С?з таптары ж?не зат есім 3 сынып


Тақырыбы: «Сөз таптары және зат есім»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсат: Оқушыларға зат есімнің түрлерін жаттығулар
арқылы меңгерту.
Дамытушылық мақсат: Оқушылар зат есімнің түрлерін меңгерте отырып,ауызша сөйлеу және жазбаша дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсат: Отанды сүюге тәрбиелеу және еңбекке тәрбиелеу
Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап,
көрнекіліктер, интерактивті тақтамен жұмыс әдістері, бағалау
Оқыту технологиясы: дамыта - оқыту технологиясы, флэш плейер бағдарламасы
Көрнекіліктер: оқулық, плакаттар,үлестірмелер, тест.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Салеметсіздер ме, балалар!
1.Қызығушылықты ояту.
Суретті мәтінмен жұмыс. Суреттердің орнына сөз қойып, мәтінді дұрыстап оқу.
Мәтін.
Мына бала –Болат. Балалар оны ЗООПАРК БОЛАТ деп атайды. Неге?
Мектепте үзіліс кезінде ол—әтеш боп қоқиланып жүреді.Сабақта тақта алдында балық боп мыңқ етпей тұрады. Ал үйінде әжесіне арыстан боп ақырады.
Қарындасына қолтырауын боп тісін ақситады. Папасының алдында қоян боп қалтырайды. Мамасының алдында түлкі боп бұлаңдайды. Себебі мамасы оған ойыншықтар сатып әпереді.
ТАПСЫРМА:
Болат қандай бала деп ойлайсыңдар? Мінездеме беріңдер.
Болаттың қылығы дұрыс па? Өз ойларыңды айтыңдар.
Мәтіннен зат есімдердің астын сызыңдар және оларға сұрақ қойыңдар
Жаңа сабақ: Балалар, қазақ тілінде неше сөз табы бар екен? (8)
Сол сөз таптары ішінде бүгінгі сабақ зат есімді қайталап, білімімізді тиянақтаймыз.
Зат есім дегеніміз не?
Зат есімнің неше түрі бар екен?
Жалқы және жалпы есімді кім еске түсіреді?
Зат есімнің жекеше және көпше түрі туралы кім айтып береді?
Негізгі және туынды зат есім дегеніміз не?
Зат есімнің тәуелденуі туралы не айтамыз?
Зат есімнің септелуі деген не?
Зат есімнің жіктелуі дегеніміз не?
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Бағдарлау –мотивациялық кезең.
1-жаттығу
1тапсырма: Мына сөздер қандай сұраққа жауап береді?
Алма, түйе, көзілдірік,орындық, құс, (Не?)
2-тапсырма: Мына сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
Компьютерлер, ұялар, телефондар, орындықтар. (Нелер?)
Қортындылау.
ЗАТ ЕСІМ


Сұрақтары түрлері

Кім? Жалқы жалпы
Кімдер? Негізгі туынды
Не? Жекеше көпше
Нелер? Зат есімнің тәуелденуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің жіктелуі
2-жаттығу
1-тапсырма Суретке қарап зат есімдерді жазу. Тапқан сөздерге сұрақ қою.
Кітап+тар қалам+дар
Кілт+тер алма+лар
Орындық+тар оқушы+лар
2-тапсырма.Көрсетілген көптік жалғауларына жалғанатын сөздер тауып, зат есім жасаңдар.
Бала-лар, күйші-лер, кітап-тар, кеп-тер, құрал-дар, мұғалім-дер.
3-тапсырма. Мақал-мәтелдерді тыңдап Кім? Не? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.
Кім? Не?
Шешен Оқу,
Батыр білім,
мектеп,
жаңбыр
3-жаттығу
1-тапсырма.Берілген сөздерге –шы, -ші жұрнағын жалғап жазыңдар.
Дойбы+шы мал+шы егін+ші, би+ші күй+ші ән+ші, жылқы+шы қой+шы құрылыс+шы
2-тапсырма. Бірінші сөздің жалғасы, екінші сөздің бастауы болатын жұрнақты тап.
ба быс
мақ
та
қал
жота лант
ба
ұс
бақ
бал
3-тапсырма. Суретпен жұмыс.
Шарлардағы сөздердің қайсы зат есім екенін табу.
Бағалау кезеңі.
Тестпен жұмыс.
1.Зат есім дегеніміз не?
А)Қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздер.
Ә)Заттың атын білдіретін сөздер
Б)Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер.
2.Туынды зат есімді табу.
А)қала
Ә)малшы
Б)тау
3.Көптік жалғаулы зат есімді тап.
А) батыр
Ә) оқушы
Б)ағаштар
4.Жалқы есімді тап.
А)журнал
Ә) Алматы
Б) ағаш
5.Жалпы есімді тап.
А) Асан
Ә) өзен
Б) қазақ тілі
6.Зат есімдер тобын тап.
А) үлкен, көгілдір, ащы.
Ә) Алатау, орман, алма
Б) өседі, тербеледі, ұшады.
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ

Қазақ тілі. 4 сынып
Тақырыбы: Зат есімді қайталау
Өткізген: Жумагулова А. Ж
Қостанай қаласы
2010-2011 оқу жылы
Тест.Оқушының аты-жөні:----------------------
1.Зат есім дегеніміз не?
А)Қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздер.
Ә)Заттың атын білдіретін сөздер
Б)Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер.
2.Туынды зат есімді табу.
А)қала
Ә)малшы
Б)тау
3.Көптік жалғаулы зат есімді тап.
А) батыр
Ә) оқушы
Б)ағаштар
4.Жалқы есімді тап.
А)журнал
Ә) Алматы
Б) ағаш
5.Жалпы есімді тап.
А) Асан
Ә) өзен
Б) қазақ тілі
6.Зат есімдер тобын тап.
А) үлкен, көгілдір, ащы.
Ә) Алатау, орман, алма
Б) өседі, тербеледі, ұшады.