Т?рлаулы м?шелер (8 сынып ?аза? тілі)


Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы
«№7 жалпы білім беру орта мектебі»КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абдирахметова Гүлзада Орынбаевна
2-апта 1-күн 1-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар,орта мерзімді жоспар
Мақсаты: Бастауыштың сөйлемдегі қызметін түсіну, құрылысына қарай дара, күрделі, үйірлі болып бөлінетінін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: - Тұрлаулы мүшелер жайлы және оның ерекшелігін ұғынады;
-Танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады;
-Мәртебесі төмен, жоғары сұрақтарды қойып үйренеді;
-Ойын нақты жеткізе алады;
-Өзін-өзі реттейді;
-Көшбасшы бола алады;
-Өзін-өзі бағалайды;
Түйінді идеялар Формативті бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Дерек көздері: «Қазақ тілі грамматикасы» кітабы, «Қазақ тілі» 8-сынып оқулығы, слайд тапсырмалар, интернет, кестелер, сызбалар, флипчарттар, маркерлер, стикерлер
Оқытудың әдіс-тәсілдері: Оқытудағы жаңа тәсілдер; АКТ диалог, жеке жұмыс, топпен жұмыс; ОҮБ, ОБ
Уақыт Стратегия Ресурс Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеттері
5 мин
Power Point бағдарламасы Қолдан жасалған көрнекіліктер 1.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу.
Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш» Ұлы тау
Оқушыларға төрт жалғау жазылған кесінділер таратылып, сол арқылы топқа бөлінеді.
1.Септік жалғау
2.Жіктік жалғау
3.Тәуелдік жалғау
4.Көптік жалғау Оқушылар бой сергітеді
Суретті құрау арқылы топқа бөлінеді.
Оқушылар тапсырманы түсініп, тыңдайды.
5 мин
Миға шабуыл 2. Үй тапсырмасын тексеру: Семантикалық кесте толтыру тапсырылады. Дұрыс толтырған оқушыға смайлик беріледі.
Бағалау парақшалары таратылады. Оқушылар кесте толырады, бір-бірінің толтырған кестесін тексеріп шығады.
.
15 мин Қарлы кесек 3. Негізгі бөлім:
1-тапсырма ДЖИГСО әдісі
Әр топқа жеке-жеке мәтін таратылады. Мәтінді оқып, түсіну ұсынылады. I топ. Сөйлем мүшелері дегеніміз не, оның негізгі белгілері қандай?
ІI топ. Сөйлем мүшелері құрамына қарай қалай бөлінеді?
III топ сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер жайлы түсіндір.
ІҮ топ Тұрлаулы мүшелердің ержесін, тұрлаулы мүшелердің негізгі ерекшелігін түсіндір.
Мұғалім оқушылардың қолындағы жазылған бағалау парақшаларын жинап алып, әр оқушының алған балын шығарып, үздік топты, үздік төрт оқушыны атап, мадақтайды.
2-тапсырма
Олай болса, бәріміз тақтаға қараймыз. Мына сөйлемнен тұрлаулы мүшені тауып көрейік:
- Шығысқа қарай беттеген үлкен кеме теңізді тіліп келеді.Мұндағы, бастауыш – кеме, баяндауыш – тіліп келеді.Ал, енді сол тұрлаулы мүшелерді алып тастап оқып қарайық. Нені байқадық? – Айтатын ой аяқталды ма?- Яғни, бұдан біз нені аңғардық? Бүгінгі тұрлаулы мүшелер сөйлем құрауға негіз болады екен. Бұл тұрлаулы мүшелердің басты ерекшелігі. Әр топ мәтінді оқып, рет номері бойынша әр топқа ауыса отырып бір-біріне өз материалын түсіндіреді (мәтінді оқуға 3 минут, түсіндіруге 4 минут). Оқушылар АВС карточкаға дұрыс түсіндірген оқушының рет номерін жазады.
Оқушылардың болжалды жауаптары. Тұрлаулы мүшелер жайлы біліміне сүйене отырып, сұрақтар қою арқылы тұрлаусыз мүшелерсіз сөйлем болмайтынын ой аяқталмайтынын дәлелдейді.
5мин 22-жаттығу.(Оқулықпен жұмыс)
34-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Әр сөзді сөйлем мүшесінің белгілері тұрғысынан қарап, сөйлем мүшесі болып тұрғанын немесе сөйлем мүшесі болмай тұрғанын анықтаңдар. Оқушылар жаттығу жұмыстарын орындап, жауап береді: бұл сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды себебі қыстырма, қаратпа сөздер олар сөйлемде сұраққа жауап беріп тұрған жоқ. Берілген сөздерге синтаксистік талдау жасайды.
10 мин Ой толғаныс Қорытындылау бөлімі:
«Адасқан сұрақтар» әдісі бойынша сабақты қорытындылау. Бүгінгі тақырып бойынша әр топ 2 сұрақтан дайындап келесі топқа береді, келесі топ жауабын жауабын басқа қағазға жазып жазып келесі бір топқа береді. Сұрақты оқыған соң сәйкес жауабы қай топтағы қағазда сәйкес келсе сол топ оқиды.
5мин 5.Үйге тапсырма:
6.Бағалау
Бағалау парақшасы арқылы бағаланады. Мұғалімнің жиынтық бағасы.
Рефлексия: «Білім ағашына» бүгінгі сабақтан алған әсері жайлы кері байланыс жасау. Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін кері байланыс арқылы стикерлермен білдіреді.