыруды тапсырды. Бұл шындығында, мемлекет, билік тарапынан жасалып жатқан зор қамқорлықтың көрінісі. Дегенмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды түсіну, әлеуметтік жәрдемақыларды уақытылы төлеумен ғана байланысты емес.  Ең бастысы олар да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері керек. Бұл ретте мүгедектерді оңалту мен оларды қоғамға кіріктіру міндеттерін сапалы жүзеге асырудың маңызы зор.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген құлшынысын арттыру қоғамның яғни қоғамның әр мүшесі біздің міндетті борышымыз. Айтуға оңай...
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!