??рмалас с?йлемні? тыныс белгілері 8-сынып


САБАҚ ЖОСПАРЫ
Күні:
Пәні: Қазақ тілі                          
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы:      Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері                     
Сабақтың мақсаты:     
Білімділік:  құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері  туралы түсінік беру,жасалу жолдарын ұғындыру,сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;  
Дамытушылық:   сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату; 
Тәрбиелік: оқушыларды патриоттыққа, жігерлікке, жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі:                     аралас  сабақ
Сабақтың әдісі:                     сұрақ-жауап,   іздендіру
Сабақтың көрнекілігі:        деңгейлік тапсырма, қосымша материалдар, карта
Сабақтың барысы:
                                               І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ: 
           Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                               ІІ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ:
            Үйге берілген тапсырманы сұрау. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою.
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ САТЫСЫ
Тыныс белгілеріне байланысты жұмбақтар жасыру.1. Ойдың аяқталуын күтпейді, Оны қойсаң, сөйлем бітпейді. (Үтір)2. Сырғалы құлақ бір, Үн - түнсіз сұрап тұр. (Сұрақ белгісі)3. Қадалды бір ине Нүктедей түймеге. (Леп белгісі)
Нәтижесінде тақырып белгілі болады: Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері.      
 ЖАҢА САБАҚТЫ ТҮСІНДІРУ:
І. Салалас құрмаластардың тыныс белгілері
   Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына ретіне қарай үтір,қос нүкте,сызықша және үтір менсызықша қойылады.Бұл сияқты әр түрлі тыныс белгілерінің қойылуы,біріншіден,салаластың жалғаулық шылау арқылы немесе жалғаулықсыз құрмаласқан салаластың,әр түрлі мағыналық қатынасты білдіруіне байланысты.
1.Жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласқан салаластың барлық түріне,мағыналарының әр түрлі болғанына қарамасытан үтір қойылады.Ешбір өзгеріссіз су да ақырын тербеледі,қалтқы да жыбыр-жыбыр қозғалады.
  Егер салаластағы жай сөйлемдер және шылауымен байланысса,олардың арасына ешбір тыныс белгісі қойылмайды Күріш жапырағының өзегі оның өз түсіндей болады және сол өзекшеден бірнеше талшықтар тарап жатады.
2. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас үтірмен бөлінеді.Олжабек бұл жолы бөгелген жоқ,жауапты қолма-қол қайырды.Ай таяқ бойы көтеріліпті,маңдай алда дөп-дөңгелек болып толықсып тұр.
3.Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасса,соңынан үтір қойылады.
Бимендінің әкесінің аты – Сыздық еді,ауылды Сыздық ауылы дейтін.
4.Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың арасына үтір мен сызқша қойылады.Сен дайын ереже ұсынасың, - менің оған көнгім келмейді.
5. Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы сонша, соншалық, сондай деген сөздерден болса,олардан кейін сызықша қойылады.райханның зәресі ұшқаны сондай – үні шықпай қалды.
6. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас істің,оқиғаның мезгіл жағынан өте тез,қас қаққандай уақыт ішінде болғандығын білдірсе не ол іс-оқиғаның өзара шарттас мәнде айтылғанын көрсетсе,құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына сызықша қойылады.Шатырлап тұрған қурай лап етті – қара түтін бұрқ етті.
7. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдерінің арасына қос нүкте не сызқша қойылады.
Екеуі де жастықты жаңа заманнан бастаған: дала жаңаша гүлдейді,далаадамы жаңаша өмір сүреді.
8. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың салдар мәнді жай сөйлемі себеп мәндісінен бұрын тұрса,араларына қос нүкте қойылады.Малшы сырын білем мен: қолында өскем жасымнан.
ІІ.Сабақтас құрмаластардың тыныс белгілері.
Сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына,негізінде,үтір қойылады: Ол отқа жақындап келгенде,қараңғыда кісінеген жылқының дауысы естілді.
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында айтылса,оның екі жағынан үтір қойылады. жанпейіс үйге кіріп кеткенде,Асқар мен Ержан тыста қалды, - Асқар мен Ержан,Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, тыста қалды.
ІІІ.Аралас құрмаластың тыныс белгілері.
  Аралас құрмаластағы жай сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгі,негізінен,салаласа және сабақтаса құрмаласқан сөйлемдерге қойылатын тыныс белгілерден құралады.
1.Егер араластың құрамында қарсылық мәнді жай сөйлемдер болса,ол басқаларынан үтір мен сызықша арқылы ажыратылады.
2.Араластың құрамында түсіндірмелі мәнді не себеп мәнді сөйлемдер болса,олар басқаларынан не қос нүкте,не сызықша арқылы ажыратылады.
3.Қалған жағдайлардың бәрінде араларына үтір қойылады.
IV. Көп бағыныңқылы құрмаластың тыныс белгісі.
   Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында айтылса,бағыныңқы сөйлемнің екі жағынан үтір қойылады.
Диалогтік қарым –қатынас жүргізу.
Оқушылардың тыныс белгілердің маңыздылығын, бағасын сұраймын.
Оқушылар тыныс белгілердің не үшін өмірде қажеттілігін, маңыздылығын бағалайды, сұрыптайды.
Жаттығумен жұмыс:  225-жаттығу.     Оқып шығып, тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндіріңдер.  
Қолдану
«Үздік мақала байқауы» әдісі
Мұғалім талантты және дарынды оқушылардың санын арттыру мақсатында барлық қатарға мақала жазуды тапсырады. Әр қатардан бірінші болған үш оқушының жұмыстарын оқыту арқылы үздік мақаланы анықтайды.
Оқушылар қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге байланысты мақала жазады. Құрмалас сөйлемге қатысты тыныс белгілерін қояды.
Жинақтау 
«Алып шығу тәжірибесі» әдісі
Өтілген тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар дайындауын ұсынамын.
Әр қатар сұрақ дайындап, келесі қатарларға ұсынады.
Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Тапсырмалар орындалып болғаннан кейін мұғалім оқушыларға стикерлерді үлестіреді және сол қағаздарға оқушылардың бүгінгі сабақтан әсерлерін және келесі сабаққа ұсыныстарын жазуды тапсырады.
Бағалау:
«БАСБАРМАҚ» ӘДІСІ
Формативті бағалау арқылы жиынтық бағасын қояды.
Оқушылар өзін –өзі бағалайды.
Үйге тапсырма:   Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.  229-жаттығу.