Тіл-халы?ты? жаны тіл мерекесіне арнал?ан саба? жоспары


Тақырыбы: Тіл- халықтың жаны
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой- өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бекеттер-топ аттары жазылған плакаттар, мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.
Барысы:
1-жүргізуші:Тіл - тарихи құбылыс. Тілдің де шығу тарихы бар.Адамзат тілінің шығу тарихы өте ерте заманнан , арғы дәуірден басталады. Тілдің шығуы адамның өзінің пайда болуымен, қоғамның, ұжымның құрылуымен тығыз байланысты.
Ең таза тіл – тек қана бір тілді біліп, парсылармен араласпайтын, жат жұртқа барып-келіп, қарым-қатынас жасамайтын адамдардың тілі. Екі тіл білетін және шаһар халықтарымен араласып тұратын адамдардың тілдерінде шұбарлық болады. Соғдақ, кенжек, арғу тайпалары дәл сондай екі тіл білетіндерге жатады.
2- жүргізуші:Тіл қай ұлтта,қай елде болса да қастерлі,құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады.
Тіл байлығы әрбір елдің,ұлттық мақтанышы.Ол - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға , оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиіс.
Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсы дегенде, біреулер ағылшын тілі десе, енді біреулер қытай тілі деп жауап береді. Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс? Бірінші орынды, сөз жоқ, ағылшын тілі алады, өйткені ол дүние жүзінде ең көп тараған халықаралық тіл болып табылады. Ал егер бір тілде сөйлеушілердің саны бойынша анықтасақ, ағылшын тілі екінші орында тұрады. АҚШ Лингвистика институтының жуырда жүргізген зерттеулерінің нәтижесі бойынша, сол бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп тараған тіл қытай тілі екені көрінеді. Бұл тілде 844 млн. адам сөйлейді екен. Ағылшын тілінде – 434 млн., хинди тілінде – 338 млн., испан тілінде – 331 млн. Адам сөйлейді.
1-жүргізуші: Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
С.Торайғыров.
2-жүргізуші: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Д. Әбілев.
1-жүргізуші: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы.
М.Шаханов.
2-жүргізуші: Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ана тілім, туған тілім,бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Ш.Айтматов.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, бүгін біз 2 топ: «Тапқырлар», «Зеректер» Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады.
Әділ қазылар алқасын сайлау.
1. «Қайырлы таң» бекеті Екі топтың сәлемдесуі. Танысу.
2. «Үміт» бекеті. А)Мақал-мәтелдерді жалғастыру :
Бал тамған тілден... ( у да тамар)
Жақсы сөз... ( жарым ырыс)
Аяққа кісен салуға болар... ( тілге кісен салуға болмас)
Жақсы байқап сөйлер ... ( жаман шайқап сөйлер)
Ине көзінен сынады ... ( адам сөзінен сынады)
Ашуың келсе, қолың тарт... ( айтпас жерде тілің тарт)
Тізеңнен сүрінсең де ... ( тіліңнен сүрінбе)
Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады)
Ә)Нақыл сөздер айту
Б) Тіл туралы өлеңдер
3. «Қайрат» бекеті . Қызықты грамматика.
А)Логогриф
Мені жұтсаң қуанып,
Тыныс алып тұрасың.
Қоссаң алдан бір әріп,
Маған суды құясың,
Малдарыңды суарып. (ауа – науа)
Ә)Құйсаң оған әрқашан,
Қымызды мейір қанатын.
Дауыссыз дыбыс жалғасаң,
Сыныпта оқу сағаты. ( саба – сабақ)
Б)Шарадалар
Бірінші менің бөлігім –
Шұңқырмын – екі – ақ әріппін.
Екінші менің бөлігім –
Бір түсті жұртқа таныттым.
Екеуін қоссаң жқнімен,
Шабасың шөпті сонымен. ( Ор – ақ)
Д) Бастапқым - тәтті шырын де,
Екіншім – қатқан суым де,
Үшіншім – белгі, таңба де,
Үшеуін қосып оқысаң,
-Осыдан тәтті бар ма ?- де. ( бал – мұз дақ)
Е) Әзіл сұрақтар:
Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды? ( бетің қисық болса)
Қорқақ неден қорқады? ( көлеңкесінен)
Тауық түс көре ме? (Тауық түсінде тары көреді)
Қарғыстың ең жаманы не? (
Тастың жеңілі бола ма? ( керек тастың ауыры жоқ)
Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек? (ішің ауырса,аузыңды,көзің ауырса,қолыңды тый)
Қандай кілт аспанда болады? (кісідегінің )
Неменеге өкпелеп жүргенде не шықты? ( мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты)
4. «Ғалым» бекеті. Тест сұрақтары.
1. Тіл туралы Заң қашан қабылданды?
А) 1987ж. 17 қараша
В) 1992ж. 15 қазан
С) 1990ж. 13 маусым
Д) 1997 ж. 11 шілде
Е) 1991ж. 17 қыркүйек
2.Тіл білімінің негізін салған кім?
А) Ш.Уәлиханов
В) М. Жұмабаев
С) А. Байтұрсынов
Д) Ы. Алтынсарин
Е) А. Құнанбаев
3.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
А) хинди
В) араб
С) португал
Д) испан
Е) түркі
4. «Ана тілің-арың бұл, ұятың боп тұр бетте» деген өлең жолдарының авторы кім?
А) Қ. Мырзалиев
В) Ә. Тәжібаев
С) С. Торайғыров
Д) М. Шаханов
Е) М. Мақатаев
5.Қайталама қос сөзді тап?
А) мәдени - ағарту
В) тату - тәтті
С) ата - баба
Д) алыс -жақын
Е) көре -көре
6. Көсемшенің жұрнағын тап?
А) –мақ,- мек
В) –ғалы, - гелі
С) -у
Д) -ыншы, -інші
Е) –ар,-ер, -р
7. « паспорт» сөзінің жаңа атауын табыңыз.
А) қағазы
В) куәлік
С) анықтама
Д) төлқұжат
Е) міндеттеме
5. «Арман» бекеті
Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш:
Қас пен көздің арасында (лезде)
Қара қылды қақ жару ( әділ)
Төбе шашы тік тұрды (шошыды)
Тайға таңба басқандай (анық)
Аузына құм құйылды (үндемеу)
Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)
Тонның ішкі бауындай (тату)
Бет моншағы үзілу (ұялу)
Жарғақ құлағы жастыққа тимей (мазасыздану)
Күн тигізбей өсірген (мәпелеу)
6. «Дарын» бекеті Шығармашылық. Өлең, әңгіме құрастыру.
«Ең қымбат қазына»
7. « Шешен» бекеті.
« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды.
Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды». С.Негимов пікірі. Сондықтан...
Жалғастыру...
Әділ қазылар алқасына сөз, топтарды мадақтау.
Қорытынды:
1-жүргізуші: Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
2-жүргізуші: Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Ә. Тәжібаев.
Екеуі бірге қосыла: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
М. Әлімбаев.

«Благодарное орта мектебі» КММ
2013 жыл

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Кітап-ғылым — тілсіз мұғалім.
Оқу алды — қызыл тіл, бірден соңғы мергеншіл.
Қылышынан қан тамған батырды, Тілінен бал тамған ақын алады.
Өнер алды – қызыл тіл.