?аза? тілі С?йлемні? дара ж?не к?рделі м?шелері. 4 сынып


18.10.16 ж
Тексерілді: Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Т.Жунусова Қазақ тілі 4 сыныпТақырып: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың дара және күрделі түрлері туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен дара және күрделі сөйлем мүшелерін табу арқылысұрақ қоюға үйрету.Сөйлем мүшелерін ажырата білуін, сөйлемнің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілетін,тілін дамыту.Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін тиянақтау, дамыту.Елімізді, жерімізді, туған тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер,,тірек - сызба, слайд
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тірек – сызба,суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану,әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру.Амандасу.
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым,дара тілім!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
30-жаттығу .Берілген күрделі мүшелерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
-Күрделі мүшелердің қай сөз табынан жасалғанын айт.
(Жазып келген сөйлемдерін оқыту. Бір баланың жазған сөйлемін алу, сөйлем мүшелеріне талдау. Сол сөйлем арқылы жаңа сабақты түсіндіру.)
Өткенді еске түсіру. Миға шабуыл- « Біз не білеміз?»
- Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?( хабарлы,сұраулы,лепті сөйлем)
--Сөйлем мүшесі дегеніміз не?(Сөйлем мүшесі деп сөйлем құрамында тұрып, белгілі бір сұрауға жауап беретін толық мағыналы сөзді, сөз тіркесін атаймыз)
-Сөйлемнің қандай мүшелері болады?(Сөйлем мүшесі кызметіне карай тұрлаулы және тұрлаусыз мүше болады)
-Сөйлемнің дара жәнекүрделі мүшесі дегеніміз не?Сөйлем мүшесі дара сөзден де, күрделі сөзден де жасалады. Жеке (немесе бір) сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің дара мүшесі деп аталады. Екі немесе бірнеше сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп аталады.
ІІІ. Жаңа сабақ
Әр қатардың оқушылары сөйлемнің күрделі мүшелеріне мысалдар жазу. Тез әрі дұрыс жазған қатар жеңіске жетеді.
Сан есім Сын есім Етістік
-Көріп отырғанымыздай сөйлем мүшелері дара және күрделі болады екен. Ендеше, бүгінгі біз бүгінгі сабағымызда Сөйлемнің дара және күрделі мүшелеріне байланысты әртүрлі тапсырмаларды орындау жұмыстарын жалғастырамыз. Ереже шығарып, сөйлем мүшелеріне талдаймыз. Қазір дәптерлерімізді алып бүгінгі күнді жазып қояйық.
Көркем жазу минуты
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
35–жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Қарамен жазылған сөйлемнен күрделі мүшені тап.Ол қай сөз табынан жасалған?
Мұнда жұмыр бас кесіртке де тіршілік етеді.
Кесірткелердің көптеген түрі жерде жүреді, ағашқа, бұтаға өрмелей алады, құмға батып кететін түрлері де бар (бат-бат кесіртке). Жұмырбас кесірткелер – агама тұқымдасының бір туысы. Батыс және Орталық Азияның құмды жерлерінде мекендейтін 30-дай түрі белгілі. Денесі жалпақ, басы жұмыр, артына қарай иілген құйрығы бар. Денесінің ұзындығы 25 см-дей. Денесі бірыңғай ұсақ қабыршақтармен жабылған. Аяқтары жақсы дамыған. Жұмырбас кесірткелерде алқым (тамақ) қапшықтары болмайды. Түсі өзі тіршілік ететін топырақ түстес болып келеді.
36–жаттығу. Кестені толықтыр.
Сөйлемнің дара мүшесі Сөйлемнің күрделі мүшесі
Шекпен
.....
.......
Тұр
...... .....
Жеті күн
Он тоғыз
......
Сары ала
*Тапқан күрлелі мүшелеріңді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Шекпен — жүннен тоқылатын сырт киім. Шекпен тек қана түйе жүнінен тоқылады. Күзеп алынған түйе жүнін шаң-тозаңынан арылтып, одан соң қолмен майдалан түтеді де, шүйке жасайды. Шүйкеленген жүнді ұршықпен иіреді. Шекпен тоқитын жіп өте жіңішке болады. Иірілген жіпті екі ағаштың арасынан ыспалап өткізіп, оның буылтықтарын кетіріп қайта өңдейді. Шекпен де терме бау тоқитын өрмекпен тоқылады. Тоқылып болған кездемені кәдімгі матадан киім пішкендей етіп өлшеп, шекпен пішеді. Шекпенді жазда киеді. Оған қара барқыттан не болмаса басқа тыстық матадан қаптал жаға (дөңгелек жалпақ жаға) салып, етек жеңін сондай матамен көмкеріп әдіптейді.

37-жаттығу.Өлеңнен күрделі мүшелерді теріп жаз.Өлең мәтініне сүйеніп,табиғат таңғажайыптары туралы әңгімелеп көр.
Отырмын айдын көлдің жағасында,
Көл жатыр үйреншікті жағасында.
Жағалай жасыл бұйрасыңсиды орман,
Қосылып таңғажайып жарасымға. (Әбділда Тәжібаев)
Әбділда Тәжібаев (1909-1998 ж. т.) - ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым. Филология ғылымының докторы, проф., Қазақстан Республикасының халық жазушысы.
Оның «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай» және 5 томдық жыр жинақтары жарық көрген.
38-жаттығу.
Ребусты дұрыс шешсең,Абай өлеңінің екі жолы шығады.
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
(Өне бойы егіліп,
Жас ағады аулақта).«Көкала бұлт сөгіліп...» – Абайдың1896 ж. жазған өлеңі4 тармақты 2 шумақтан тұрады. Ақын адам баласының табиғат перзенті екенін, оның көңіл-күйінде «көкала бұлт сөгіліп, кей шақта күннің жауатынын» тамаша салыстыру арқылы әсем суретпен аңғартқан. Табиғаттың нұрынан «жер көгеріп, күш алса», адам жанының егілуі қасірет қатпарын қалыңдатып, іші-бауырды өртей түсетінін, үгіліп, кеміп қалатынын тереңдікпен айтқан. «Көкала бұлт сөгіліп, Күн жауады кей шақта, Өне бойың егіліп, Жас ағады аулақта» деп, Абай егілген көңіліне табиғаттан демеу тілейді, табиғаттай жаңғыра алмайтынына мұңаяды.
39-жаттығу.Жұптық жұмыс
«Менің Қазақстаным» тақырыбында көршіңмен сұхбаттас.

Шығармашылық тапсырма.Өлең құрау,күрделі мүшені тауып сызу
Айналамда ұшып жүр,
............... жапырақ.
..............................
Сары ала атырап.
Сабақты қорытындылау
-Сөйлемнің дара мүшелері деген не?
-Сөйлемнің күрделі мүшелері қандай сөз таптарынан болады екен?
Бағалау,мадақтау
Сабаққа белсене қатысқан ,тақтаға шыққан оқушыларды бағалау,мадақтау .
Үй тапсырмасын беру
40-жаттығу,Тірек сөздерді пайдаланып, «Астана»тақырыбына әңгіме құрастырып жаз.