?аза? тілі п?нінен Лексикадан ?ткенді ?айталау та?ырыбында?ы саба?


Күні:Пәні:қазақ тіліКласы: 5
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: бұрынғы өткен сабақтан алған
мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды
нақтылау, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте
берік қалдыру .
Дамытушылық: оқушылардың қазақ тілінен ойлау қабілетін
дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз
мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді қорыту және жүйелеуСабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, тілдік талдау, жаттығу, топтастыру.Сабақтың көрнекілігі: үлестірме парақша, интерактивті тақта, бағалау жетондары, тірек сызбалар.Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеру;
II. Үй тапсырмасын сұрау
1)201-жаттығу
2) Термин сөздер туралы түсінік;
III. Жаңа сабақ
І. Сауаттылық сатысы1.Лексика сөзі қандай ұғым береді?2.Лексика дегеніміз не?3.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?4.Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?5.Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не? Мысал келтір.6.Омоним дегеніміз не? Мысал келтір7.Синоним дегеніміз не? Мысал келтір8.Антоним дегеніміз не? Мысал келтір9.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?10.Көнерген сөздер дегеніміз не?Қайталау – оқу анасы
І топ. 209-жаттығуІІ топ. 210-жаттығуІІІ топ. 211-жаттығу
Ізденген жетер мұратқа
1-тапсырма І топ
Мына сөздерге синонимдік сөздер табыңдар. Жазған сөздеріңнің басқы әріптерінен синоним деген сөз шықсын.
көркем с жақсылық и келбет н епсіз о сенім н жасқану и қоныс м 2-тапсырма ІІ топ
Антонимін тауып жазыңдар.
к е ң а р а з ж а қ с ы а қ ы л д ы е л г е з е к с а л м а қ т ы III топ. Берілген сөздерді қатыстырып омонимді сөйлемдер жазыңдар. Жаз. Арық. Түс. Жақ.
ІІІ. Білімдіден ақыл шығар
Мына мақал –мәтелдердің жалғасын тауып жазыңдар
1. Балапан ұяда не көрсе, ...........
2. Жүйелі сөз- жүйесін табар, .............
3. Ұлдың ұяты – әкеге, ............
2. Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын анықтаңдар.
р/с Тұрақты сөз тіркесі Мағынасы Сұрағы
1 Ит арқасы қиянда 2 Қас пен көздің арасында 3 Тепсе темір үзеді 4 Ас қайырды 5 Бармағын тістеді 3. Әр пәнге байланысты термин сөздерді жазыңдар
Әдебиет –
Математика-
Тарих-
География-
Қазақ тілі-
28194002540сөз
ра
рар
дің
сы
ер
са
ө
ыс
сөз
сы
қи
қиын
на
пат
да
шасы
нан
ты
лең
00сөз
ра
рар
дің
сы
ер
са
ө
ыс
сөз
сы
қи
қиын
на
пат
да
шасы
нан
ты
лең

«Ой қозғау»
Сағат тілінің бағытымен
395478017145 Мына дөңгелектің ішінде
әріп пен буындар жазылған
жиырма кішкене дөңгелек
орналасқан не жазылғанын
шешу үшін бірінші
дөңгелекті тауып алып,
сағат тілінің бағытымен әр
уақытта саны бірдей
дөңгелектерді тастай отырып
оқығанда, Абайдың атақты
қанатты сөзі шығады.
Сабақты қорытындылау
«Топтастыру» стратегиясы бойынша
-11430095885Сөз мағыналары
Лексика
Тура мағына
Ауыспалы мағына
Омонимдер
Синонимдер
Антонимдер
00Сөз мағыналары
Лексика
Тура мағына
Ауыспалы мағына
Омонимдер
Синонимдер
Антонимдер

5194300131445Көп мағыналы
00Көп мағыналы

Үй тапсырмасы212-жаттығу