С?йлемні? біры??ай м?шелері ашы? саба?


Қазақ тілі
Тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Мақсаты: 1. Оқушыларға бірыңғай мүшелер туралы түсінік беру, сөйлем
сөйлем сөйлем ішінен бірыңғай мүшелерді таба білуге үйрету.
2. Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын, танымдық қабілеттерін
дамыту.
3. Ұжымдылыққа, табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу
Түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы
Әдісі: сөздік әдіс, практикалық әдіс
Көрнекілігі: бейнелік, символдық және графикалық көрнекілік, табиғи
көрнекілік
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, ана тілі.
Пайдаланған педтехнология: ұжымждық оқыту технологиясы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлеу.
Мақсатын қою кезеңі.
- балалар қазір күз мезгілі. Бұмезгілде біздің қаламызда тазалық айығы жүреді. Тазалық айлығына қаламыздың барлық тұрғындары қатысады. Біз де бұл шарадан тыс қалмауымыз керек. Ауламызда жатқан жапырақтардыжинап өз үлесімізді қосайық. Қазір біз үш топқа бөлінейік, қай топ тапсырманы дұрыс орындайды сол топ жапырақты көп жинаған боп есептеледі.
1 – топ «Оқжетпес»
2 – топ «Атамекен»
3 – топ «Бірлік»
- ал енді балалар, біз бүгін сендермен сөйлемнің бірыңғай мүшелерімен танысамыз. Сендер бүгінгі сабақта чөйлемнің бірыңғай мүшелерін таба білуге үйренесіңдер.
2. Жаңа білімді меңгеру кезеңі.
1. Кестемен жұмыс.
Абай араб, парсы, түрік тілдеріндегі кітаптарды көп оқыған.
Сөйлемдерді оқушыларға талдата отырып, ережені шығарып алу.
Ережемен жұмыс.
Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан да көп мүшелерді бірыңғай мүшелер дейді.
Оқулықпен жұмыс.
47 - жаттығу. Сөйлемдерді оқу, қарамен жазылған сөздерге назар аудару, сұрақтарды қою.
Дәптермен жұмыс.
Күн ретін жазу. Көркем жазу.
48 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.
Орманда қайың, тал, терек өседі.
Ол сенен оқысын, үйренсін.
Біз табиғатты, ауаны, қоршаған ортаны қорғаймыз.
49 – жаттығу. Өзіндік жұмыс. Мәтіннен тек қана бірыңғай мүшелер і бар сөйлемдерді көшіріп жазу.
51 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, жазу, бірыңғай мүшелерді тауып, олардың бірыңғай мүшелер екенін дәлелдеу.
118491010350500Бұл бірыңғай олардың бәрі бір ғана сұраққа жауап береді
125349013398500118491014478000мүше өйткені сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқарады
бәрі бір сөз табынан болады
Түсініктерін тексеру кезеңі.
1 – топ. Зат есімнен болған бірыңғай мүшелерге мысал келтіру
2 – топ. Сын есімнен болған бірыңғай мүшелерге мысал келтіру.
3 – топ. Етістіктен болған бірыңғай бірыңғай мүшелерге мысал келтіру.
Бекіту кезеңі.
№1. Сөйлемдерден бірыңғай мүшелі бір ғана сөйлем құрап жазу.
Бақта шие өсіп тұр. Бақта алма өсіп тұр.
№2. Сүттен құрт жасалады. Сүттен ірімшік жасалады. Сүттен май жасалады.
№3. Айгүл-ақылды қыз. Айгүл-білімді қыз. Айгүл-тәрбиелі қыз.
Ал енді әр топтың себетіндегі жинаған жапырақтар санын есептеп көрейік. Жеңіске жеткен топ мүшелеріне сыйлықтар таратылады.
6.Үйге тапсырма беру кезеңі. 52-жаттығу, ережені жаттау.