?аза? тілінен ашы? саба? С?з таптары 4 — сынып


Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары ( қайталау сабағы)
Сабақтың мақсаты:                                
а) Өткен сөз таптарын еске түсіріп, алған білімдерін кеңейту. Сөз таптарын сөйлем ішінен тауып,оған сұрақ қоя білуге үйрету,сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын  тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.
б) Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойнайық та, ойлайық.
Сабақтың типі: Қайталау.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау,топпен жұмыс, көрнекілік, деңгейлік тапсырмалар, жұмбақтар шешкізу.
                        
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды қазақ тілі сабағына дайындау:Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,Болашағым, бақытым, дара тілім !- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз-қазақ тілі сабағы. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Сөз таптары туралы меңгерген білімімізді тиянақтау барысында жаттығу жұмыстарын жүргізіп, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.ІІ. Негізгі бөлім
Ойын: «Күнді бұлттардан айыру» 
Зат есім дегеніміз не?
Етістіктің шақтары
Сын есім дегеніміз не?
Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?
Сан есім дегеніміз не?
Сан есім нешеге бөлінеді?
Есімдік дегеніміз не?
Жіктеу есімдігі дегеніміз не?
Етістік дегеніміз не?
Дәптермен жұмыс: Сәуірдің он бесі
Сынып жұмысы
1 – тапсырма:
Жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауларын жалғап, өзінің алдындағы сөзбен байланыстырып жаз.
Кітаптың (бет), жаңбырдың (су), қуыршақтың (көйлек), бөлменің (ауа), көлдің (жаға), Нұржанның (шеше), үйдің (терезе).
2 – тапсырма:
Ребусты шеш. Ребустың шешуіндегі сөзді жекеше, көпше түрде үш жақта тәуелдеп жаз.

Сергіту сәті ойын: «Тапқыштар»Тапқырларға арналған әзіл викторинасыАңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)
Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ? (мұзтайғақ)Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)
3- тапсырма: Суретпен жұмыс. Жұптасып осы сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру.
4 – тапсырма:
Негізгі сын есімдерге – дау, деу, лау, леу, тау, теу, шыл, шіл, ғылт, ғыш, гіш жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз. Жұрнақ жалғанған 5 сөзге сын есімді қатыстырып сөйлем құра.
Жасыл, боз, үлкен, биік, ескі, ұсақ, көк, ақ, сұр.
Биылғы, 2016 жыл қандай жыл?
Олай болса, маймылға көмек ойынын ойнайық. Маймылдың банандары шашылып қалыпты. Оны себетке жинау үшін бананның артындағы сұрақтарға жауап беру керек.
Сан есім кездесетін 3 мақал айт 
Қарсы мәндес сын есімдерін тап. Қалың - ...., ұзын - ... .
Әже сөзін септе
Көптік жалғауларын ата
Ұстаз сөзін тәуелде
Үстеу дегеніміз не?
Мекен үстеу дегеніміз не?
Қашан? Сұрағына жауап беретін үстеу.
6-тапсырма  «Ой толғау»
Әдебиеттік оқу  пәнінен өткен, жаттаған өлең сөздері ауыстырылып берілген.
1)      Өлең кімнің өлеңі
2)      Ретімен жазып, шылаулардың астын сыз.
Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду – ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
 Қорытынды. Тест жұмысы
Оқушылар білімін бағалау
Үйге тапсырма
1.Туынды зат есімді тап
А) қала
Ә) малшы
Б) тау
2. Сын есім сұрақтарын көрсет
А)қандай?, қай?
Ә)қанша?, неше?
Б)не істеді?, қайтті?
3. Сан есім нешеге бөлінеді?
А)есептік, реттік, қатарлық
Ә)қатарлық, кезектік
Б)есептік, реттік
4.Реттік сан есім қатарын белгіле
А)екі, үшеу, үшінші
Ә)үшінші, төртінші, бесінші
Б)бесінші, алтыншы, бесеу
5. Болымсыз етістікті тап
А)оқыды
Ә)оқыма
Б)оқып отыр
6. Мезгіл үстеуінің сұрағы
А)қашан?
Ә)қалай?
Б)қайда
7. Ине мен біз керісіп қалды. Осы
сөйлемнен шылауды тап
А) біз
Ә) мен
Б) керісіп
1.Туынды зат есімді тап
А) қала
Ә) малшы
Б) тау
2. Сын есім сұрақтарын көрсет
А)қандай?, қай?
Ә)қанша?, неше?
Б)не істеді?, қайтті?
3. Сан есім нешеге бөлінеді?
А)есептік, реттік, қатарлық
Ә)қатарлық, кезектік
Б)есептік, реттік
4.Реттік сан есім қатарын белгіле
А)екі, үшеу, үшінші
Ә)үшінші, төртінші, бесінші
Б)бесінші, алтыншы, бесеу
5. Болымсыз етістікті тап
А)оқыды
Ә)оқыма
Б)оқып отыр
6. Мезгіл үстеуінің сұрағы
А)қашан?
Ә)қалай?
Б)қайда
7. Ине мен біз керісіп қалды. Осы
сөйлемнен шылауды тап
А) біз
Ә) мен
Б) керісіп