Бір саба??а жеті модульді ы?палдастыру


« n-дәрежелі арифметикалық түбірдің қасиеттері » тақырыбы бойынша өткізілген сабақта жеті модульді ықпалдастыру
Қазіргі таңда білім берудің Кембридж тәсілдеріне негізделген сындарлы оқыту теориясы ұсынылып отыр. Бірінші бетпе-бет кезінде алған теориялық білімімді практикада ұштастыру мақсатында өзім жұмыс істейтін О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған физика- математика орта мектеп интернатында 9 сынып оқушыларымен эксперимент жасадым.Тәжірибе кезіндегі 9-сынып оқушыларына өткізген сабағымда жеті модульді ықпалдастыруға мүмкіндігімше тырыстым. Бұл мектепте математика пәні тереңдетіп оқытылады. Пән сынып оқушыларын 2 топқа бөліп оқытылады. Бұл оқытуда жеңілдіктер жасайды. Өткізген сабағым « n-дәрежелі арифметикалық түбірдің қасиеттері » тақырыбы бойынша өтті. Бұл сабағымда күтілетін нәтижем, дәстүрлі сабақтан айырмашылығын сезіну ,көру және сындарлы оқытудың теориясына негізделген жеті модульді ықпалдастыру бойынша оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеріп, есеп шығарумен қатар сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз ойын еркін жеткізу және диалогқа оңай түсу. Көшбасшыны, талантты және дарынды балаларды анықтау және оқушылардың бойында сенімділікті қалыптастыру арқылы оқушылардың осы қасиеттерін одан әрі дамытуға ықпал жасау. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігіне көз жеткізу. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды дұрыс қолдану арқылы оның маңыздылығын түсіну. Оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін үнемі ескеру арқылы олардың жақсы білім алып оны одан әрі дамытуды қамтамасыз ету. Бұл сабақ оқушыларға ерекше жаңалық сабақ болды. Бүгінгі сабақ қалай өтетінін түсіндіргеннен бастап оқушылар қызығып, сабаққа деген ынтасы жоғары дәрежеде болды. Бүгінгі сабақта оқушыларды топқа төрт суретті бөліктерге қиып, сол суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлдім. Оқушыларға топқа бөлінудің бұл түрі ұнады және көңіл-күйлері көтеріліп сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнады, сабаққа деген ынталары жоғары болды. Сабақ барысында топтық жұмыстар жасай отырып, бір-біріне түсіндіру барысында тиімді әдіс екеніне көздерін жеткіздім. Оқушылармен бірге топ ережесін қабылдадық, сабақ барысында топ ережесін сақтайтындарын айттым. Оқушылар көңіл-күй күнделігін толтырып отырды. Әр топта өздері топ басшысын сайлап алды. Топ басшысының міндеттерін қабылдады. Ол міндеттер: кімнің қалай жұмыс істеп жатқанын бақылайды; бағалайды; ұйымдастырады; рольдерді бөледі ; Ең алдымен оқушыларға арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қайталап еске түсірді. Екінші n-дәрежелі түбірдің функциясын қайталады. Жадыны жаңғырту болды.Осы екі тақырыпты қайталаған соң, соларды қолдана отырып , n-дәрежелі арифметикалық түбірдің қасиеттерін жазуға тапсырма берілді. Бұл үшеуін байланыстыру оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауына берілген тапсырмалар болды. Сонан соң сабақтың тақырыбы, n-дәрежелі арифметикалық түбірдің бес қасиеттері дәлелдеулерімен және әр қасиетке келтірілген мысалдар проэктор арқылы экранда көрсетіп қойдым. Оқушылар экраннан тапсырмаларының дұрыстығын салыстырып, тексеріп, толықтырды. Бұдан ары қарай да сыныпта орындалатын барлық тапсырмалар және үй жұмысына берілетін тапсырмалар экранда көрсетіп отырдым. Сабақтың бұл жерлерінде мен «оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулін кіріктірдім. Осы жаңа сабақта ЖИГСО әдісін пайдаландым. ЖИГСО әдісі «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» , «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модульдеріне кіреді. ЖИГСО әдісі бойынша парақта n-дәрежелі арифметикалық түбірдің бес қасиеттері дәлелдеулерімен және әр қасиетке келтірілген мысалдар жазылған тапсырманы төрт топқа бөлдім. Топтар 1,2 және 3,4,5 қасиеттерін дәлелдеулерімен және мысалдарымен бөліп алып өз топтарында талқылап, бір-біріне түсіндірді , түсініп болған соң топбасшының бөлгені бойынша басқа топтарға қонаққа барып , бір-біріне өздеріне бөлінген қасиеттерді түсіндіріп, бастапқы топтарына оралды. Өз топтарында алынған жаңа білімдерімен бөлісіп , пысықтайды. Осы жердегі оқушылардың топтық, жұптық жұмыс жасаулары, топта бірігіп жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында тапсырманы талдап, түсінбеген жерлерін бір-бірлеріне сұрақ қоюы, топ ішінде бір-бірлеріне түсіндіріп, зерттеушілік әңгіме жүргізулері, бірігіп қорытындылаулары оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктеріне кіреді (нұсқаулық 53- бет).