?аза? тілі п?нінен саба? жоспары Т?л с?зді? тыныс белгілері


Сынып: 8 «Д»
Пән аты: қазақ тілі
Тықырыбы: «Төл сөздің тыныс белгілері».
Мақсаты: Төл сөздің өзіндік ерекшелігін, жасалу жолын білу. Өзіне тән қойылатын тыныс белгілерінен түсінік алу. Төл сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қойып, сызбасын көрсете алу. Өткен грамматикалық тақырыптармен байланыстыра жұмыс жүргізе білу, алған білімдерін жетілдіре алу, төл сөздің сөйлем ішінде орналасу тәртібін жете түсінуі, білімін тәжірибеде пайдалана білуі.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру;
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, топтастыру, сұрақ- жауап, деңгейлеп- саралап оқыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар, тірек - сызбалар;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу;
Түгендеу;
Сабаққа даярлау;
Үй жұмысын тексеру: көркем шығармадан 5 төл сөзі бар сөйлемді тауып, оны төлеу сөзге айналдыру керек.
Балалар, келесі тақырыбымызға көшпес бұрын алдымен өткен тақырыптан алған білімдерімізді көрсетейік, еске түсірейік.
Төл сөзі бар сөйлемдерді қайда кездестіреміз?
Оның қызметі қандай?
Сөйлеушінің тікелей айтылған ойы екенін бізге қайдан білуімізге болады?
Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзін не дейміз?
Ал ендеше төлеу сөздің өзіндік ерекшелігін түсіндіріп кетіңдер.
Жақсы, ендігі кезең жаңа сабақ.
Жаңа сабақ: сабақтың мақсатын айтып кету;
тақырыпты ашып түсінідіру;
25082501219200 Біреудің айтқан сөзі
169749999336Төл сөз болатын
сөздер
0Төл сөз болатын
сөздер

33020841112931335261111293Іштей айтылған ой Мақал-мәтелдер

1179986135039Қанатты сөздер Даналық сөздер
35174818674
169757172522
2793125144504 Шығармадан алынған үзінділер
Диалогты сөзден басқа төл сөз тырнақшамен жазылады.
Төл сөздің орын тәртібі және тыныс белгілері
27928024548100
5943600111760003886200111760002286000111760003429001117600034290011176000
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді. Төл сөз автор сөзінен кейін келеді. Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді. Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.
«Төл сөз», - автор сөзі Автор сөзі: «Төл сөз». Автор сөзі: «Төл сөз», - автор сөзі. «Төл сөз, - автор сөзі, төл сөз».
«Балалармен ақылдасып көрейік», - -деді Ақылбай. Балтабай былай деді: «Балалармен ақылдасып көрейік» Балтабай: «Балалармен ақылдасып көрейік», - деді. «Балалармен, - деді балтабай, - ақылдасып көрейік».
- Төл сөз, - автор сөзі Автор сөзі: - Төл сөз Автор Сөзі: Төл сөз, - автор сөзі. - Төл сөз, - автор сөзі, - төл сөз.
- Ол сенің інің бе? – деп сұрады Сағи. Сағи былай деп сұрады:
- Ол сенің інің бе? Сағи:
- Ол сенің інің бе? – деп сұрады. - Ол, - деді Сағи, - сенің інің бе?
Төл сөз - автор сөзі түрінде орналасудың тыныс белгілерін сызбамен былай көрсетуге болады:
46305521101190«Сонан қалмақ Сарыарқаға басқан жоқ», - дейді жыр. «_______», __
– Көктемде неге желікті? – деп сұрадым мен. _ _____? __ .
Аздан соң тағы да өзі сөйлейді:
392318685245Менің ағаруымша, сіз тарихқа ат салыспаған сияқтысыз. :

