С?з таптары. Зат есім 6 сынып


Күні:
Қазақ тілі, 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.
Мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, зат есімнің жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Тәрбиелік: қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік-эстетикалық семзімдеріне тәрбиелеу, адамдық қасиеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: оқушылар зат есімнің грамматикалық категориялары туралы толық меңгереді, сөйлем арасындағы зат есімдерді сұрақ қою арқылы бірден таба алады.
Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы.
Әдісі: түсіндіру, ізденіс, сұрақ-жауап, талдау.
Көрнекіліктер: тақырыпқа арналған кесте-плакат, тақта, бор, оқулық
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
*оқушыларды түгендеу;
*оқу құралдарын тексеру;
*оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Абай өлеңдерінің бір шумағын жазып, ішінен атауыш және көмекші сөздерді табу.
Қараңғы түнде тау қалқып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт дел-сал қып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жолдағы
Сілкіне алмас жапырақ
Тыншығарсың сен дағы
Сабыр қылсаң азырақ.
(Бұл өлең жолдары кімнің аудармасынан екен?)
Гетенің шығармасын Лермонтов орысшаға аударған:
Горные вершины
Спять во тьме ночной
Тихие долины,
Полны свежей мглой.
Не пылит дорога
Не дрожат листы.
Подожди немного,
Отдохнешь и ты.
ІІІ.Жаңа сабақ Сөз таптары. Зат есім
Тақтағы сызба сызылады:
Заттың, ұғымның атын білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: кім?не?кімдер?нелер?
Тұлғасына қарай Құрамына қарай
Негізгі зат есім Туынды зат есім Дара зат есім Күрделі зат есім
Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім.
Мысалы:
у, ат, ант, бата, құдық, жапырақ Түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім
Мысалы:біл-ім, дос-тық, бора-н, тарс-ыл, жаман-шылық Бір ғана түбірден тұрады
Мысалы: от, ара, қант, оқушы, баспалдақ. Кемінде екі сөзден /біріккен, қосарланған, қысқарған және тіркескен сөздер
Мысалы:кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ, мәдениет үйі
Жалпылай немесе жекелей аталуына қарай Мағынасына қарай
Жалпы есім Жалқы есім Деректі зат есім Дерексіз зат есім
Біртектес заттардың атауы
Мысалы:қала, өзен, тау, кісі,кітап Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атаулары
Мысалы:Алматы, Ертіс, Алатау, Абылай Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар мен құбылыстардың атаулары
Мысалы:ағаш, қалам, су, домбыра, есік, сия т.б. Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін, тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдардың атауы
Мысалы:қайғы, арман, сана, қуаныш, жақсылық, реніш
ІV. Шығармашылық жұмыс. «Біздің ауыл» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
/жалқы есімдер, деректі, дерексіз зат есімдердің астын сызып, құрамына талдау жасау.
V. Абайдың ұлағатты сөзін алып, талдау жұмыстарын жасау.
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады.
Зат есім сөздерді табу.
Құрбы сөзіне сатылай кешенді талдау жасау.
І топ. Фонетикалық талдау жасау /мүмкіндігінше математикалық тәсілді қолдануға болады/
ІІ топ. Фонологиялық талдау жасау
Фонетикалық талдау: Құрбы =O=……..=?
Шешуі: Құрбы = 5O= 2 □ (ұ, ы)+ 3∆ (қ, р,б)
Қ- ∆-қатаң
Ұ-□, жуан, қысаң, еріндік
Р-∆, үнді
Б-∆, ұяң
Ы- □, жуан, қысаң, езулік
2)Фонологиялық талдау
Құрбы – 5 әріп, 5 дыбыс бар, екі буын бар
-5715-25400053975-254000119380-254000213995-254000291465-25400039243012255500392430-254000 Құр - бы
29146510160000 Біт.б. ашық б.
21399511303000 Құр-бы /2 жағд.тасымалданады/
-571548069500539753206750011938013652500 Құрбы /екпін соңғы ы дыбысына түседі/
1823085292100017818102921000 Құрбылар /лер/
1746250285750017818102857500 Құрбыға /қа/
VI. Сабақты бекіту:
Зат есім заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы.
Құрамына қарай:дара күрделі,
Тұлғасына қарай:негізгі, туынды
Мағынасына қарай:деректі, дерексіз
Жалпылай немесе жекелей аталуына қарай:жалпы есім, жалқы есім
VI.Үйге тапсырма:
-жаттығу
Өздерің білетін жалқы есімдерді дәптеріңе жазыңдар.
Зат есім туралы оқу.
VIІ.Бағалау.