С?йлемні? т?рлаулы, т?рлаусыз м?шелерінен ?ткенді ?айталау


Тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың сөйлем мүшелерінен алған білімдерін нығату, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру;
ә) оқушыларды адамгершілікке, адал достыққа, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу;
б) ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру;
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, тірек сызба.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың эпиграфы: Досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңісіңді көрейін!
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақ
Бекіту
Бағалау
Үйге тапсырма
Ұйымдастыру:
Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығы, оқу құралдарының толықтығы, оқушы назарын сабаққа аудару.
«Дос» сөзінің мағынасын ашу.

ДОС
Татулық
АдалдықҚамқорлық

Сенім Жанашырлық
Мейірімді
Топқа бөлу:
І. Дарындылар
ІІ. Білімділер
ІІІ. Білгіштер
Жедел сұрақ (деңгейлік тапсырмалар)
Талдау –табыс кілті (талдау, анализ жасау)
а) дос – сыртыңнан мақтар,
дұшпан – көзіңе мақтар.
ә) ас барында дос жоқ,
ат барында той жоқ.
б) жақсы дос пайдасын тигізбесе де, зиянын тигізбейді.
3. Синтез жасау (топтау, біріктіру)
Атауы: «Мен, мен, мен едім»
Бастауыш
Анықтауыш
Пысықтауыш
Толықтауыш
Баяндауыш

4.Менің орнымды тап: (сызықшаны дұрыс қой)
А) Мақсатым жақсы оқу
Ә) Махамбет қазақ поэзиясының қомақты орын алатын ақын
Б) Бұл ұлттық тәрбиенің өзекті мәселесі
В) Толғау ақын ой-сезімінің, тебіренісінің жыры.
5.Ширату (мақал-мәтел құрастыру)
Хат, балық, тұз, ақша, кілт, кеме, мақта, ою, ине.
6.Шығармашылық жұмыс
Бағалау: әр баланы сабаққа қатысымы бойынша бағалау
Үйге тапсырма: «Менің жанұям», «менің досым» тақырыптарына шағын шығарма жазу,бес сөйлем талдау.