?аза? тілі 4 сынып, С?йлемні? дара ж?не к?рделі м?шелері


Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Подстепный ауылы
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
ІІІ деңгей бойынша сертификатталған І санатты бастауыш сынып мұғалімі: Т.М.БейбитоваҚазақ тілі Тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
ҚМЖ Тексерілді:
Сабақ Қазақ тілі
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері Мектеп: Подстепный қазақ ЖОББМ
Күні: Мұғалімнің есімі: Бейбитова Т.М.
Сынып 4 ә Қатысқандар саны: 21 Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушылар сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы біледі,берілген тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Оқушылар сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы біледі,берілген тапсырмаларды орындай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Сөйлем мүшелеріне талдау үлгісін пайдаланып, сөйлемге талдау жасай алады.
Кейбір оқушылар:
Шығармашылық тапсырмаларды, жатқа жазуды орындап, сөйлемнің дара және күрделі мүшелеріне талдау жасайды.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Өз ойын жеткізе алады, синтаксис жөнінде әңгімелей алады.. ... (істей алады)
Негізгі сөздер мен сөз тіркестер:
Синтаксис, сөйлем түрлері, сөз тіркесі, сөйлем мүшелері дара және күрделі
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар: (тыңдалым)
Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім... сөйлем мүшелері...., өйткені... Сен қалай ойлайсың?
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? (айтылым)
Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім...
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Сөйлем – предложение -sentence
Алдыңғы оқу Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сұрақтарға жауап береді, пікірлерін айтады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (ескертпелер) Оқу үшін бағалау Ресурстар
Басталуы І Кіріспе. Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу)
Тренинг: « Бәріңе сәттілік тілеймін!» Сабаққа дайындығын тексеру.
-Қазақ тілі онкүндігіне байланысты өз ана тіліміз туралы өлең айтайық.
Қ.Мырза Әлі: «Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте!
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!»
-Мемлекеттік тіліміз-?
-Ұлтымыз-?
-Қай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан қандай мемлекет?
Топқа бөлу.
І «Қазақстан» ІІ «Отан» ІІІ «Астана» ІV «Тәуелсіздік»
-Осы сөздерді пайдаланып, әңгіме құрап көр.
Шығармашылық тапсырмалар топтамасы:
1. « Менің Қазақстаным» тақырыбында көршіңмен сұхбаттас.
223710510414000 жерітәуелсіз елөзен-көлі
1541780138430Қазақстан
00Қазақстан
29133801727200013887456223000
12179304508500атақты адамдарықалалары
1218565-6350002713355-63500022371059842500
батырлары
Мемлекеттік рәміздері Елбасы өнері
2.Кестені толықтыр:
Сөйлемнің дара мүшесі Сөйлемнің күрделі мүшесі
...................... ....................
....................... .....................
*Тапқан күрделі мүшелеріңді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
Өткенді қайталау. Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сұрақтарға жауап береді, пікірлерін айтады.
Ереже: Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасала береді.
Жеке бір сөзден жасалған сөйлем мүшесін дара мүше деп атайды.
Екі не одан көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін күрделі мүше деп атайды.
321818039370Сөз тіркесі
00Сөз тіркесі
5588039370С
И
Н
Т
А
К
С
И
С
00С
И
Н
Т
А
К
С
И
С

408305736600040830538989000
215138088900Сөйлем
00Сөйлем

301815515176500254190515176500111315515176500
2303780154305құрылымы
00құрылымы
3942080154305құрамы
00құрамы
401828045148500431355545148500132080154305Айтылу мақсатына қарай түрлері
00Айтылу мақсатына қарай түрлері
855980571500004083055715000086550557150000230378054292500265620554292500
хабарлы сұраулы лепті жай құрмалас сөйлем оқшау сөз
22466309080500 мүшелері (қаратпа,
36277556794500 қыстырма)
жалаң
тұрлаулы
тұрлаусыз
жайылма
Жаңа сабаққа кіріспе. Сөйлемнің дара, күрделі мүшелері
Сабақ мақсаты мен табыс критерийін бірге анықтау.
Сөйлемнің дара, күрделі мүшелері дегеніміз не? Мұғалімнің амандасуы
Сенім білдіру, ынталандыру
Табыс критерийі:
1. Оқушылар сөйлемнің дара және күрделі мүшелеріне берілген тапсырмаларды орындай алады.
2. Сөйлем мүшелеріне талдау үлгісін пайдаланып, сөйлемге талдау жасай алады.
3. Шығармашылық тапсырмаларды орындап, сөйлемнің дара және күрделі мүшелеріне талдау жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.
«Оқушының бастапқы және соңғы деңгейлері арасында байланыс орнату» идеясына сәйкес
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс Ортасы ІІІ.Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Мен Отанымды сүйемін.
35-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Қарамен жазылған сөйлемнен күрделі мүшені тап.
Мұнда жұмыр бас кесіртке де тіршілік етеді.
Сөйлем мүшелеріне талда.
Терең ойлау тапсырмалары: 36-жаттығу. Кестені толықтыр.

