?аза?стан тарихы п?нінен ашы? саба?. Та?ырыбы: ?аза? ханды?ына 550 жыл


Тақырыбы : Қазақ хандығына 550 жылСабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихы мен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық:Өз бетінше қорытынды жасауға , өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Түрі: Пікіралмасу
Әдісі: Ой - қозғау
Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар, жиналмалы бетшелер.
Мұғалім сөзі: Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Нұрсұлатан Әбішұлы Назарбаев. Биылғы жыл – қалың қазақты бір жасатып тастады. Армысыздар бүгінгі тәрбиелік шараға жиналған құрметті мұғалімдер, оқушылар. Бүгінгі өткелі отырған сайыс сабағымыздың тақырыбы - «Қазақ хандығының құрылуы». Осы ерекше датаның бүгінде маңызы зор. Бүгінгі шара Дүбірлі тойдың өз деңгейінде атап өтілуі үшін бізідің қосқан үлесіміз болып табылады.
Жүргізуші
Армысыздар осы кештің қонақтары
Халқымның ашық болсын атар таңы
«Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл атты кешіміздің
Беделін көтерейік тарихтағы.
Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
1 тур – “Толған ел тарихын таспен жазады...” (тарихтан сұрақтар)
2 тур – “Мәнді цифрлар”
3 тур – “Ұранды ердің - ұрпағы қайсар” (ел билеген хандар тарихы)
4 тур – “Ерлікті таба білу, ерді тани білу” (Бұл қай хан?)
5 тур – “Ерлік – ел есінде” (ескерткіштер)
6 тур – “Ата-баба мұрасы – сарқылмайтын қазына” (жыраулар туындылары)
1 ТУР – “ТОЛҒАН ЕЛ ТАРИХЫН ТАСПЕН ЖАЗАДЫ”
Бұл бөлімде ойыншыларға тесттер қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қайсы топ интерактивті тақтадағы тестке бірінші жауап берсе сол топқа 5 ұпай беріледі.
Керей тобына қойылатын тест сұрақтары:
1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай жаңа  мемлекеттер құрылды?
А) Сібір хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы В) Жоңғар хандығы, Сібір хандығы
С) Моғолстан хандығы, Қазақ хандығы
2. Керей мен Жәнібек сұлтандар қай жерде қазақ хандығының ұлттық туын
А) Батыс Жетісу жерінде В) Орталық Қазақстанда С) Шығыс Қазақстанда
3. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?
А) Әл-Марвази В) Рашид ад-Дин С) Мұхаммед Хайдар Дулати
4. Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер?
А) Қозыбасы В) Сайран С) Түркістан
5. ХҮІ ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының астанасы?
А) Сығанақ В) Сайрам С) Түркістан
6. Қазақ халқының ұраны болған сөз.
А) Шыңғыс В) Жошы С) Алаш
7. Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзған шапқыншылық.
А) Моңғол шапқыншылығы В) Жоңғар шапқыншылығы
С) Орыс шапқыншылығы
8. 1710 жылы жоңғарлар шабуылын тойтару мәселесін талқылай үшін қазақ жүздерінің өкілдері бас қосқан жер.
А) Қарақұм В) Қызылқұм С) Қозыбасы
9. “92 баулы өзбек” шежіресінде қай хандық туралы айтылады?
А) Қазақ хандығы В) Әбілқайыр хандығы С) Ноғай Ордасы
10. Бұл кезеңде бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді қалай атады?
А) «Аңырақай» шайқасы В) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
С) Орбұлақ шайқасы
Жәнібек тобына қойылатын тест сұрақтары:
Қазақтарды «Ислам дініне сенетін халықтар» деп кім жазды?
А) Марко Поло В) Рашид ад-Дин С) А.Дженкинсон
2. Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді? 
