?аза? тілі п?нінен ?стеулерден ?ткенді ?айталау та?ырыбына саба? жоспары


Сабақ жоспары 6-сынып
Пәні: қазақ тілі мерзімі:.... ..... 2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Үстеуден өткенді қайталауСабақтың мақсаты: Оқушылардың үстеу туралы алған білімдерін пысықтау. Үстеу түрлерін ажырата білуге, танымдық қабілетін арттыру, ойын арқылы білімдерін пысықтап бекіту.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін кеңейтіп, үстеу туралы түсініктерін бекіту.2. Дамытушылық. Сөйлеу тілдерін жетілдіру, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, іздене білім алуға дағдыландыру.3. Тәрбиелік. Өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағыСабақтың түрі: Ойын сабақ, дәстүрден тыс сабақӘдісі: Сұрақ-жауап, логикалық және деңгейлік тапсырмалар.Көрнекілігі: Слайд, қосымша материалдар, интерактивті тақта, кеспе қағаздарСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Өткен тақырыпты қайталауТүрлері.Ереже .Мысалдары .1. Мезгіл үстеу Қимылдың мезгілін білдіреді Бүгін, былтыр, биыл, ертең, кешке, қазір, күндіз, қыстай, ала жаздай, әлгінде, баяғыда, бұрын, таңертең, түнде, бүрсігүні2. Сын - қимыл үстеу Қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді Әрең, ақырын, бірден, бірге, бірте-бірте, осылай, әрең-әрең, емін-еркін, лезде3. Мекен үстеу Қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді Ілгері, кейін, мұнда, сонда, ірң, бері, жоғарғы төмен, алға, артта, арттан.4. Мөлшер үстеу Қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді Онша, сонша, анағұрлым, әжептәуір, қыруар, талай, бірталай, мұншама5. Күшейткіш үстеу Қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не солғындатып көрсетеді Әбден, тым, ең, ылғи, кілең, сәл, тіпті, мүлдем, дәл, нағыз, керемет,орасан, ерен, әрең, аса, өте6. Мақсат үстеу Қимылдың болу мақсатын білдіреді Әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана7. Себеп-салдар үстеу Қимылдың болу себебін, салдарын білдіреді Босқа, бекерге, жоққа, құр, босқа, лажсыздан, амалсыздан, шарасызданІІІ. «Тапқыр достар» ойынының өту мақсаты мен кезеңдерімен таныстыруІ топ «Тұлпар»ІІ топ «Сұңқар»ІІІ топ «Жұлдыз»1. Әр топ өздерін таныстырадыІ тур «Сөз тапқанға қолқа жоқ»Мақсаты: Әр оқушы әріптер тандап алады да, қойылған сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөздермен жауап береді.І топ «Тұлпар» Е Б Ә1. Сен бүгін нешеде тұрдың?2. Сен қандай үйірмеге барасың?3. Күрделі үстеуге мысал айт4. Жайлауға қашан барасың?5. Сен нені армандайсың?6. Жазғы демалыста қалай демалдың?7. Сенің мінезің қандай?8. Еріншектің несі бітпейді?9. Бүгін нешесі?10. Сабақ нешеде басталады?
ІІ топ «Сұңқар» Қ А Т1. Сен қандай кітапты сүйіп оқисың?2. Күрделі үстеуге мысал айт3. Сен кеше нешеде тұрдың?4. Кітапханаға қашан барасың?5. Сен нені армандайсың?6. Қысқы демалыста қалай демалдың?7. Сен қазір қандай көңіл-күйдесің?8.Қандай адамның бір ісі артық?9. Ертең нешесі?10. Сабақ нешеде аяқталады?
ІІІ топ «Жұлдыз» М О К1. Сен кеше қайда бардың?2. Күрделі үстеуге мысал келтір3. Сен кеше нешеде ұйықтадың?4. Қалаға қашан барасың?5. Сенің арманың қандай?6. Жазғы демалыста қайда барасың?7. Сенің сүйікті пәнің8. Ұстаз өз жемісін қашан көреді?9. Алды күні нешесі болды?10. Ертең қайда барасың?
ІІ тур. «Ойлан, тап»Мақсаты: Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашуІ топ «Тұлпар»1. Шай қайнатым уақыт (аз ғана уақыт)2. Сүт пісірім уақыт (5-10 минуттық уақыт)3. Ақ пен қызыл арасында (алыс)4. Қан сонарда (алғашқы қар жауған күн)5. Аяқ астынан (ойламаған жерден)
ІІ топ «Сұңқар»1. Қас пен көздің арасы (өте жақын)2. Қас қараю (кеш бату)3. Төбеге жай түскендей (ойламаған жерден)4. Кірпік қаққанша (көз ілмеу)5. Ісі далаға кету (пайдасы болмау)
ІІІ топ «Жұлдыз»1. Қас қағым сәт (тез арада)2. Түс ауа (түстен кейін)3. Түн ауа (түн ортасы өткенде)4. Тал түс (күндіз, дәл түс кезі)5. Түстен кейін (күннің 2 жартысы)
ІІІ тур. «Сен білесің бе?»Мақсаты: Ұяшық артында жасырылған сұрақтарға жауап беру10 – Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)20 – Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (7)30 – Өздік етістің жұрнақтарын ата ( -ын, -ін, -н)40 – Белгісіздік есімдіктерді атап бер (кейбіреу, қайсібір, әлдеқайда, әркім)50 – Зат есім, сын есім, сан есім орнына қолданылатын сөз табы (Есімдік)60 – Бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі (Есімше)70 – Үстеудің қай түрі Қалай? Не мақсатпен? Деген сұрақтарға жауап береді? (Мақсат)80 – Ілгері, кейін, мұнда, жоғары, төмен қай үстеудің түріне жатады? (Мекен)90 – Қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі (Тұйық етістік)ІV тур. «Кім тапқыр»Мақсаты:Берілген сөздерді көрермендерге жасырып тапқызуІ топ «Сұңқар» Алма, достар, құстар, оқушы, кітап, ақшаІІ топ «Тұлпар» Қыздар, ана, жапырақ, бидай, дала, ойыншықІІІ топ «Жұлдыз» Мектеп, ұстаз, гүл, қалам, айна, дәптерІV. Үйге тапсырма: Өткен тақырыптар бойынша барлық ережелерді қайталауV. Қорытынды. Белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Алма Достар
Құстар Оқушы
Кітап Ақша
Қыздар Ана
Жапырақ Бидай
Дала Ойыншық
Мектеп Ұстаз
Гүл Қалам
Айна Дәптер