Сөйлемнің дара мүшесі Сөйлемнің күрделі мүшесі
Шығармашылық тапсырма:*Тапқан күрделі мүшелеріңді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
37-жаттығу. Өлеңнен күрделі мүшелерді теріп жаз. Ә.Тәжібаев
- Ә.Тәжібаев кім?
- Оның саған қандай өлеңдері таныс?
-1270127000
Әбділда Тәжібаев - туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Атақты ақын Нартай келіп, Әбділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. Ә.Тәжібаев "Күй атасы", "Ақын", "Портреттер" аталатын дастандары бар.Әдебиетті зерттеумен де айналысты. Балалар тақырыбына да қалам тартты.
Ә.Тәжібаев (1909ж. т.)-ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым. Филология ғылымының докторы, проф., Қазақстан Республикасының халық жазушысы. Оның «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай» және 5 томдық жыр жинақтары жарық көрген. «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Той боларда» т. б. пьесалары қойылған. «Өмір және поэзия», «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы», «Жылдар, ойлар» т. б. зерттеу еңбектерін жазған. Т. Абайтану мәселесіне де белсене араласып, ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері мен шеберлігі тақырыбын сөз ететін мақалалар жазды.1998 жылы 90-ға қараған шағында дүние салды.
... Есімде жоқ шын суреті,
Әкем менің қандай кісі.
Тек елестей бұлдырайды
Әлдекімнің көлеңкесі,-деп әкесі жайында жазған.Әкесі Ә.Т. 6жасында қайтыс болған.
Өлең мәтініне сүйеніп, табиғат таңғажайыптары туралы әңгімелеп көр.
Терең ойлау тапсырмалары: 38-жаттығу. Ребусты дұрыс шешсең, Абай өлеңінің екі жолы шығады.
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
Терең ойлау тапсырмалары: Өлеңдегі дара және күрделі мүшелерді тауып, дәлелде.
Бұл – күрделі мүше, өйткені ......................................................................
Жұпта, топта талқылайды.
Бағалау критерийі:
1.Берілген жаттығуларды түсініп, тапсырмаларын өз бетіммен орындадым.
А) берілген әр жаттығудағы тапсырмаларды толық түсініп, қатесіз көшіріп орындай алдым. 5 ұпай
Ә) жаттығуларды көшіріп жаздым, күрделірек тапсырмаларды толық орындай алмадым.3 ұпай
Оқушы ойын дәлелдейді.
«Басбармақ» әдісі
«Шешімдері алдын-ала анықталмаған тапсырмаларды зерделеу» идеясы Оқулық 53-52-бет
Электронды оқулық
сызба, кесте
Аяқталуы Тапсырма: Отан, туған жер туралы өлең айтып көр.
Мұқағали Мақатаев «Отан»
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!!!
Сабақты қорытындылау.
- Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік?
-Сөйлем-?
- Сөйлем мүшелері-?
-Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері -? Мысал келтір.
Ойын: «Буындардан сөз құра». «Тә-уел-сіз-дік-ке 25 жыл!»
Тәуелсіздіктің кілті – бірлікте, ел болашағы –сендерсіңдер, жақсы оқып, білімді болыңдар!
Бағалау.
Үйге: 40-жаттығу, 52-53-бет. Табыс критерийі:
1. Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері түрлеріне берілген тапсырмаларды орындай алдым.
2. Сөйлем мүшелеріне талдау үлгісін пайдаланып, сөйлемге талдау жасай алдым.
3. Шығармашылық тапсырмаларды орындап, сөйлемнің дара және күрделі мүшелеріне талдау жасай алдым.
«Кері байланыс күнделігі»
1.Мен сабақта бәрін түсіндім, ....................................................
мыналарды орындай аламын.
2.Мен түсінбедім, ................
..................... мен үшін қиын болды.
3. Бүгінгі сабақта мен (қандай оқушы болдым?) ................................................ Қосымша ақпарат