А) Жетісу           В) Ходжент    С) Хантау
3. 1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл
хандықтар:
A) Моғолстан мен Өзбек хандығы     B) Қазақ хандығы мен Өзбек хандығыC) Ташкент билеушісі мен Қазақ хандығы
4. Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді:
A) Көшіп-қонуға       B) Соғысты бастауға     C) Салықты көбейтуге 
5. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:  
А) Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді      В) Қазақ жері түбегейлі азат етілді  С) Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді
 6. XVI ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының күш қуатын беделін арттырған, жерін кеңейтуге себеп болған тарихи оқиға:    
A) Мәскеуге қосылуды жақтаған Ноғай ұлыстарын талқандап, өзіне қосып алуы
B) Моғол ханын талқандауы       C) Ішкі талас тартыстардың тоқтатылуы
7. XVI ғасырдың II жартысында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға:
A) Ойраттардың тонаушылық жорықтары B) Моғол хандарының жиі шабуылы   
C) Хақназар ханның қатыгездігі
8. Қазақ хандығының құрылымы сатыдан ... тұрады:
A) төрт B) бес    C) жеті
9. Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» ролін атқарады деген патша:
А) I Павел В) II Екатерина       С) I Петр
10. XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары.
А) Семей, Өскемен, Бұқтырма В) Петропавл, Орынбор, Құлжа         
С) Семей, Петропавл, Ақсу
2 ТУР – “МӘНДІ ЦИФРЛАР” Бұл турда оқушыларға сұрақтар қойылып, олар жылдар бойынша жалғастыру керек.Дұрыс жауап үшін 5 ұпайдан беріледі.
Керей тобына:
30 жыл1. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?20 жыл2. Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін қанша жылға жуық күрес жүргізген?6003. 1643 жылы Қазақ ханы Жәңгір асығыс қол жинауға үлгермей, жоңғарлардың 50 мыңдық қалың қолына қанша жауынгермен Орбұлақ шайқасында қарсы тұрды?1627 жылы4. Есім хан Жетісу жеріне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанады. Осыны пайдаланған інісі Тұрсын хан Түркістанды шауып, Есім ханның балалары мен әйелін тұтқындап Ташкентке әкетеді. Осыған байланысты тарихта Тұрсын хан бүлігі немесе “Қатаған қырғыны” қай жыл танылды?1603 жылы5. Қай жылы Айғыржар деген жерде қазақ-бұхар соғысы болды?110030 жыл1603 жылы25 жыл1627 жылы20 жыл1621 жылы60010 жылwww.ZHARAR.com
Жәнібек тобына:
80 жас1. Хақназар қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәнібек ханның немере інісі, неше жастағы Шығай хан отырады?42 жыл2. Қазақ хандығын Хақназар хан қанша жыл биледі?1731 жылы3. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:  1611 жылы4. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты?16-17 ғғ5. Қазақтар қай ғасырларда ресми түрде ислам дінін ұстанды?42 жыл80 жас1731 жылы90 жас1726 жылы1621 жылы16-17 ғғ1611 жылы14-15 ғғ50 жыл
3 ТУР – “ҰРАНДЫ ЕРДІҢ - ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР” (ел билеген хандар тарихы) Бұл бөлімде екі топқа хандар туралы тесттер беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
Керей тобына:
1. Қасым хан қай жылдары ел биледі?
А) 1480-1512 жылдары В) 1511-1518 жылдары С) 1506-1542 жылдары
2. Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны қаншаға жетті?
А) 300 мыңға В) 1 млн-ға С) 800 мыңға
3. Хақназар хан қай жылдары ел биледі?
А) 1500-1508 жылдары В) 1511-1518 жылдары С) 1538-1580 жылдары
4. Хақназар хан кіммен «дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасты?
А) Баба сұлтанмен В) Абд ар-Рашидпен С) ІІ Абдаллахпен
5. Тәуекел хан қай жылдары ел биледі?
А) 1511-1518 жылдары В) 1523-1532 жылдары С) 1582-1598 жылдары
6. Тәуекел хан Өзбек хандығының қай қаласын 20 күн қоршауда ұстаса да ала алмады? Бұл шайқаста ол ауыр жараланып, өз әскеріне кейін шегінуге бұйрық беріп, көп кешікпей ауыр жарақаттан қайтыс болды.
