М?тіндік редактор. Word Pad м?тіндік редакторыны? м?мкіндіктері


Сабақтың тақырыбы:Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік
редакторының мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға  мәтіндік редактор, оны іске қосу және ондағы элементтермен қалай жұмыс істеу керек екендігін сипаттай отырып  жалпы  білім беру.
Дамытушылық: Оқушыларға Word Pad мәтіндік редакторы тақырыбын түсіндіре отырып, олардың Word-ты іске қосып, ондағы элементтермен дұрыс жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Word Pad мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін меңгерту арқылы оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, мультимедиялық құралдар, тақырып бойынша дайындалған слайдтар, таратпа материалдар.
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі3 мин
II.  Үй тапсырмасын тексеру5 мин
ІІІ. Жаңа тақырып 15 мин
IV. Жаңа сабақты бекіту14 мин
V. Қорытынды3 мин
VI. Бағалау3 мин
VII. Үйге тапсырма2 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,сергіту жаттығуы;
Мақсаты: Оқушылардың бірін-біріне деген сенімділіктеріне арта түсуі үшін
Нұсқау: Жағдай оқылады. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған әрекетті орындауыңыз қажет.
Егер үлкен ағаң болса, үш рет шапалақта
Кім бүгін дәмді түскі ас ішсе, ішін сипасын
Балмұздақты жақсы көретіндер, тоңып тұрғандай іс-әркет жасасын
Иттерді жақсы көретіндер үрсін
Мысықтарды жақсы көретіндер «Мяу!» деп үш рет айтсын
Ата-анасының ерке балалары қолдарын көтерсін
Информатика пәні ұнаса, «Алақай» деп айқайласын
Тәтті тортты жақсы көретіндер екі қолын көтеріп, күлсін
Ашық сабаққа қатысуға дайын оқушылар «Алға!» деп айқайласын.
-Топқа бөлу «Киндер тосынсыйы» қорабына салынған асықтар арқылы екі топқа бөлу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
SMS-Жұмбақтар
Телефон түймесінде цифрлар сонымен қатар әріптер де бар. Әріптер цифрларға қарағанда көбірек. Бұл телефон арқылы бірнеше SMS жіберілді. Сандармен берілген сөздерді қалпына келтіру қажет.

4 1 6 9 5
2 1 8 4 7 9
3 1 3
7 4 9 4
4 1 4 1 4 5 8 9
6 2 9 8 6 7 6
* 6 1 5 2 1 7
4 1 6
8 6 1 1 Қ а Р
ы н д а ш Қ ұ ю
Ж а з
у Қ ы л
қ а л а м Ө ш і р г і ш Т ү с *
т а ң д а у
М а с ш т а б ІІІ. Жаңа тақырып
«Суретті сөйлет» әдісі бойынша интербелсенді тақтадан бүгінгі өтілетін тақырыпты ашу

-          Жақсы оқушылар. Енді дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді және бүгінгі тақырыпты жазып қойыңдар. Бүгін біз тағы да үлкен бір тарауды бастаймыз. Дәптерлеріңізге Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторының мүмкіндіктері деп жазып қойыңыздар.
-          Яғни бүгін біз  Microsoft Word мәтіндік редакторы дегеніміз не? Оны қалай іске қосу керек? Және оның элементтері қалай жұмыс істейді? Деген сияқты жалпы мағлұматын өтеміз.
-          Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу үшін мынадай әрекеттерді орындаймыз. Пуск   -  Все программы –Стандартные Word Pad.
-          Word  қосымшасын іске қосқаннан кейін экранда мәтіндік редактордың стандартты терезесі пайда болады, онда құжаттың мәтінін бірден теруге болады.
-          Word- та екі меңзер бар: кірістіру нүктесі және І меңзері.
-          Кірістіру нүктесі – жыпықтап тұратын тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде символ қай жерде пайда болатынын көрсетеді.
-          І меңзер – терезенің жұмыс аймағында маустың нұсқағышы  І латын әріптің түрін, ал жұмыс бетінің сыртында маус нұсқағышының кәдімгі  стандартты жебе түрінде болады.
Жаңа тақырыппен танысып алуға 5 минут уақыт беріледі. Оқушылар берілген тақырыпты «Білгірлер картасы» арқылы түсіндіру қажет.
І-топ:Мәтіндік редактор
ІІ-топ:Word Pad мәтіндік редакторының мүмкіндіктері
IV. Сабақты бекіту
Информатикалық диктант
Мәтіндік редактор дегеніміз ____________________________________________________
Іске қосу жолдары _____________________________________________________________________________
Word- та________________меңзер болады.
Кірістіру нүктесі -____________________________________________________________
І меңзер - ____________________________________________________________________
Редактордың мүмкіндіктері______________________________________________________________________________________________________________________________________________
V. «Адасқан сөздер»
Word-та қолданылатын сөздерді сәйкес орналастыр
Ашукопировать
Сақтаувырезать
Қиып алу открыть
Көшірувставить
Кірістірусохранить
Печать құру
Создать басып шығару
VI Бағалау.
р/с Оқушылардың аты-жөні SMS-Жұмбақтар
Жаңа тақырып Информатикалық диктант Адасқан сөздер Жалпы ұпай
1 2 3 4 5 VII. Үйге тапсырма. 
1.Тақырыпты мазмұндау.
2. Мәтіндік құжаттың қолмен жазылған түрі ме, әлде компьютерде жазылған түрі ұнай ма? Өз ойларын дәптерге жазып келу