Бастауыш сыныпта ?аза? тілі бойынша т?рбие са?аты ?аза? тілі — болаша?ым, ерте?ім


№12 орта мектеп-гимназиясы

/Қазақ тілі апталығы/
Пән мұғалімі
Ә. Абылханова

“Қазақ тілі – болашағым, ертеңім...”
қазақ тілі апталығы
Мақсаты: Қазақстан Республикасында тұрып жатқан ұлттар мен
ұлыстардың бірлігінің негізгі ұйытқысы ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, басқа ұлттардың тілдерінің дамуына жағдай жасау
1-жүргізуші: - Мен саған “осы тіл не үшін керек?” деген сұрақты қойғым келіп отыр.
2-жүргізуші:: - Досым –ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Апай “Тіл – қарым-қатынас құралы” деп түсіндірді емес пе?
1-жүргізуші: - Жарайды, тіл – қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?
2-жүргізуші: - Ой, білгішім-ай. Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?
1-жүргізуші:: - Ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген – бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.
2-жүргізуші: - Иә, менің есіме Әли Әпекұлы деген ақынның ана тілі туралы өлеңі есіме түсіп кетті, оқып берейін
Ана тілім – бала шағым өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
Ана тілді білмесем,
Шат-шадыман күлмес ем,
Жер бетінде сайраңдап,
Қазақ болып жүрмес ем.
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар! «Қазақ тілі –болашағым, ертеңім» атты қазақ тілі апталығына қош келіпсіздер!
2-жүргізуші: Ана тілің біліп қой
Бостандығың теңдігің
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың, елдігің
Гимн орындалады
1-оқушы: Әбділда Тәжібаев
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім – мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім – мен де бірге өшемін.
/4в сынып оқушысы Копбасын Алдияр /
2-оқушы: Тұрсынхан Әбдірахманова
Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!
/4в сынып оқушысы Тұрғайып Алиша/
3-оқушы: қырғыз ақыны Сарноғаев
Ана тілін білмеген –
Ақылы жоқ желік бас.
Ана тілін сүймеген –
Халқын сүйіп жарытпас.
/4г сынып оқушысы Балаченкова Лилия /
2-жүргізуші: Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мұхтарова Айнұрдың орындауында «Көңіл толқыны» күйі
1-жүргізуші: - Халқымыздың жазушысы Ғабит Мүсірепов атамыз:
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!
1- жүргізуші:- Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл ғой.
2-жүргізуші:- Иә, иә, оның рас. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4-бабында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі” екені жазылды.
1-жүргізуші:- Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет. Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.
2-жүргізуші:- қазақ тілін жете біліп, құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.
1, 2-жүргізуші:Ана тілін қастерлеп, құрметтейік!
2-жүргізуші: 3б сынып оқушысы Нұрай. «Ана тілі» әні
4-оқушы:Қ.Мырзалиев.“Тілім менің”
Ұйықтасам, ана тілде күбірледім,
Оянсам, сөйлеп кеттім, кідірмедім.
Анамның ақ сүтімен сіңген тілім,
Бітпейді менің одан бұрын демім.
/4г сынып оқушысы Алтайқызы Алина/
5-оқушы:Сырласпай адамдармен тұра алмаған,
Бұл тілге – жарық күнге жыр арнағам.
Жоңғармен шайқасқанда осы тілде,
«Ақ жолдап» бабаларым ұрандаған.
/4в сынып оқушысы Бердыев Дамиль/
6-оқушы:Мәңгі өлмес, мейлі, заулап көшер заман,
Жиреншедей дария шешен бабам.
Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын,
Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам.
/4в сынып оқушысы Какабаев Айбар /
Ойын: сұрақ-жауап
1.Қазақтың ұлы, бас ақыны? Абай Құнанбаев
2.Адамгершілік сөзінде неше буын бар? 5 буын
3.Не тәтті? Ананың сүті, баланың тілі
4.Білім бұлағы. Кітап
5.Ең ащы, ең тәтті не? Тіл
6.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата
2- жүргізуші: 7д-сынып оқушысы Ясулова Малика. «Тау биік» әні \
1- жүргізуші: М.Мақатаев. “Үш бақытым”
7 -оқушы: Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
/3в сынып оқушысы Матыкина Вика /
8-оқушы:Ал екінші бақытым – тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
/4в сынып оқушысы Полякова Полина/
9-оқушы:Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?.Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
/4г сынып оқушысы Анисимова Ксения /
2-жүргізуші: Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – қазақ тілі.
10-оқушы: Туған тілім – бабам тілі – өз тілім.
Туған тілім – анам тілі – өз тілім.
Туған тілім – далам тілі – өз тілім.
Туған тілім – адам тілі – өз тілім.
/4г сынып оқушысы Игуминова Анастасия/
11-оқушы. Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл –қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым,дара тілім.
/4в сынып оқушысы Зайцев Кирилл/
12-оқушы. Қазақ тілім – саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім – ана тілім, ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
Жан сырларым, тілегім,бар арманым.
/3в-сынып оқушысы Жексембекова Камила/
2-жүргізуші: Ясулова Малика. «Я, ты, он, она» әні
13-оқушы:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,
Қадыр МырзаӘлі
/4г сынып оқушысы Анисиов Клим/
2-жүргізуші: Қорыта келе, Тіл – халықтың тарихы. Тіл өркениет пен мәдениеттің даму жолы. Халық болып қолға алмасаң, не бір заң, жарқын қаулының өзі мұратқа жетпейді. Ана тілін қамқорлыққа алу баршамызға қоғам алдындағы қасиетті парызымыз. Ата – баба аманатына адал болайық, азамат! Тәуелсіздік пен егемендікті баянды еткіміз келсе, оның басты белгілерінің бірі қазақ тілінің туын биік ұстайық.

1-жүргізуші:Қуан, далам!
Қуанатын күн бүгін
Серпіп таста (мұңды)
Мұңды жүрек түндігін
“Тіл туралы”
Заңым енді күшіне
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.
2-жүргізуші:Қуан, бабам!
Қуанатын жөнің бар.
Деген едің –
Тіл бар жерде өмір бар.
Халық жауы атандық-ау,
Сол үшін
ғұмырыңды
Құрбан етіп жолында ар.
1,2-жүргізуші:Қуан, анам!
Ұзағынан сүйініп,
Сәтіңде көп
Кейде кеткен түңіліп.
Ақ сүтіңмен
Бойға біткен тілімді
Пір тұтамын,
Мен алдыңда иіліп.
(Барлық оқырмандар бастарын иеді)
Ән орындалады