А) Ташкент В) Бұхара С) Самарқан
7. Есім хан қай жылдары ел биледі?
А) 1523-1518 жылдары В) 1538-1580 жылдары С) 1598-1628 жылдары
8. Есім ханның билігі кезінде 1613-1614 жылдардың шамасында оған қарсы тұрған, Ташкент қаласында өзін тәуелсіз ханмын деп жариялаған кім?
А) Бұхар хан В) Тұрсын Мұхаммед хан С) Имамқұли хан
8. Тәуке хан қай жылдары ел биледі?
А) 1582-1598 жылдары В) 1598-1628 жылдары С) 1680-1715 жылдары
9. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы қалай аталады?
А) «Жеті жарғы» В) «Ескі жол» С) «Қасқа жол»
Жәнібек тобына:
1. Қасым ханның қанша атты әскері болды?
А) 50 мың В) 150 мың С) 300 мың
2. Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады?
А) Қасқа жол В) Ескі жол С) Жеті жарғы
3. Хақназар хан қай ханның баласы?
А) Тәуекел хан В) Қасым хан С) Есім хан
4. Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті:
A) Шайбани ұрпақтарының жиі шабуыл жасауы
B) Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары
C) Бұхар ханының наразылығы 
5. Сібір хандығының қол астындағы қазақ тайпалары қай жылы Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды?
А) 1588 жылы В) 1597 жылы С) 1582 жылы
6. 1583 жылы «Ант беріскен шартты » бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар:
A) Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам B) Суяб, Ташкент, Түркістан, Отырар
C) Қойлық, Үзгент, Сығанақ
7. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан Қатаған руын жазалады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта қалай аталады?
А) «Қатаған қырғыны» В) «Тұрсын хан қырғыны» С) «Есім ханның ескі жолы»
8. Есім ханның басты мақсаты:
A) Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыру
B) Хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру C) Билер кеңесін құру
9. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді?
А) сұлтандарға В) билерге С) батырларға
8. Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты:
А) Өзбек хандығымен одақ құру
В) Иран шахымен қарым-қатынас орнату
С) Көрші мемлекеттермен одақ құру және бейбіт қатынас орнату
4 ТУР – “ЕРЛІКТІ ТАБА БІЛУ, ЕРДІ ТАНИ БІЛУ” (Ел билеген хандар қай ұрпақтан?). Бұл сайыста екі топқа арнайы сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
Керей тобына сұрақтар:
Керей хан кімнің ұлы?
Жәнібек хан кімнің ұлы?
Қасым хан кімнің ұлы?
Хақназар хан кімнің ұлы?
Жәнібек тобына сұрақтар:
Тәуекел хан кімнің ұлы?
Есім хан кімнің ұлы?
Жәңгір хан кімнің ұлы?
Әз-Тәуке хан кімнің ұлы?
5 ТУР – “ЕРЛІК – ЕЛ ЕСІНДЕ” (ескерткіштер) . Бұл сайыста оқушыларға интерактивті тақтадан ескерткіштер бейнеленіп, олармен бірге сұрақтар шығады. Дұрыс жауапберген сұраққа 5 пайдан ал толық жауап берсе 10 ұпайдан шығады.
Керей тобына:
1. Керей мен Жәнібек ескерткіші 2010 жылы қай қалада ашылды?
2. Бұл ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицисттің 500 жылдығына арналып салынған.
3. Петропавл қаласында қай ханның резиденциясы орналасқан?
4. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі қай билеушінің бұйрығымен тұрғызылған?
5. Бұл кесене 1228-1230 жж Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында, Жезқазғанның солтүстік шығысынан 55 км қашықтықта орналасқан (жергілікті халықтың арасында дәл осы маңда құпия жағдайда 1227 жылы аң аулап жүріп ....хан қайтыс болған деген әңгіме сақталған).
