ашы? саба? ?аза? тілі 4 сынып С?йлемні? біры??ай м?шелері


Қазақ тілі /4 сынып/
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
Сабақтың мақсаты:
1.Қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне ғана жалғанатынын байқату және олардың тыныс белгілерін таныту.
2.Оқушылардың танымын кеңейту, дәлелді сөйлеуін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Өз- өзіне сенімділіктерін арттыру, табиғат туралы сөйлемдер арқылы табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, үлестірмелі парақшалар, ойын- жаттығу, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, жаттығу, іздену, жүйелеу.
Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.
ә) психологиялық дайындық
Күндей нұрланып,
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 52- жаттығу. Қайталау сұрақтары:
а) –Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?
-Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
-Сөз тіркесі дегеніміз не?
- Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
- Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
ә) Біліміңді тексер: «Ой- қозғау». Сөйлемдерді оқы, дәлелде.
1.Жусан, изен, ебелек- шөп атаулары.
2.Тас үйдің іші салқын, жайлы.
3. Сілеусін- азулы, тырнақты, мықты аң.
4. Қайрат үй ішін асықпай, таппен қарап шықты.
Дәлелдеу:
18110209271000 Олардың бәрі бір ғана сұраққа
жауап береді.
18116551384300018110207175500 Бұлар- бірыңғай мүшелер, Сөйлемде бір мүшенің ғана
өйткені қызметін атқарады.
Бәрі бір сөз табынан болады.
ІІІ. Жаңа сабақ. (интерактивті тақтамен жұмыс)
1.а) Орманда қайың, тал, теректер өседі.
ә) Орманда ақ қайың, құба тал, көк теректер өседі.
б) Мәди қояндарға сәбіз бен картоп берді.
г) Алтайдың қарлы шыңдарында бүркіттер де, ұларлар да мекендейді.
2. Сөйлемдер арқылы ережелер шығару.
а) Қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне жалғанады.
ә) Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тіркесінен де тұрады.
б) Бірыңғай мүшелер және, пен, бен, мен шылаулары арқылы жазылғанда үтір қойылады.
в) Да, де, та, те шылаулары қайталанып келсе, үтір қойылады.
IV.Оқулықпен жұмыс.
а) Ережені оқыту.
ә) Жаттығу жұмыстары.
53- жаттығу. Өлеңді нақышына келтіріп оқу. Бірыңғай мүшелерді тап. Бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне назар аудар. (ауызша)
Жау, жау, жаңбыр тағы да,
Дала, тауға көрік бер.
Менің еккен бағымда
Өссін жүзім, өріктер!
54- жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Жатқа жаз. Бірыңғай мүшені тап. Оның сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айт.
Гүл секілді.
Қызарады, көктейді.
Күн секілді,
Бірақ нұрын төкпейді.
V. Сызбамен жұмыс. Сызба бойынша сөйлем құрап жаз. (топтық жұмыс)
а)
ә)
б)
VI. Өзіндік жұмыс. 56- жаттығу. Сөйлемді көшіріп жазып, бірыңғай мүшелерді тап.
Әркім күрек, сүймен, зембілдерін ала барды.
Бүгін Әсел, Айнұр, Сәулелерді кездестірдім.
Қаз, үйректің балапаны өте нәзік болады.
VII. Сергіту сәті.
Ана, бала, қала, дала, айнала.
Ай менен күн, жұлдыз, аспан, табиғат.
Шөбі жұпар, суы кәусар сай- сала.
Бүкіл әлем аманбысың, жамиғат!
VIII. Ойын- жаттығу. Аспан көгінде күн болсаңдар адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар едіңдер?
кішілік
25222196413500183959529083000
31280101320800092519512700000жарқындық мейірімділік
2863850349885007924806286500170688034988500302895015176500
сұлулық жылулық
сергектік кісілік
ІХ. Тақтамен жұмыс. 57- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелерді тап. Олардың арасына қандай жағдайда үтір қойылмағанын байқа.
Серік пен Сәкен театрға бірге келді. Орманда аю, түлкі, қасқыр және сілеусіндер кездеседі. Олардың бақтарынан лма, алмұрттың, шие мен шабдалының неше түрін кездестіресің. Күндіз де, түнде де қар жауды.
Х. Үлестірмелі парақшалармен жұмыс.
1.Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастыр.
Ерінбейтін оқушы, күнге күю, кірпіш үй, автобуспен бару, кешкі салқын, сары жапырақтар, жоғары көтерілу.
2. Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді тауып, тыныс белгісін қой.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Тұз астың дәмін келтірер, мақал сөздің дәмін келтірер. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді.
3. Өлең жолдарынан бірыңғай мүшелерді тауып, тыныс белгісін қой.
Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,
Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып.
Тулаған аққан бұлақ тасқынында
Асаудай ойнақ салар балық шоршып.
(Ж.Жабаев)
4. Сөйлемдерді оқып, тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.
Жер Күнді айналып отырады. Оқушылар сенбілікке қатысты. Айман сабақты үздік оқиды. Арықтан су ақты.
ХІ. Шығармашылық жұмыс. Көп нүктенің орнына мағынасы сай келетін бірыңғай мүшелерді қосып жазу.
Ұқыпты оқушы..........., ............... , болады. Олардың .........., ........., ........... , ......... (әр) (жерде) өз орнынан табтады. Ол ..... , ....... , ......... жиі жуып тұрады. Оған .......... , ........... риза болады.
ХІІ. Сабақты қорыту. – Бүгінгі сабақта не өттік? – Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы не білдік?
ХІІІ. Бағалау.
ХІV. Үйге тапсырма. Ереже. Бірыңғай мүшелер. 58- жаттығу.