Та?ырып «Балаларды халы? ауыз ?дебиеті ар?ылы патриотты? сезімге т?рбиелеу»


Тақырып: «Балаларды халық ауыз әдебиеті арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеу»
Мақсаты: Балдырғандарға бабалар өсиеті бағытында, халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға өсиет ретінде жалғасып келе жатқан жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтел, нақыл сөздер, санамақ, тақпақтар, ертегілер, әзілкеш сөз сөйлемдерін кеңінен оқыту.
Міндеттері:
Балаға сәби кезінен бастап бабалар өсиетін оқып, құрметтеуге тәрбиелеу бағытында ауыз әдебиетінің алатын орны,мән- маңызын, шежірелік және халықтық сипаттарын ұғындыру.
Қазақ халқының туған өлкесінің тарихы жайында, тұрмыс және мәдениеті туралы білімдерін кеңейтіп және тереңдете білім беру.
Ұлттық ойындар арқылы ойнау, ойлай білуде өнерге деген құштарлықтарын ояту, талғам- танымдарын артыру, әсемдікке сұлулыққа баулу.
Халқымыздың тұрмыс-салтындағы көне заманнан келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің алатын орнының маңызының зор екенін түсіндіру.
Өмірдегі кедергілерден әрқашан тапқырлықпен, білімділікпен, ақылдылықпен жеңе білуге, көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

«Балаларды патироттық сезімге тәрбиелеу процесінде оларды халық ауыз әдебиетімен таныстыру» тақырыбымен жұмыс істегілі балалардың білім деңгейі бұрыңғыдан да дамып, сөздік қорлары молайып келеді. Қазақ тіліне деген қызығушылықтары арта түсті.
«Бала ойын, ертегі,ойын, ән, қиял,
шығармашылық әлемінде жүрсе,
оның рухани байлығы толық
болады, онысыз ол солып қалған
гүлмен тең» деген екен ғалым, кемеңгер
Қазақ халқының бай салт- дәстүрі мен әдебиетінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі көп. Соның ішінде халық ауыз әдебиетінің маңызы ерекше. Жазу- сызу болмаған кезде халықтың ой- арманынан шыққан әңгімелер, жұмбақтап айтқан сырлары, тілдерін ұштаған жаңылтпаштар, өткір тіл, ұшқыр ойдан шыққан мақал-мәтелдер, қиял-ғажайып ертегілер, т.б баланың тілін, ой-өрісін дамытуда ерекше роль атқарады. Балалар ертегі тыңдап, бір- біріне жұмбақ жасырғанды, жаңылып жаңылтпаш айтқанды, тұрмыс-салт жырларын тыңдағанды ұнатады.
Халық ауыз әдебиетінің салалары көп, Олар: ертегілер, жырлар, мақал- мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, т.б Осы салаларды балаларың жас ерекшеліктеріне қарай және оларды жалықтырып алмайтындай етіп, сана-сезіміне әсер ету арқылы қызықтыра отырып, бойларына сіңіру, әрі олардың тілдерін дамыту үлкен жауапкершілікті талап етері хақ. Өйткені сәби жастан бастап балаларға ертегі тыңдатып, халық ауыз әдебиетімен сусындату келешек ұрпақтың ойынның ұшқырлығына, тілінің байлығына, сана-сезімінің өсіп дамуына көп әсерін тигізеді. Кіші топтағы балаларға қысқаша қызықты, өлең-жырлар, орта топтағы балаларға жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ересек топтағы балаларға ертегілер санамақтар, сұрамақтарды пайдалана отырып, тілін, ой - өрісін, дүниетанымын, қиялын дамыту маңызды. Мысалы халық ауыз әдебиетінің үлкен бір тармағы- тұрмыс-салт жырлары. Оның ішіндегі бесік, тұсау кесер жырлары т.б. баланың тіліне жеңіл, жаттауға оңай, әрі олар қызық болғандықтан сүйсіне жаттайды. Осындай өлең- жырлырды үйреткенде де балаларға ерінбей жалықпай қуыршақты алып, оны бөлеп, немесе әлдилеп отырып айтқызса бала есінде сақталуы тез болмақ. Халық ауыз әдебиетінде төрт түлік мал туралы мақал-мәтелде, жұмбақтар, өлең- жырлар ерекше орын алады. Балаларға төрт түлік мал мен оның төлдері туралы айтып үйрету маңызды. Мен өз тәжірибемде « Көңілді қошақан» арқылы балаларды қызықтыра отырып ойындар ойнату барысында төрт түлік мал туралы қанатты сөздерді оңай үйретуге болатынына көзім жетті.
Сондай-ақ , балаларға кіші жастан, тілге жеңіл, қысқаша құрылған жұмбақтарды үйрету, олардың ойларының ұшқыр, сана-сезімінің жетіле түсуіне көп әсерін тигізеді. Балалар көбнесе жануарлар туралы жұмбақтарды шешуге қызыға ат салысады. Балаларға жануарлар атрибуттарын кигізу арқылы қай жануарды жұмбақтап тұрғанын тапқызыуға болады.
