?аза? тілі п?нінен саба? жоспары Пысы?тауыштан ?ткенді ?айталау


Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Пысықтауыш тақырыбы бойынша өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты: а\ білімдік — пысықтауыш туралы алған білім
деңгейін көтеру, тереңдету;
ә) дамытушылық — түрлі әдістермен оқушылардың
ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа
баулу;
б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабақ .
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, перфокарталар қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
1. «Шаттық шеңбері» \бір-бірімізге ізгі тілегімізді арнаймыз\
2. Сапқа тұрып,1-2 деп санаймыз . І топ «Білгірлер», 2 топ «Алғырлар»
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
Сөйлем мүшелері дегенімізне? \сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер\
Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді? \дара,күрделі,үйірлі\
Сөйлем мүшелерінің белгілерін ата \толық мағыналы сөз болуы керек,сөйлемдегі басқа сөзбен байланысу керек,сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беру керек\
Олар атқаратын қызметі жағынан нешеге бөлінеді? \2. Тұрлаулы,тұрлаусыз\
Біз осыған дейін бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштарды , олардың құрамына , мағынасына қарай түрлерін, жаслу жолдарын өттік.
Енді қазір түрлі тапсырмалар орындаймыз:
І тапсырма «Кім тапқыр»
2 топқа тапсырма беріледі. Сөздерді пысықтауыш етіп, сөйлем құраңдар. П ысықтауыштың қай түрін жасағандарыңды ұғындырыңдар.
\Арнайы, 1 желтоқсанда, шапшаң\
ІІ тапсырма «Талдау-табыс кілті»
4.Перфокартамен жұмыс
Мысалдар Мезгіл Мекен Мөлшер Сын-қимыл Күшейткіш Мақсат Себеп-салдар
Ала жаздай + өңкей аса + ақырын + +
мұншама + қасақана + тысқары +
5 тапсырма.
«Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол іздегі салқынның,
Айналайын,жас қайратым,жас өркені халқымның»
Мұхтар Шаханов
Тапсырма:
Рефлексия.Бүгінгі сабақта кімге не ұнады?(Оқушылардың жауабынан үлгі)
Маған бүгінгі сбақта төрт бағытпен оқығанымыз ұнады.
Интерактивті тақтадағы тапсырмаларды орынедаған.
Мен өзімнің іздену бағытынан орташа екенімді білдім,содан жоғары ұпай алу үшін көп оқу керетігін ұғындым.
Теория бағыты ұнады,өйткені қазақ тілі сабағында бір ережеге сүйенеміз,сол ережені дұрыс меңгерсек,оны жүзеге асырғанда біздің біліміміз болары анық.
Маған «Кім тапса,сол айтып берсін» деген сергіту жаттығуы ұнады.
«Сөйлем мүшелері-1» тақырыбы бойынша
1.Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты тап.
А) Біз үшеуміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз
В) Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты.
С) Мен өзім де сізден осыны сұрағалы отыр едім.
Д) Ауылдың маңы—терең сай Е) Сұрап отырғаны—осы
2. Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді тап.
А) Оның бос сөзді сүймейтін,жақтырмайтын мінезі бар.
В) Шәкенді,Баймағамбетті,Ерболды бұл сөз күлдірді
С) Жиренше Абаймен көп сөйлесті,ұзақ ақылдасты.
Д) Көп сөз—көмір, аз сөз—алтын. Е) Еріншектің ертеңі бітпес.
3. Күрделі сан есімнен жасалған баяндауышты тап.
А) Осы араға жиналғанымыз жетеу В)Жиналысқа келгендері—он-ақ адам
С) Жеті жердегі жеті—қырық тоғыз Д) Оның жасы жирмада
Е) Оның қасиетті саны –бес
4. Себеп пысықтауышты тап.
А) Батпаған ай батыстан қарап тұрды.
В) Кешеден бері сақтаған нанды жеп отырмын. С) Бала кітап алғалы келіпті
Д) Сен мұнда ойнауға келген жоқсың,білім алуға келдің.
Е) Ол табанда ақшасын өндіріп алды.
5. Қашанғы?қайдағы?-қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?
А) пысықтауыш В) анықтауыш С) бастауыш
Д) толықтауыш Е) баяндауыш
6. Сөйлем құрауға негіз болатын сөйлем мүшесін тап.
А) баяндауыш В) анықтауыш С) пысықтауыш
Д) толықтауыш Е) айқындауыш
7. Бірыңғай анықтауышты тап.
А) Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.
В) Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды.
С) Біз таудың ең биік шыңына шықтық.
Д) Оның әкесі—кең жауырынды,ұзын бойлы кісі.
Е) Мария Бәкенді де,оның ағасын да үйіне алып жүрді
8. Мезгіл пысықтауышты тап.
А) Ер жолдасы—тәуекел. В) Олар Абаймен біресе жарысады,біресе қалжыңдасады
С) Олар екі күннен кейін келіп қалар.
Д) Жұрт Дәметкеннің қылығына әрі сүйсінді,әрі аяды.
Е) Ауыл жастары бұндай нәрселерге қызықпайды.
9. Асты сызылған сөздердің қайсысы өзгелерінен басқа қызметте жұмсалып тұр?
А) Жақсы сөз-жарым ырыс В) Ол қазақша жақсы сөйлейді.
С) Оның жақсы іске жаны жолдас
Д) Ол көршілерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан.
Е) Ол жақсыкиімдерді таңдап алды.
10. Қай сөйлемде іс-қимылдың мезгілін білдіретін сөз бар.?
А) Марат бұл жерге екі рет келді. В) Ат баспаймын деген жерін екі басады
С) Олар бұл жерге екіде келді. Д) Олар сыныпқа екі-екіден кірді.
Е) Ол алманың екеуін алды.
5.Шығармашылық жұмыс \дәптерге\
«Табиғат-тал бесігім»
6. Венн диаграммасы
7. рефлексия