Саба?ты? та?ырыбы: Соз таптары. Зат есім (6сынып)


Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 7.11.2016 Сынып: 6 «а», «ә» Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : тақырып бойынша білім беруі, кеңейту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету; Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпСабақтың өту әдісі: кесте , түсіндіру, тапсырмалар беру, сұрақ-жауап, Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына назар аудару.
3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ –жауап:
ІІІ.Жаңа тақырып: Сөз таптары. Зат есім.
Сөздердің білдіретін мағынасына , тұлғасына , сөйлемдегі жеке қызметіне қарай топтарға бөлінуін сөз таптары дейміз.

3.Сан есім. (заттың санын, ретін білдіретін сөздер.)
2.Сын есім (заттың сынын,сапасын, түрін, түсін,көлемін, иісін, дәмін және т.б. белгілерін білдіретін сөздер )
1.Зат есім (заттың, құбылыстың, ұғымның атын білдіретін сөздер)

6.Үстей (іс-қимылдың мекенін, мезгілін, амалын, себебін ,мақастын және т.б. белгілерін білдіретін сөздер)
5.Етістік (заттың, құбылыстың іс-қимылын,әрекетін білдіретін сөздер)
4.Есімдік (есім сөздердің орнына жүретін сөздер)

9.Одағай(адамның көңіл күйін, сезімін немесе жануарларды шақыру,жекіру мәнінде айтылатын сөздер.)
8.Шылау (сөздерді,сөйлемдерді байланыстырушы немесе сөзге қосымша мән үстеуші көмекші сөздер)
7.Еліктеу сөз (табиғаттағы дыбысқа, қимыл-әрекетке еліктеуден туған сөздер)

Заттың , құбылыстың, ұғымның атын білдіріп кім? не? кімдер? нелер? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады.

Зат есім мағынасына қарай Құрамына қарай
Мәні бойынша Танылуы бойынша Дара зат есім Күрделі зат есім
1.Жалпы есім.
Біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер.
М: тау, құс,адам,өсімдік, жануар, аң,ауыл, 1.Деректі зат есім. Нақтылы тануға болатын ,көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат атаулары.
М:кітап, мектеп, дос, су, нан, дәптер, қалам, ине, Бір сөзден жасалған зат есім дара зат есім деп аталады.
М:Ана, аға, әке,көл,өзен, 1.Екі не бірнеше сөздің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруынан жасалады.
1.Негізгі зат есім.
Тек түбірден жасалған зат есімдер.
М:Отан, ер,есім,дос,жол, мал,ауыл Мысалы:Мұражай, аққу, баспасөз, дос-жаран, ата-ана, сан есім, сын есім, ҚазҰУ, ата заң, ҚазҰПУ,саябақ.
2.Жалқы есім.
Бір затқа ғана берілген атау. Біркелкі заттарды, құбылыстарды жекелей атайтын, арнайы берілген есімдер мен атаулар.
М:Алатау , Ақерке, Жетісу, аю,сауысқан, Алатау, 2.Дерксіз зат есім.
Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары.
М: Ақыл,ой, бақыт, арман, білім, 2.Туынды зат есім
Жұрнақ жалғану арқылы жасалады
М: қуан-ыш, сез-ім, шат-тық, ту-ыс, тоңазыт-қыш,қон-ақ, тара-қ,күре-к ІV.Оқулықпен жұмыс.
99-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, атауыш сөздердің астын бір сызықпен, көмекші сөздердің астын екі сызықпен сызыңдар.
Үлгі Еділ -атауыш сөз сұрағы не? Зат есім да,де,та- көмекші сөз шылау
100-жаттығу. Жаттығуды көшіріп жазыңдар, мәтінді ауызша түсіндіріп беріңдер.
101-жаттығу. Мәтінде қандай сөз таптары бар екенін дәлелдеп, айтып беріңдер. (ауызша)
102-жаттығу. Сөз таптарының әрқайсысына (зат есім, сын есім, сан есім, етістік, шылау, одағай) 5 сөзден жазыңдар.
V.Сабақты бекіту.
Сұрақ –жауап ;
1.Сөз таптары дегеніміз не?
2.Сөз таптары нешеге бөлінеді?
3.Зат есім дегеніміз не? Мысал келтіру, сұрақтарын атау,
4. Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
5.Құрамына қарай қалай бөлінеді?
6.Жалпы және жалқы есімге мысал келтіру
7.Деректі және дерексіз зат есімдер дегеніміз не? Мысал келтіру.
VІ.Үйге тапсырма.
1.Сөз таптары туралы түсінік, зат есімніңи ережесін қайталау,
2.103-жаттығу. «Ұлттық салт –дәстүрлер» тақырыбында қазақ салт-дәстүрлері туралы шағын әңгіме жазыңдар.