Балаларды рөлге бөліп сұрмақтар айтқызу да болады, балалардың ой-өрісінің жетілуіне, сөздік қорының молайып, тілінің дамуына көп әсерін тигізеді. Сұрамақ айтқыза отырып, оның соңын санамаққа ұластырып жіберсе,әрі оны әр түрлі ойын үстінде қолданса балалардың есте сақтау қабілеттері артып, тілдерінің дамуына әсер етері сөзсіз.
Балалардың көбі санамақ айтқанды жақсы көреді. Далада да, топа да ойын ойнардың алдында санамақ арқылы бөлініп үйренсе, түрлі санамақты жатқа білетін болса, баланың сөздік қорының молайып, тіл байлығының жетіле түсетініне күмәніміз жоқ.
Халық ауыз әдебиетінде ерекше орны бар, баланың ойын ұшқыр, қиялының өткір зерек болып, тілінің бай, еркін тілді болуына ертегілердің тигізер әсері мол. Ертегілерді әңгімелеуде де бір ғана сурет қолданумен шектелмей әр түрлі көрнекі құралдар пайдаланып, дауыс ырғағын келтіре отырып әңгімелеп отырса, бала есінде тез сақталып, қайталап әңгімелеп беруге де оңай болады деген ойдамын. Өз- іс тәжірибемде, оқыту іс-әрекеті үстінде әр түрлі көрнекі құралдарды түрлендіре пайдаланғанды жөн санаймын, өйткені олар арқылы балаларды қызықтырып, өзіңе тарту да қиынға соқпайды. Ертегілерді әуелі әр түрлі суреттер арқылы түсіндіріп аламын, кейін ондағы кейіпкерлеріне мінездеме бергізем. Балалар «жақыс-жаман» деп өз ойларын айтып жатады.
Келесі ұйымдастырлған оқыту іс-әрекеттерінде ертегіні қалай түсінгенін білу және оны есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында фланеграфқа сюжетті суреттерді жапсырту арқылы ертегіні әңгімелей отырып құрастырамын. Немесе, үстел үсті ертегісін алып, әр балаға кейіпкерлерін таратып, басталған ертегіні балалардың жалғастыруы арқылы ойда бекітуді дағыландырамын. Сондай –ақ, ертегі кейіпкерін қонаққа шақыру арқылы балалардың естіген, білген ертегілерін ұмытпауға дағыландырған жөн. Сонда баланың есте сақтау қабілеті, логикалық ойлау қабілеті арта түседі.
Балалардың естіп, білген ертегісін есінде сақтап жүруі үшін, ертегіні қайта-қайта әңгімелей беру оларды жалықтырады, сондықтан балалардың естіген ертегісін қуыршақ театрын қолдану арқылы естерінде сақтау да жақсы әдіс-тәсілдің бірі. Ал осы қуыршақ театры арқылы ертегі кейіпкерлерін балалардың өзіне сомдату, рольге бөліп ойнату, балалардың ертегіні қызыға тыңдап, қызықтыра әңгімелеуіне әсерін тигізеді.
Балаларға өзіміздің әсем де, әдемі көз тртарлық ұлттық киімімізді білуіне, әр оны сүйсіне кие білуге баулу да маңызды. Заман ағымына сай ұмытып қалып бара жатқан қазақтың әдемі ұлттық киімінің атауларын үйретіп, оны мақтана, қуана киюіне әсер ете білгеніміз жөн деп санаймын. Сондықтан әр түрлі қуыршақтарды алып, оларға ұлттық киімдерін атын атай отырып, киіндіріп үйрету де балалрдың сөздік қорын молайтады.Ұлттық киімді киіп, қазақтың киіз үйінің ішінде балалардың өздері үйреніп білген мақал-мәтелдерін, жұмбақ жаңылтпаш, санамақ, сұрамақ, өлең-жырларын айтқызып, ұлттық ойындар ойнатып,өздері білетін ертегілерін сахыналап, мерекелік ертеңгіліктерде қазақтың салт- дәстүрін көрсетіп, ата-аналардың көмегімен мерекелік думанға айналдырса, балалардың халық ауыз әдебиетіне қызығушылықтары одан әрі арта түсетіні сөзсіз. Өйткені қазақтың халық ауыз әдебиетімен сусындаған балаларымыздың тілі ұшқыр, ойы зерек, тәрбие өнегесі көргенді болмақ. «Балаға білім беру үшін ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеп соғады» деген данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл Фараби айтқандай, тәрбиелік мәні зор ойындар ойната отырып,ендеше, ұмытып бара жатқан салт- дәстүрімізді қайта жандандыруға, қазағымыздың иманды да инабатты, сыпайы, алғыр, батыл, зерек ұлы мен қызын тәрбиелеуге өз үлесімізді қосайық.