?аза? тілі п?нінен Тіл ж?не с?йлеу та?ырыбы бойынша жоспар


Қазақ тілі
Тақырыбы: Тіл және сөйлеу.
Мақсаты: Сөйлеу және оның түрлері туралы берілген ұғымды кеңейту, оқушылардың сөйлеу мәнерін жетілдіру.
Барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды оқулықпен таныстыру.
II Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Негеш – өздерің сияқты 3-сынып оқушысы. Ол – көңілді, мейірімді, білімқұмар бала. Негеш үнемі «Кім? Не? Қайда? Неге?» сұрақтарын көп қояды. Сол себепті оны Негеш деп атайды.
Негеш мына сұрақтардың жауабын білгісі келеді: 1) Сөйлеу не үшін қажет?
2) Сөйлеу не арқылы жүзеге асады? Білгішбек: «Тіл мен сөйлеудің не үшін қажет екенін мына сызбадан байқауға болады», – дейді.
Тіл арқылы сөйлеседі
хабар береді
пікірлеседі
білмегенін сұрайды
кеңеседі
III Орындаушылық кезең
1 - жаттығу. Суретпен жұмыс.
2 - жаттығуды орындамас бұрын «Құстар қалай дыбыстайды ойнын ойнату», өлеңді мәнерлеп оқу, өлең мазмұнына лайық сұрақтар қою.
IV Бағалау кезеңі.
«Ойлан тап ойыны.
Аяғы жоқ – жүреді.
Аузы жоқ – сөйлей біледі.
(Хат)
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді – тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем.
(Кітап)
- Жұмбақтың шешуіндегі сөздер сөйлеудің қай түріне жатады?
V Қорытынды
Үй тапсырмасын беру.
Бағалау.