__ _________ .
54500612717434043956280188Ұйықтап жатыр едік: «Сұратай, оян!» - деген дауыс құлағыма сап ете түскенде басымды көтере түрегелсем, жер қозғалғандай үйім дірілдеп барады. : «_____ !»_ .
5337870768355.–Таза болса, тәуір болса болады, - деді ол баласына,- кие бер, күнішегім! _ _____, _ , _!
Сабақты бекіту: Үлестірмелі парақшалармен жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
деңгей
1. Берілген төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жазыңдар.
- Білмеске сөзің қор боп кетер, -деген М. Дулатұлы.
Айжан: «Менің үйім алыс еді, ертерек қайтайын», - деді.
2. Төлеу сөзге айналдырған сөйлемдеріңді сөйлем мүшесіне қарай талдап, сипаттама беріңдер.
2- деңгей
Берілген сөйлемдегі төл сөзді сөйлемнің ортасына және соңына қойып құрастырып жазыңдар. Сызбасын көрсетіңдер.
–Серкенің желін шығарып әкелсін, - деді күйеуі қоқиланып.
Берілген сөйлемге сипаттама беріп, сөздердің байланысу түрін жазыңдар. Төлеу сөзді төл сөзге айналдырып жазыңдар.
Марат ертең өзінің қалаға баратынын айтты.
3 - деңгей
1.Төл сөзді бір бағанға, төлеу сөзді екінші бағанға тізіп жазыңдар.
Ол менен қайда баратынымды сұрады.Інім бинокльды бір рет қарап көршіге беруімді өтінді. Келді де: «Абай шырағым,сені әкең шақырады»-деді. «Шырағым», - деді кемпір, -«Сен далаға шығып келші». «Бұл не деген жұмбақ?»,- деді екеуі. Оспан деген әдепті бала. «Енді не істемекшісің?», - деді ана . -Ол ештеңе дей алмады. Ол менен: «Сен қайда барасың?»- деп сұрады.
2. Берілген төл сөздердің сызбасын жазыңдар.
Қорытынды: тест тапсырмаларын орындау.
1.Төл сөзге байланысты тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді аңықтаңыз. A) «Сен радио тыңдайсың ба?- деп сұрады досым. B) «Сен радио тыңдайсың ба?»- деп сұрады досым. C) Сен радио тыңдайсың ба, деп сұрады досым. D) «Сен радио тыңдайсың ба, деп сұрады досым.». E) «Сен радио тыңдайсың ба»- деп сұрады досым.
2. Төл сөздің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз. A) Біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз беру. B) Автордың өзінің айтқан сөзі. C) Біреудің айтқан сөзінің өзгерген нұсқасы. D) Бағыштап айтылған сөз. E) Өсиет сөз.
3.Төл сөзге байланысты тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді аңықтаңыз. A) Мұғалім: Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар,-деді. B) Мұғалім: «Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар», -деді. C) Мұғалім «Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар», -деді. D) Мұғалім - «Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар», -деді. E) Мұғалім - Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар, -деді.
4.Төлеу сөз бар сөйлемді аңықтаңыз. A) «Мен шетелге оқуға барамын»,- деді досым. B) Досым шетелге оқуға баратыны туралы айтты. C) Досым шетелге оқуға барады. D) Досым шетелге оқуға барады екен. E) Досым: «Мен шетелге оқуға барамын»,- деді.
5.Біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз беретін сөзді анықтаңыз. A) Төлеу сөз. B) Қыстырма сөз. C) Қаратпа сөз. D) Одағай сөз. E) Төл сөз.
6.Сөйлеуші басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана беретін сөзді анықтаңыз. A) Төлеу сөз. B) Қаратпа сөз. C) Төл сөз. D) Одағай сөз. E) Қыстырма сөз.
7.Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз. A) «Мүмкін кездесерміз» деді жас жігіт. B) «Мүмкін кездесерміз», – деді жас жігіт. C) «Мүмкін кездесерміз деді», – жас жігіт. D) «Мүмкін кездесерміз» – деді жас жігіт. E) «Мүмкін,» – кездесерміз деді жас жігіт. 8.Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз. A) Анам маңдайымнан сипап: «Ұлым, арыңды жасыңнан сақта», – деді. B) «Анам маңдайымнан сипап Ұлым арыңды жасыңнан сақта», – деді. C) Анам маңдайымнан сипап: «Ұлым, арыңды жасыңнан сақта деді.» D) Анам маңдайымнан сипап, Ұлым, арыңды жасыңнан сақта деді. E) «Анам маңдайымнан сипап, Ұлым, арыңды жасыңнан сақта», – деді.
9.Төлеу сөзді анықтаңыз. A) «Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындаңдар», – деді мұғалім. B) Мұғалім: «Балалар бақылау жұмысын жақсы орындаңдар», – деді. C) Мұғалім балалар бақылау жұмысын жақсы орындағандары туралы айтты. D) Мұғалім айтты «Балалар бақылау жұмысын жақсы орындаңдар». E) «Балалар, – деді мұғалім бақылау жұмысынды жақсы орындандар.
10. Төл сөз автор сөзінің екі жағында орналасқандағы тыныс белгісінің дұрыс қойылуын белгілеңіз.Білімділік, парасаттылық, еңбекқорлық деді атасы қай сәтте де өміріңнің бұзылмас заңы болсын.
A) Төл сөз,- автор сөзі,- төл сөз B) Төл сөз: автор сөзі, төл сөз C) Төл сөз, автор сөзі, төл сөз D) «Төл сөз» автор сөзі «төл сөз» E) «Төл сөз,- автор сөзі,- төл сөз»
Бағалау.
Үйге тапсырма:
1. 159 – жаттығу. Төменде берілген мәтіндердің төл сөзге қатысты тыныс белгілері қойылмаған. Төл сөз бен автор сөзін ажыратып, төл сөзге қатысты тыныс белгілерін қойыңдар.
2.Ережені меңгеріп келу.