?ыс?а мерзімді саба? жоспары ??рмалас с?йлемні? тыныс белгілері 8-сынып


Сабақ: қазақ тілі Мектеп:С. Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі
Күні: 14 .03.2017ж. Мұғалімнің есімі: Шалғынбаева Бибігүл
Сынып: 8"Д" Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері туралы түсінік қалыптасады, білімдерін, ойын, сөздік қорын дамытады.
Бағалау Барлық оқушылар: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері туралы оқып, мағынасын түсіне біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Құрмалас сөйлемнің ерекшелігін ажырата алады.
Кейбір оқушылар: Сөйлемдерді талдай алады және қолдана алады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Көпшілігі өмірмен байланыстыра алады
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Эссе жазуға дағдыланады.
Қазақ тілінің бай, оралымды тіл екенін дәлелдейтін тіл туралыжазған ұлы ойшылдардыың, ғұламалардың пікірлерін айтыңдар.
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Алдыңғы оқу Аралас құрмалас сөйлем
Жоспар Қысқа мерзімді сабақ жоспары, қазақ тілі
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы Сәлемдесу. "Екі ақиқат, бір шындық" әдісі бойынша ынтымақтастық атмосферасын құрады.
Топқа бөлінеді. Ортасы "Өкіл" әдісі бойынша үш топқа үш түрлі тапсырма беремін.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы оқып, оқып болғаннан кейін топ ішінде талқылап, 1,2,3 деп санап, топты қайта жаңартады. Әр топта бір-бір оқушы қалып, өз топтарына берілген тапсырманы түсіндіріп береді.
"Ашық микрофон" ойыны ойналады.
Жаттығумен жұмыс жасалады.
Білу. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін біледі.
Түсіну. Қарсылықты, себеп-салдар, түсіндірмелі салаластарға қойылатын тыныс белгілердің ерекшелігін біледі.
Қолдану. Өз сөздерінде құрмалас сөйлемнің түрлерін қолдана алады.
Талдау. Сөйлем мүшесіне талдай алады.
Жинақтау. Жалғаулықты және жалғаулықсыз салаласты, сабақтас құрмалас пен аралас құрмаластарды ажыратып, тыныс белгілерін айтады.
Бағалау. Әңгіме немесе эссе жазады. Түрлі түсті қағаздар
Аяқталуы
"Бес белгі, бір ой" стратегиясы арқылы жаңа сабақ пысықталады. Бес белгі бойынша бес сөйлем жазады. Сол бес сөйлем бір ойды білдіруі қажет.
Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері бойынша сұрақтар қойылады.
Кері байланыс жаздырылады.
Үй тапсырмасы: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін оқу.
Мәтін жазу
Плакат, смайлик
Қосымша ақпарат Өмірмен байланыстыру. АКТ-ны пайдалану