?аза? тілі п?нінен ашы? саба?. Та?ырыбы : С?з таптары


Сөз таптары
Раушан Төлеуғазықызы Қасенова
Бастауыш сынып мұғалімі,
«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп»КММ-сі
Үржар ауданы ,Үржар ауылы,Шығыс Қазақстан облысы
2-сынып
Сабақтың білімділік мақсаты:1сыныпта сөздер туралы жалпы түсінік алса , сол түсініктер негізінде сөз таптары туралы грамматикалық ұғымды түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты:Танымдық тапсырмалар, сұрақтар қою арқылы тіл байлықтарын ,ойлау қабілетін, дүниетанымдарын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сатылай кешенді талдау,шығармашылық жұмыс.
Пәнаралық байланыс:дүниетану,өзін-өзі тану.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, ағаш макеті, әртүрлі текшелер ,суреттер , стикерлер.
Сабақтың барысы:
1.Ұымдастыру кезеңі
Шеңберге тұрып ,оқушылардың қонақтармен сәлемдесуі.(үш тілде)
«Бақыт» ағашының басындағы жапырақтарды алу арқылы топқа бөлінуі.
Психологиялық ахуал.
-Әрбір адам?-Туысым ,досым, жұрағат.
-Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат.
-Әрбір ісің?-Тірлік ,тірек,адамдық .
-Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық .
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.Біз қонақтарды өздерің айтқандай тәрбиелі тәртібімізбен,білімділігімізбен қарсы алып, шығарып тастауымыз керек.Топ басшысын топқа тағайындату және бағалау ережесін түсіндіру.
Үй тапсырмасын пысықтау.
І- топ . Түбір дегеніміз не ?(ережесін айтып, мысал келтіру)
ІІ-топ. Жұрнақ дегеніміз не? (ережесін айтып, мысал келтіру)
ІІІ-топ. Жалғау дегеніміз не?(ережесін айтып , мысал келтіру)
ІV-топ. Сөз құрамына талдау.(берілген сөздерді тиісті сызба арқылы талдау)
Сергіту сәті . (Слайд бойынша)
Ой қозғау.«Сөз» дегеніміз, әр топ алдарында жатқан бірнеше жауаптың дұрысын тауып ,тұсына жапсырады.
(ережесін қайталап, әр сөз атауына сұрақ қойып көрейік)
Жаңа сабақтың мағынасын ашу.
(Тақта отырған әжейдің суреті, астында төрт баласының аты жазылған ережесімен слайд)
Бұл үлкен әжейдің аты «Сөз таптары» оның төрт баласы төрт түрлі қызмет атқарады екен, олар тек өздеріне қойылған сұрақтарға жауап беруді мақсат еткен .Олар: Зат есім, сын есім, сан есім, етістік.Әр есімнің астында жазылған ережесі мен сұрағын оқытып таныстыру.
Дәптермен жұмыс: күн ретін жазу, көркем жазу:Ссәрпі және осы әріптен басталатын бірнеше сөз жаздырту .Оны талдау :қандай дыбыс? сөздің қай жерінде кездеседі? Деген жетекші сұрақтар беру.
Оқулықпен жұмыс.Төрт топқа 116 беттегі 312-315 жаттығуға дейін бөліп беру. (біткен топ белгі беріп,жаттығуды талдайды )
Өз-өзін тексеру.Семантикалық картамен жұмыс. Тақтадан кейінірек дұрыс жауабы көрсетіледі .
Интерактивті тақтадан флипчарт программасы бойынша сабақты бекіту.
Үй тапсырмасы .
Күнделікті ашайық
Үй тапсырмасын жазайық
Бүгінгі алған білімді ,
Ұмытпай есте сақтап алайық. 117-бет, 316 –жаттығу, ережені жаттау.
Бағалау. Топ басшысына сөз бер
Рефлексия. «Бақыт» ағашына оралу .(сабақты түсінген бала қолдағы алма бейнеленген стикерді жоғары, білгім келеді деген бала ортасына , түк түсінбедім деген бала ағаштың астына қарай іледі)