6. Бұл батырдың кесенесі Ақтөбе қаласынан 44 шақырым жерде Бестамақ ауылында орналасқан.
7. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы Мәдениет ауылының жанында биік төбешігінде қазақтың екі ұлы батырлары жерленген. 1999 жылы осы батырларға алып мемориалдық ескерткіш ашылды.
Жәнібек тобына:
1. 2007 жылы Астана қаласында қай батырдың ескерткіші ашылды?
2. Бұл ескерткіш 2001 жылы Шамалған ауылы, Алматы-Бішкек жолының 36-ы км шамасында қай шайқастың 270 жыл толуына орай орнатылды?
3. 1994 жылы Шымкент қаласынан батысқа қарай 40 шақырым жерде Бадам өзенінің сол террасасында батырлық жылдарды еске түсіретін 28 м биіктіктегі стелласы бар қандай тарихи-мәдени ұлттық қорық ашылды?
4. Жоңғарларға қарсы күрескен бұл батырдың 2006 жылы 300 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының Қарасай ауданының аумағындағы биік төбе басына ескерткіш орнатылды.
5. Жоңғарларға қарсы күресте атағы шығып, Абылай ханның ту ұстаушыларының бірі болған батырдың ескерткіш 2009 жылы Талдықорған қаласында орнатылды.
6. Алматы қаласында 2012 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының бүтіндігі үшін шайқасқан батырдың 12 метрлік ескерткіші ашылды.
7. Қарағанды облысында 2014 жылы атақты Абылай ханның ақылшысы қай жыраудың еңселі ескерткіші бой көтерді?
7 ТУР – “АТА-БАБА МҰРАСЫ - САРҚЫЛМАЙТЫН ҚАЗЫНА” (жыраулар туындылары). Бұл сайыста жыраулар туындылары туралы тесттер интерактивті тақтада слайд ретінде бейнеленеді және де мақал-мәтелдерді жалғастыру керек. Әр дұрыс тест үшін 10 ұпай, мақал-мәтел үшін 5 ұпай.
Керей тобына:
1. «Қырында киік жайлаған...» толғауының авторы кім?
A) Бұқар
В) Шалкиіз
С) Асан қайғы
2. Көтеш ақынның жас кезінде даңқын шығарған өлеңі қайсы?
A) «Ал, айтамын, айтамын...»
B) «Қоғалы көлдер, қом сулар...»
C) «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің...»
3. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы жарық көрген жинақ қайсы?
A) «Жақсы үгіт»
B) «Садақ»
C) «Үлгілі бала»
Жәнібек тобына:
1. Бұқар жырау бірнеше ханмен замандас болса да, солардың арасынан екі ханға ықылас танытқан. Олар кімдер?
A) Тәуке хан мен Қасым хан
B) Абылай хан мен Есім хан
C) Абылай хан мен Тәуке хан
2. Әйел, келін, қыздар туралы көптеген өлеңдер шығарған ақын кім?
A) Көтеш ақын
B) Шал ақын
C) Тәтіқара ақын
3. Төмендегі үзінді қай жыраудың шығармасынан алынған:
A) Шалкиіз 
B) Марғасқа
C) Жиембет
Жүргізуші
Арманы жүзеге асып бабалардың,
Рухы асқақтады даналардың.
Есімі қайта қауышты ұрпағымен ,
Нақақтан шәйіт болан ағалардың.
Аманаты Абылайдың орындалды,
Әлемге қазақ елі мойындалды.
Тілі іні, дәстүрі халқымыздың,
Төрінен лайықты орын алды
Керей тобы:
Өркендеп алға басты Қазақстан,
Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.
Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,
Санасатын болды енді дос пен дұшпан.
Жәнібек тобы:
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы
Қорытынды: Жалпы ұлттық құндылықты біз жастардың бойына сіңіре білуіміз керек. Президент дәстүрлі жолдауында «Мәнгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» болашаққа бастар жол.