«Т?рлаулы м?шелер» ?аза? тілі 3-сынып


Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.
Мақсаты: Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштан жасалған тұрлаулы
мүшелер туралы топтастырылған ұғымды қалыптастыра таныту.
Міндеті: 1. Оқушылардың білім дағдыларын арттыра ауызша және жазбаша
тіл байлығын дамыту. Байланыстырып сөйлеуін жетілдіру.
2. Ой – өрісін дамыту арқылы өз бетімен және шығармашылық
жұмыс жасауға бейімдеу.
3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке,
үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: сұрақ – жауап, талдау – жинақтау, өзіндік, шығармашылық.
Көрнекіліктері: сызба, топтамалар, суреттер.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
Сабаққа әзірлік.
Психологиялық сәт: «Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.»
ІІ. Мотивациялық қозғалыс. (Үй тапсырмасын тексеру)
(балалардың жазған жұмыстарын тексеріп шығу, 2 – 3 балаға оқыту)
ІІІ. Өткенді пысықтау. (Білімдерін тексеру. Тест жұмысы)
1 Сөйлем нені білдіреді?
а) аяқталған ойды білдіреді.
ә) бірінші сөз бас әріптен басталады
б) соңына . не ?, не ! қойылады.
2 Мәтін неше түрге бөлінеді?
а) 3
ә) 4
б) 5
3 Сөйлем мүшелері нені білдіреді?
а) түбір сөздер
ә) толық мағыналы сөздер
б) мәндес сөздер
4 Қимыл іс – әрекет иесін білдіретін сөз не ?
а) зат есім
ә) етістік
б) бастауыш
5 Баяндауыш қай сұраққа жауап береді?
а) кім? не?
ә) не істеді? не қылды? қайтті?
б) қанша? неше?
- Тест жұмысын болған болсақ, дәптер жинағандай алдыға қарай әрқайсысың өз қатарың бойынша жіберіңдер.
ІV. Мақсат қою кезеңі. (сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау)
Балалар, бүгінгі сабағымыз әдеттегіден сәл өзгеше. Барлығымыз жақсы көңіл – күймен сабаққа қатысып, өздеріңнің білімдерің мен тәртіптеріңді көрсете жетістікке жетіңдер. Сабақ соңында кім сабақта белсенді және білімді болған балаға зерек, білімді, талапты, алғыр атағы беріледі. Олай болса барлығымыз білімімізді шыңдап көпке үлгі болуға тырысайық.
V. Ұйымдастырылған ізденушілік. (жаңа сабақ)
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Қазір күз мезгілі)
- Күзден кейін қай жыл мезгілі келеді? (Күзден кейін қыс мезгілі келеді)
- Қыс айы қай айдан басталады? (Қыс желтоқсан айынан басталады.)
- Желтоқсан айының алғашқы бірі күні қандай атаулы күн? (ҚР Бірінші Президенті күні) – өте дұрыс айтасыңдар.
- Қыстың болғанын неден білеміз? (Қардың жауғанынан.)
Дәптерлерді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық – деп дәптердің бір жолына қыс сөзін көркем жазайық.
А) Оқулықпен жұмыс: 60 – жаттығудағы суретке зер салайық. (тапсырманы оқыту, талдау)
Қар жауды. Бүгін жапалақтап қар жауды.
Сөйлемде не туралы айтылған? (екі сөйлемде де қар жауғанын хабарлап тұр.)
Қар жауды. – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Ол бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.
1269365160020Тұрлаулы мүшелер
00Тұрлаулы мүшелер

272986519685000
135826557150
329565144145Бастауыш
Қар
00Бастауыш
Қар
2831465144145Баяндауыш
жауды
00Баяндауыш
жауды

VІ. Жаңа білімді меңгеру.
А) Ауызша жұмыс: 61 – жаттығу (Сөйлемдерді оқып тұрлаулы мүшелерді тап. Неліктен тұрлаулы мүше екуенін түсіндір.)
Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді. (Т.М. баст. пен баян. тұрады. Сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.)
Ә) Тақтамен, дәптермен жұмыс: 62 – жаттығу. Мәтіндегі тиісті тыныс белгісін қойып азу.
Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.
- Осы мәтінге ат қояйық?Не деп қоюға болады? («Көмекшілер, Қамқорлық»)
- Өте жақсы, жарайсыңдар! Үлкендерді сыйлап, құрметтеп жүру ол біздің міндетіміз.
VІІ. А) Сергіту жаттығуы.
Таң атты, Жаңбыр жауды,
Күн шықты. Жаңбыр қатты жауды.
Жел соқты, Жаңбыр басылды,
Жел қатты соқты. Күн шайдай ашылды.
Көрдіңдер ме балалар, сергіту өлеңімізде тек тұрлаулы мүшелерден жасалған.
Ә) Өздік жұмыс: 63 – жаттығу. Мақалды оқып оны талдау, мағынасын ашу. Түсініктемелер айту. Жатқа жазу. (хормен оқу, іштей оқып, 2 – 3 баладан сұрау)
1. Әкеге қарап ұл өседі.
Шешеге қарап қыз өседі.
2. Жаман жолдас жолда қалдырады.
- (ұлда, қызда әкесімен анасынан үлгі өнеге алып өседі, тәрбиеленеді; жаман жолдас қиыншылықта қайырылмайды, көмектеспейді)
Б) Шығармашылық жұмыс:
1. 3 қатарға тапсырма сурет бойынша тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем құрастырып жаз. (оқы, талда)
2. Шығармашылық диктант: Көп нүктенің орнына тиісті тұрлаулы мүшені қою арқылы сөйлемді көшіріп жазу.
1 Оқушылар .... . 2 ...... жазылды. 3 Қыс .... . 4 Есеп ...... .
Керекті сөздер: келді, хат, түсті, орындалды.
(балалардың жазғандарын оқытып жіберу)
VІІІ. Рефлексия: дид – қ ойын «Кім тапқыр?» 64 – жаттығу ауызша жұмыс.
Тапсырманы оқытып мағынасына қарай сөйлемдерді ретімен айту. Тұрлаулы мүшелерді тап.
Тырна түлкіге тамақ беріпті.
Құмыра түлкінің басына симапты.
Тырна түлкіні қонаққа шақырыпты.
Бұл қай ертегіден алынған үзінді? («Тырна мен түлкі»)
Ақыры не болды? (балалардың жауабын тыңдау, суретін көрсету)
ІХ. Қорытындылау: - Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлемнің қандай
мүшесімен таныстық? Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп
айтамыз?
Х. Үйге тапсырма: 65 – жаттығу. 91 бет.
Балаларды мақтап зерек, білімді, алғыр, талапты болған балаларды атап айту. Бағалау.