Әр топтан бір оқушы жаңаны қалай игергені бойынша баяндады. Иляйлим бірінші қасиетті тұжырымдап түсіндірді. Мен: бұл қасиет тек екі көбейткіш үшін орындала ма?-деп сұрадым. Иляйлим: жоқ, көбейткіштер саны екеуден көп болған жағдай үшін де дұрыс болады, ол бірінші қасиеттен шығады деп, түсіндіріп дұрыс жауап берді. Бұл жерде оқушыны толығырақ жауап беруге итермелеу үшін түрткі болатын сұрақ қойдым. Екінші қасиет біріншінің салдары болатынын топ мүшелері дұрыс байқаған. Нұржан: бесінші қасиет төртіншіге ұқсас деп, тұжырымдамасын айтты. Жадыны жаңғырту, салыстыру, талдау, қорытындылау арқылы тұжырымдап айтқаны сыни тұрғыдан ойлау болып тұр. Мен: демек, бұл жерде не істеледі? Нұржан: түбірдің көрсеткіші мен түбір астындағы өрнектің дәреже көрсеткіші k санына қысқаратындығын айтты. Түрткі болатын сұрақ қою арқылы диалог орнады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің модулін диалогтік тәсіл арқылы ықпалдастырдым. Нұрай үшінші қасиетті тұжырымдап, дәлелін де түсіндіріп берді. Мен: сонда дәлелдеу үшін не істейді екенсің?-дегенге Нұрай: n дәрежелеймін деп кідірместен жауап берді. Жарас төртінші қасиетті тұжырымдады. Бұл жерде Фриман (1991) ұсынған ең үздік оқушыларды анықтайтын өлшемдерді: ойлау қабілеттерінің жылдамдығы, мәселені шешу, икемділікті көруге болады. Сонымен қатар сұрақтың дұрыс қойылуы, оқушылармен кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы оқыту үшін бағалауды қолдану арқылы оқытуды жақсартудың факторлары болып табылады ( нұсқаулық 60- бет). Оқушыларға екінші тапсырманы бес қасиетті түсінгендерін білу және есте сақтау үшін практикада қолдануға әр топқа деңгейлік есептер берілді. « талантты және дарынды балаларды оқыту», «оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» модульдерін осы жерде енгіздім. Тапсырманы орындап болған топ мүшелері екі қолын жоғары көтеріп тапсырманы орындап болғанын білдірді, бұл әрекетте оқушылардың өзін-өзі реттеу болып табылады. Орындалған тапсырмаларымен алмасып топтар бір-бірін тексерді. Әр топтан бір оқушы тапсырмалардың тексеру нәтижелерін баяндап отырды. Оқушылардың өз-өзін реттеп, бірін-бірі оқуды қалай меңгергенін формативті бағалауы «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі болып тұр. Диана:екінші топ сендер бірінші есеп бойынша ∙ 81 тастап кеткенсіңдер, екінші есеп бойынша 4∙5 дегенсіңдер ол жерде 15 болады , үшінші есепте қате жібергенсіңдер деді. Санжар: қайсысы?-деп сұрады. Диана қатесін көрсетіп, қорытындысында 12 есептің 9-ының дұрыстығын айтты. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болды(нұсқаулық 40-бет).Ерікті түрде диалог орнады. Диалогтың зерттеушілік әңгіме түрінің ең бастысы келісімге ұмтылумен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады(Мерсер, 2000; нұсқаулық 52- бет ) . Нұржан: үшінші топтың барлық есептері дұрыс екенін айтты. Мақпал: бірінші топта екінші және алтыншы есептерің дұрыс емес, бұл жерде қателескен жерлерің дегенше , бірінші топ мүшелері иә-иә білеміз деп айтқызбады. Мен: сонымен неше есеп дұрыс орындалған?