?аза? тілі п?нінен саба? жоспары: Кім?не? кімдер? нелер? ?андай? ?ай? не істеді? не ?ылды? ?айтті? ?анша? неше? нешінші? с?ра?тарына жауап беретін с?здер туралы т?сінікті ?айталау. ?діскер: Жахметова Балжан К?шкінбаевна


Пән:Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Тәлімгер: Толеу Айжан
Сабақтың тақырыбы: Кім?не? кімдер? нелер? қандай? қай? не істеді? не қылды? қайтті? қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы түсінікті қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, жазба тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Әрбір сөздің белгілі бір ұғымды білдіретінін, сөйлемдегі сөздердің орны мен өзара мағыналық байланысы болатынын түсіндіру;
Тәрбиелік:Оқушыларды зеректікке, ұқыптылыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ
Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар,т.б.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Мен сендерге бүгін «қазақ тілі» пәнінен сабақ беремін. Менің аты- жөнім - Толеу Айжан Нуржанқызы.
Психологиялық дайындық
«Ақ тілек. Әсем күлкі».— Көңіл – күйлеріңіз қалай? — Керемет! (Қолдарын көтереді)— Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?— Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)— Ынтаңыз ше?— Ғажап! (Қолдарын көтереді).
— Бүгінгі көңіл-күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші.
— Ендеше сабағымызды осындай тамаша көңіл-күймен бастайық!
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта не өттіңдер, кім айтады.
Үйге не берілді?
III. Қайталау сабақ:
Не? (күн, қой, доп...) Кім? ( ата, апа, аға, ана...) қанша? (екі, бес, он алты...) қандай? ( қызыл, ала, биік,сары....)
- Балалар мынау кім?
- Неше рәміз бар?
- Біздің мектеп қандай?- Қандай мерекелер бар?
IV. Дәптермен жұмыс
Көркем жазу.
Оқулықпен жұмыс. (116 бет)
312- жаттығу. Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қой.
Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?
Күн, ата, жазушы, адам, үй. жазды, шықты,
келді, ақ, көк,үлкен. Отыз, екі, қырық.
Күн, ата, ақ, отыз, көк, екі, жазды, шықты, үлкен, жазушы, келді, қырық, адам, үй.
313- жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз, шешуін тап.
Торы тай,
Табанында төрт ай.
V.Сергіту сәті: видео (Мен қазақпын.)
Шығармашылық жұмыс: «Орнынтап» ойыны. Сөздердің орнын ауыстырып сөйлем құрау, сын есімдерді табу, сұрақ қою.
а) Көтерді, үйлер, биік, бой, қалада.
ә) Оқыды, Қайрат, кітап, қызықты.
б) Терді, бақшадан, Айгүл, алма, қызыл.
в) Бар, Айжанның, добы, ала.
314-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
40’’’ З ‘‘‘40. (қызық).
Алда әлі талай қызық бар.
  «Жалғасын тап» ойыны. Мақалды толықтыру,сұрақ қою.
1.Ата-ананың сөзін жерге тастама,
Байып алсаң – менмендікке бастама.
  2.Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
3.Қарт кісіні қадірле,
Өзің де қарт боларсың.
4.Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды.
V.Бекіту.
Шығу парағы әдісі арқылы
Шығу парағы
Маған не ұнады? Мені не қызықтырды? Менің қоятын сұрағым бар....
VI. Үйге тапсырма:
316-жаттығу. « Байқоңыр – ғарыш айлағы.» тақырыбына мәтін құрап келу.
VII. Бағалау.
-Тамаша балалар, сендердің жауаптарыңда, жұмыстарың барлығы көңілімнен шықты. Сендерге көп рахмет.Сол себептен барлықтарына қолымдағы жұлдызшыларды таратамын. Сендермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын. Сау болыңдар!!!!
Мұғалім: Әдіскер:
Баға: