?стеуді? ??рамды? т?рлері (6 сынып)


Қазақ тілі 6- сынып

1-апта 2-күн 05.04.2014 жыл 81-сабақ
Сабақтың тақырыбы Үстеудің құрамдық түрлері.
Сілтеме Жоспар ( күнтізбелік жоспар )
Жалпы мақсаты Үстеулер құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі болып бөлінетінін меңгерту.
Оқыту нәтижесі Өз ойын түсінікті жеткізе білуге, сөйлем құрастыруға дағдыландыру, білімін кеңейту.
Негізгі идея Негізгі, туынды, күрделі үстеулерді ажырата білу.
Ақпарат көздері: Интербелсенді тақта, қалам.
Қолданылған технологиялар: Блум таксаномиясы, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау.
Іс-әрекет түрлері: Диологтік оқыту, жекелей, постермен жұмыс, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар, сыни тұрғыдан ойлау, «БББ» кестесі.+
Кезеңдер: Мұғалімнің сабақ барысы
( 45 минутқа дайындалған )
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Алғашқы рефлексия кезеңі Оқушылармен сәлемдесу
Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу.
Оқушы зейінін сабаққа аудару.
Жоқ оқушыларды анықтау.
Балаларды «Мозайка әдісімен»топқа бөлу. Сәлемдесу.
Кезекші сыныптағы оқушылар туралы мәлімет береді.
Оқу материалдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.
Қималарды құрастыру арқылы 4 топқа бөлініп отырады. Әр топта баяндамашы, хатшы, таймкипер, төраға болады.
Әркім өзінің топтағы қызметін бөліп алады.
Білу. Білімді тексеру кезеңі.3-м. Үстеу деген не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Қимылдың түрлі белгісін білдіретін сөз табы.Үстеу қалай, қашан, қайда, не мақсатпен, қайдан, не себепті,т.б. сұрақтарға жауап береді.
Түсіну. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.3-м. Диалогтық оқыту.Берілген сөздердің негізгі, туынды, күрделі екенін ажыратады, әркім өз жауаптарымен алмасып, бірін-бірі тексереді. Жылдам, тез, ерте, төмен, қазір, бұлбұлша, қыстай, шикілей, жаздыгүні, биыл, жата-жастана, ала жаздай,т.б. Жұпта, топта талдайды. Дұрыс не бұрыс екенін айтады.
Қолдану. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру кезеңі. Оқулықтағы ережеге сүйене отырып, жаңа сабақты өздігінен меңгеру. Әр топқа постер тарату арқылы өз білгендерін сызба бойынша көрсетіп, оны өздері топта талдап, әр топтың репортері тақырыпты сыныпқа түсіндіреді. Оқушылар өздері оқулықты оқып шығып, сол бойынша топпен бірлесе жұмыс жасап қорғайды.
Талдау, жинақтау. Сыни тұрғыдан ойлау. Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Берілген сөйлемдерден үстеуді тауып, мағыналық түрлерін ажыратады, синтаксистік талдау жасайды..
1.Биыл қар қалың түсті. 2.Кейін баспай, ілгері жүр.3.Атасы ерте тұрды.269- жаттығу.Көшіріп, үстеулерді табу. Қай сөзге қатысты екенін анықтау.272-жаттығу.Үстеулерді тауып, құрамына қарай талдау. Оқушылар дәптерге орындайды.
1.Биыл(қашан? Мезгіл) қар қалың түсті. 2.Кейін(қалай?мекен) баспай, ілгері(қалай?мекен) жүр.3.Атасы ерте(қашан?мезгіл) тұрды.
Мысалы: Әрі-беріден—қосарланған күрделі үстеу, әнеугүні—біріккен күрделі үстеу,т.б.
Сергіту сәті Ғажайып бақ жасау. Көзді жұмып отырып, әдемілікке үңілу.
Сабақты бекіту кезеңі. Берілген жұмбақтардың жауабын шешу.
Семантикалық картамен жұмыс. Төрт топқа тапсырма. Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату. Әр топ жауабын табады. Мысалы: 1-топ.Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау.
2-топ. Тақиям-- толған сөк,ерте тұрсам—дым да жоқ.
3-топ. Көк лағым көгенде жатып семіреді.
4-топ. Үй үстінде ақ аю билеп тұр.
Интерактивті тақтадағы тапсырмаларды орындайды.
Инсерт кестесін толтыру
Бағалау « Бүгінгі сабақтан алған әсерім...» оқушылар өз-өзін бағалайды. Стикерлер таратылады. Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып, постерге жабыстырады. Бағалау өлшемдері бойынша әр топ оқушылары бір-бірін бағалайды.
Пайдаланған құралдар: Әр түрлі түстегі маркерлер, постер, стикер.
Үйге тапсырма 273-жаттығу. Сурет бойынша мәтін құрау. Күнделікке жазып алады.