-деп сұрадым. Мақпал: жетеуі дұрыс орындалған деп жауап берді. Абылай:төртінші топта шығарған жеті есебі дұрыс деді. Төртінші топ мүшелері біз үлгере алмадық деп жауап берді. Бұл жерде Фриман (1991) ұсынған ең үздік оқушыларды анықтайтын өлшемдердің: есте сақтау және білім, өз білімін жетілдіру, күрделілікке деген сүйіспеншілікті байқауға болады. Сабақ барысында барлық оқушылар белсенділік көрсетіп, берілген тапсырмаларды жылдам әрі сапалы жасай алды. Оқушылар тапсырманың критериін жасап жұмыстарын бағалады. Оқушылардың критерийлерді талдауы, сыныптасын және өзін-өзі бағалауы және жоғарыда айтылып кеткен сұрақтың қойылуы мен оқушылармен кері байланысты қамтамасыз ету оқушының өзін-өзі бағалауын дамытады. Осылайша, «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі кіріктіріледі. Критерий: барлығы 12 есеп, 11-12 «өте жақсы» 9-10 «жақсы» 7-8 «қанағаттандырарлық». Бұдан мен дәстүрлі білім беру жүйесінде оқушылардың бағаларын ашып айта алатынын түсіндім. Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады( нұсқаулық 56-бет). Болашақта бағалау жүйесін өзгертемін. Өзін-өзі реттеу мақсатында әр топтың топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап, сабаққа белсенділіктері бойынша бағалау парақтарын толтырып отырды. Барлық топтар тапсырмаларды орындау барысында көшбасшылар анықталды. « Оқытудағы басқару және көшбасшылық», « оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модульдерін осылайша ықпалдастырдым. Сабақтың соңында оқушылар сабаққа рефлексия жасады, бұл оларға өте ұнады. Мұның өзі бағалау болып табылады. Рефлексия: Бүгінгі сабақ жаңаша, ерекше өте қызықты өтті. Тақырыпты жақсы меңгердік. Әрқашан осылай өтетін болса жақсы болар еді. Дарынды, қабілетті балалар-өзінің бойындағы ерекше қабілеттері арқылы ең жоғарғы нәтижеге жеткен балалар. Ренцулли мен Райс (1985) «дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері, әрі олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім » деген пікір білдіреді. Гарднер субьектілер көп қырлы зияткерлікке (КҚЗ) ие деп есептеген(нұсқаулық 18-бет). Осыларды ескеріп, сабағымда оқушылардың пән бойынша бейімділіктеріне байланысты қиындығы жоғары тапсырмалар бердім. « талантты және дарынды балаларды оқыту» модулін осы жерде енгіздім. Оқушылардың барлығы берілген тапсырмаларды өз беттерінше жылдам әрі сапалы орындады. «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулін ықпалдастыруым, есте сақтау үшін тақырыпты меңгергенін тексеру мақсатында , қасиеттерді қолдануға берілген тапсырмалар болып табылады. Дарынды балалардың ішінен дарындылығы өте жоғары балалар айқындалды. Олар бәрінен жылдам, белгіленген уақыттан ерте орындап озып отырды. Ондай оқушылар күрделілігі жоғары қосымша тапсырмаларды тағы орындап бітіріп отырды. Сабақ соңында жаңаны бекітуге тақырып бойынша топтарға сұрақтар мен қасиеттерді қолданып шығаруға ауызша орындалатын тапсырмалар берілді. Мұндай жаттығулар ойлау жылдамдықтарын және есте сақтау қабілеттерін дамыта түседі. Экранда тапсырмалардың көрсетіліп тұруының өзі визуалды айғақ ретінде , ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға, есте сақтауға, түсініп білуге және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді, көмектеседі. Мұғалімнің тапсырманы түсіндіруінен көрі олардың өздері бірінбіріне үйретуі арқылы жылдам әрі жақсы түсінеді. Сабақ аяқталған соң оқушылардан сендерге дәстүрлі сабақ ұнай ма, әлде бүгінгі топ құру арқылы жаңа тәсілдермен оқыған ұнай ма?- деп сұрадым. Оқушылар бір дауыспен жаңаша оқыған ұнайды деп жауап берді. Мен: бүгінгі сабақ несімен ұнады?-деп қайта сұрақ қойдым. Абылай: ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Иляйлим: топпен жұмыс жасаған қызық. Айжан: топпен бірлесіп тапсырманы талқылағанда жақсы түсінеміз. Айым: түсінбеген жерлерімізді бір-бірімізден сұрап, түсініп аламыз. Жарас: өз бетімізбен оқығанда бірбірімізді толықтырып отыруға тырысамыз. Нұрай: неге бұрыннан солай оқымағанбыз? Бақдәулет: бұдан былай осылай жаңа тәсілмен оқысақ жақсы болар еді. Батыр: топтың күнде ауысып отыруы ,бір-бірімізбен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынаста боламыз. Оқушылармен осындай сұхбаттасқаннан кейін олардың өзгере бастағанын байқай бастадым. Себебі бұлай әңгіме айтпақ түгіл үндерін шығармай жүретін еді. Бұл тек бір сабақ жүргізгеннен кейінгі оқушылардың сабақ жөніндегі алған әсерлерінің өте жақсы болғаны соншалық, қуаныштарын жасыра алмай, шын көңілдерімен өз ойларымен бөлісіп ортаға салды. Бүкіл сабақ барысында ашық, жабық, сын тұрғысынан ойлауға беріліп отырған сұрақтар, тапсырмалар арқылы диалогтік тәсілдің орындалуы және тапсырмаларды оқушылар топта бірлесіп ойлауы, талдауы, қорытындылауы оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модульдерінің кіріктірілгенін көрсетеді. . Оқушылармен әңгімелесу олардың оқуға деген ынтасын көтереді. Сыныпта диалогті қолдану арқылы оқушылардың білім алу сапасына үлкен ықпал етеді. Ынтымақтастық атмосферасын құру көңіл күйлерінің жақсаруына, ынтаның артуына ықпал етеді. Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптары диалог, әңгіме түрі болып ойларын еркін жеткізулерін дамытады. Оқушылардың өзін өзі реттеуі мәдениетін көтереді, іс әрекетін реттейді. Талантты және дарынды оқушыларды оқыту логикасын дамытады. Түсіну дәрежесін бағалау оқушылардың өзін өзі және құрдастарын бағалай білуге үйретеді сонымен қатар одан әрі түсінсем, білсем деген табандылыққа итереді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену өмірдегі ситуациядан тиімді жолмен шығуға ықпал етеді. Сыни тұрғыдан ойлау Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Мерсер зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады (Mercer, 2000). (нұсқаулық 51-52-бет) осыны ескеріп сыни тұрғыдан ойлау модулі бүкіл сабақтың өн бойында орын алады дегім келеді. Жоғарыда көрсетіп кеткендей алдын ала даярланған тапсырмалар, дұрыс жауаптары, үй жұмысына берілетін есептердің үнемі экранда көрсетіліп тұрғаны, менің ақпараттық коммуникациялық технология модулін қолданғаным. Оқушылардың ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалануда басқа саладан ақпараттар алу,олардың келешекте өздеріне қажет негізін алатын шешім. АКТны пайдалану шығармашылықтарын дамытады, кітапқа қарағанда қызықты. Әрбір оқушы өз бетімен шығармашылығын дамытады. Дарынды және талантты балаларды анықтау, дарындылықтарын ашу және одан әрі дамытуда арнайы, деңгейлі тапсырмаларды біртіндеп қүрделендіру,ғылыми жобаларға, олимпиадаларға бағыттау арқылы осы модуль жүзеге асырылады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп оқытуда зейінін қарату, есте сақтау, жадыны жаңғырту, ой жүгіртуге бағытталған тапсырмалар беру арқылы жүзеге асады. Осы жерде менің айтып кеткім келгені Флейвелл және басқалар (1995) егер оқыту үдерісін ұғыну деңгейіне ауыстыра алатын болса, онда біз балаларға өзіндік ойлау үдерісін жақсы түсінуге, өзінің оқуын бақылауы мен ұйымдастыруын игеруге көмек бере алар едік деген пікірді ұсынды ( нұсқаулық 80- бет). Көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мысалы оқушылар арасындағы пікір-таластар, оқушылардың өздерінің іс тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, ұжымдық іс-әрекет (нұсқаулық 88-бет). Оқытудағы басқару және көшбасшылық модулі оқушылардың тапсырманы топтық жұмыс кезінде орындау барысында көшбасшылар айқындалып отырды. Тәжірибе кезінде сабақ жүргізген оқушыларымның кез келгенінің бойында көшбасшылық қасиеттері бар екенін көрдім, содан олардың әрқайсысы көшбасшы бола алады деп ойлаймын. Менің мақсатым оқушылардың осы қасиеттерін жоғарыда аталып кеткендей әдіс-тәсілдерді қолдана отырып дамыту. Жеті модуль идеясы өзара байланысты. Оқуды жоспарлаған кезде әр оқушының қасиетін және оқу бағдарламасы мазмұнын есепке алынуы тиіс. Оқушылардың өз қабілеттеріне сенімділігін, өзін өзі бағалауды дамытуға көмектесу. Оқушылардың өздерін жетілдіруіне сенімділігін дамыту.Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады. Оларға оқу оңай, олар оқу үдерісінен рахат алады. Оқушылардың өзін өзі бағалауды қалыптастыру, ұжымдық жауапкершілік сезімін дамыту. Ойлау қабілетін дамыту, сұрақ қою және жауап бере білуін дамыту. Бүгінгі таңда қажетті дағдыларды тез тіл табысқыштық, креативтілік, аналитикалық ойлауды қалыптастыру.( L3W2D2) Сыни тұрғыдан талдау, түсіну қабілеттерін дамыту. Келешекте модульдардың барлығын сабақтарға сапалы ықпалдастыру арқылы білім беру жүйесі жақсы дамиды деп ойлаймын.