Разработка урока по казахскому языку «С?йлемні? т?рлаулы м?шелері».


Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі пәнінен «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» тарауы бойынша сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдана отырып «Бастауыш» тақырыбын меңгерту.
Жобаны дайындаған оқытушылар:
Алматы облысы, Текелі қаласы
№1 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
Бақадырова Жанна Жеңісбайқызы
Тақырыбы Қазақ тілі пәнінен «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» тарауы бойынша сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдана отырып «Бастауыш» тақырыбын меңгерту
Жалпы мақсаты Сөйлемніңтұрлаулы мүшелері туралы түсінік бере отырып, бастауыштақырыбынмеңгерту.
Жоба жұмысының міндеттері Тұрлаулы мүшелерді негізге алу;
Бастауышты меңгертуде СТО технологиясын қолдану;
Күтілетін нәтиже Бастауышты сөйлем ішінен таба білуге мүмкіндік алады, сөйлемдерді талдауға дағдыланады.
Оқыту технологиялары Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы
Оқыту әдістері Миға шабуыл, «Кластер» әдісі, Семантикалық карта, «Синквейн» әдісі, «Инсерт» кестесі, «Сенемін-сенбеймін» әдісі
Сабақтың техникалық құралы Интербелсенді тақта
Ұйымдастыру кезеңі
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру
 Балалар, бәріміз де назарымызды тақтаға аударайық.
Таңертең де, түсте де
Көкке бетін бұрады.
Жылылығын баршаға
Төгеді де тұрады.
Бұл не?
Күн
1-тапсырма. «Миға шабуыл» стратегиясы
1.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2.Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
3.Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
2-тапсырма. Кластер әдісі
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері


Баяндауыш
Бастауыш


Не істеді? Қайтті?
Кім? Не?Кімдер? Нелер?

3-тапсырма. Семантикалық карта
Сөздер Бастауыш Баяндауыш
оқушы + келді +
сырғанады +
жазды +
ойыншық + машина + 4-тапсырма. Синквейн әдісі
Ұстаз
Ақылды, ізденімпаз
Оқытады, еңбек етеді, үйретеді
Шәкірттерін білімді етіп шығарады
Ұстаз –шебер
Сергіту сәті «Кім жылдам?» ойыны
1. Қолына раушан гүл ұстаған қыздың атын білесің бе?
                                                                                        (раушангүл)
2. Қоянбаев Әсет орманда қандай аңды көрді?
                                                                             (қоян)
3. Ертеде талды қорған болған қала қазір қалай аталады?
                                                                                          (Талдықорған)
5-тапсырма. Шын мен өтірік арасын ажырату әдісі
Сұрақтар иә жоқ
Тұрлаулы мүшелер: анықтауыш,пысықтауыш, толықтауыш +
Тұрлаулы мүшелер төртке бөлінеді +
Бастауыштың сұрақтары кім? не? + Бастауыш жатыс септікте тұрады +
Баяндауыштың сұрақтары не істеді? қайтті? + 6-тапсырма. Берілген сөйлемдердің ішінен бастауыш пен баяндауышты тауып астын сыз.
Сен қалаға келдің. Мерей Алматыда тұрады.Мектеп үлкен.Есік ашық тұр.Асқар ертең Астанаға жүреді. Шыңғыс төртінші курста оқиды. Студенттер дәрісханаға кірді.
7-тапсырма. Мақалдың жалғасын тауып , екі тілде (қазақша,орысша) баламасын айту.
Әке -.... (бала, ребенок)Әке – асқар тау,Ана – бауырындағы бұлақ,Бала – жағасындағы құрақ.
8-тапсырма. «Инсерт» кестесі
Білемін Білгім келеді Білдім
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін білемін Сөйлем мүшелерінің басқа да түрлерін білгім келеді Сөйлем мүшесі бастауыш туралы білдім
9-тапсырма. «Адасқан сөздер» ойынын ойнай отырып, жаттығу жазу.Арыстан ---------- боздайдыТүйе --------------- мөңірейдіЖылқы ----------- ақырадыҚой ---------------- кісінейдіСиыр -------------- маңырайды
Үйге тапсырма беру.
Ереже жаттау.
Тұрлаулы мүшелерді қатыстырып үш сөйлем құрау